Жаңалықтар

Қазақ мистикалық фильмдер топтамасы шығарылады

017_06Қазақ мистикалық фильмдер топтамасы шығарылады

«Nothern Creative Look» шығармашылық орталығы қысқаметражды мистикалық фильмдер топтамасын шығаруды жоспарлап отыр,-деп хабарлайды BNews.kz.

“Біз мистикалық кино түсіруге ыңғайлы жерлер іздеп Қазақстанның Қызылорда, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Перопавл сынды біраз қалаларында болып қайттық. Елімізде киноның барлық бағытында жұмыс істеуге болатын және қайталанбайтын жерлер көп екендігіне көзіміз жетті”, – дейді студияның компьютер графикасының маманы Руслан Баженов.

Жобаның режиссері Тахир Алиев: “Қазір біз түсірілімнің жоспарын жасап жатырмыз. Бәрін нақтылағаннан кейін «Шәкен Жұлдыздары» кинофестиваліне қатысуға өтініш бермекпіз”, – десе, оның әріптесі Олжас Ыбраев жазылып жатқан сценарий мен жаңа технологиялардың арқасында өзге фильмдерге ұқсамайтын, көрген адам ұмытпайтындай ерекше фильм түсіретіндіктерін айтты.

Мистикалық фильмдер топтамасы 2013 жылдың соңында көпшілік қауымның назарына ұсынылмақшы.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*