Жаңалықтар

Археологтар Түркістан қаласы IV-V ғасырдан бұрын салынғанын айтты

59c077Археологтар Түркістан қаласы IV-V ғасырдан бұрын салынғанын айтты

Түркістанға жасалған кезекті археологиялық экспедиция кезінде зерттеушілер шамамен б.э. 1 ғасырда бой көтерген сәулет өнерінің дерегін тапты. Енді ғалымдар қаланың іргетасы қалану мерзімі ертеде дегенді айтады.

Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Ерболат Смағұлов былай дейді:

«Бұл аркасы , бөлмелері, кіреберістері бар биіктігі 3-4 метрдей болатын сәулет құрылысы. Бір қызығы ғимараттың орталық бөлігі крест пішінінде орналастырылған. Кешен шамамен біздің эрамыздың бірінші ғасырындасалынған. Қала орнынан табылған жебе ұштары, керамика элементтері, қоладан жасалған және басқа да ұсақ-түйек заттар құрылыстың б.э. 1-2 ғасырында кірпіші қаланғанының айқын дәлелі. Бұл айғақтар Түркістан қаласы бүгінгі күнге дейін айтылып келген IV-V ғасырда емес, одан 400-500 жыл әріде бой көтергенін айғақтап тұр. Бұл қалыпты процесс, өйткені зерттеулер әлі жалғасып жатыр».


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*