Жаңалықтар

300 жылдық тарихы бар сауыт музейге қойылды

Шығыс Қазақстан облыстық Аягөз музейіне атақты батыр, белгілі жырау, қазақ әскерінің бас қолбасшыларының бірі Ақтанберді Сарыұлының Семей қаласынан табылған сауыты қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

db1d81d1758778fe6fc11495509749d8

 Бұл сауытты батырдың ұрпақтары 1920 жылға дейін сақтап келген. Сол жылдары Қытай еліне үдере көшкенде бабадан қалған аса қымбат та қастерлі бұл бұйым үшті-күйлі жоғалады. Кейін сауыт коммунистердің қолына түсіп, большевиктер оны белгісіз дүние ретінде музейге тапсырады.
Содан бері талай жыл музейде қараусыз жатқан көне жәдігерді қариялар танып, оның Ақтанбердінікі екенін айтқан. Сонымен қатар ғылыми зерттеулер де мұны растайды. Ескірген сауыттың қазіргі салмағы 10 келі шамасында.

Бекен Нұғманұлы, Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры:

– Аягөз жұрты батыр бабаларының елін, жерін қорғағанда киіп, жауға шапқан сауытын көрсін, кейінгі ұрпақ біліп жүрсін деген мақсатпен осы музейге батырдың сауытын әкеліп отырмыз. Сауытты ғылыми зерттеулердің XVII-XVIII ғасырлардағы дүние екенін анықтады.

Айта өтейік, музей қорындағы жәдігерлердің жалпы саны 400-ден асады. Ақтамберді батырдың сауыты аталған экспонаттардың ішіндегі ең құнды дүниелердің қатарына жатады.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*