Руханият

Байыт Қабанұлы. Оспан батырдың ақыры (поэма)

Батыр болып қару ұстап жауға шапқан екенсің, алдыңда сенен де асқан батыр барына күмәнсіз сенуің керек.Әйтпейінше жеңіске жету мүмкін емес» (Оспан батыр Cіләмұлы)                                       ӘЛҚИССА Қол аяғы кісендеулі алып тұлға батыр Оспанарайлы, Қақпан басқан көкжал қасқыр секілденіп көкаспанға қарайды. Алпамсадай түкті кеуде, білек, самайбұлшынынан қан ағады оны ешбір сезбегендей аласұрып жарайды, Маңайында оқты мылтық, сайман алған сақшыларды шоқтай жанған жанарымен «сабайды»   Еңгезердей есіл бітім ер тұлғасын еңкейтпейді тіктейді, Тауға қарап түнереді өзін де сол тауға балап тізе белін, бүкпейді. Жалт қараған қарасымен, оқыс жылдам қимылымен тобырларға үркек үрей жүктейді, Енді алдыңғы уақыттан  тек өлімнен басқа ештеме күтпейді.   Қалай мейілі қарасаңда темір құрсау тор қаптаған түнек түрме, абақты, Бұл түнек, тор көкке шапшып аласұрған қанша арыстан азаматты түкке тұрмас қаншықтарға талатты. Тау тағысы Оспанның да жан жағынан жау иттері […]