Кітапхана / Әдебиет

Алматыда «ҚАРАҚАС ШЕЖІРЕСІ» кітабының тұсауы кесілді.

2022 жылы, қыркүйек айының 18 күні Алматыда «ҚАРАҚАС ШЕЖІРЕСІ» атты тарихи танымдық – шежіре кітабының тұсаукесері болып өтті. Ертісті өрлей жайлаған он екі рулы ел – Абақ Керей жұртының негізгі саласының бірі Қарақас руы. Ел тарихын түкелдеу, жоғымызды жоқтап, жылағанымызды жұбату ұлтымыз тәуелсіздік алғаннан бері келе жатқан келелі істеріміздің жалғасы. […]