Кітапхана / Әдебиет

Алматыда «ҚАРАҚАС ШЕЖІРЕСІ» кітабының тұсауы кесілді.

2022 жылы, қыркүйек айының 18 күні Алматыда «ҚАРАҚАС ШЕЖІРЕСІ» атты тарихи танымдық – шежіре кітабының тұсаукесері болып өтті.

Ертісті өрлей жайлаған он екі рулы ел – Абақ Керей жұртының негізгі саласының бірі Қарақас руы. Ел тарихын түкелдеу, жоғымызды жоқтап, жылағанымызды жұбату ұлтымыз тәуелсіздік алғаннан бері келе жатқан келелі істеріміздің жалғасы. Соның бір дәлеліндей «ҚАРАҚАС ШЕЖІРЕСІ» кітабыда оқырман қауыммен қауышты.

Шежірені құрастырған – осыған дейін «АРҚАЛЫҚ БАТЫР» эпостық жырларының үш томдығын, «ҚАРАҚАС – ҚАПТАҒАЙ» тарихи танымдық кітабын жинақтаушы, тарих зерттеуші Бапай Ұлан.

«Кітап төрт бөлімнен тұрады: бірінші бөлімдмде Қазақты, одан қалса Керейдің, Қарақас руының тарихы туралы толық мағұлмат бердік. Екінші бөлімді Қарақастың соңғы үш жүз жылдағы қоныстану тарихын жаздық. Үшінші кезекте Қарақастың тарихтағы билік жүйесіне, тарихи тұлғаларға тоқталдық. Соңғы бөлік негізінен шежіреге арналды. Шежіреде арысы қазақтың берісі Қарақастың тарихы туралы толық мағұлмат беруге тырыстық»,-дейді Бапай Ұлан.

Дайындаған: Мағаз Ретбек.

 

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*