Руханият

Дүкен Мәсімханұлы. ОСПАН БАТЫР

Әр-әр жерде өтіп жататын, түрлі деңгейдегі ғылыми мәжілістерде, Оспан батыр туралы сөз бола қалса, оның кіммен, не үшін соғысқанына байланысты қима-шату сұрақтар алдымыздан жиі шығады. Солардың бір парасы: «Оспан кіммен майдандасып, қалай батыр атанды?», «Оспанның басты жауы кім? Ол коммунистік қызыл қытаймен майдандасты ма? әлде гоминдаңшыл Чан Кайшимен соғысты ма? […]