Алтай аңызы

Нұрғажат Қапақұлы: Дәулетше тәйжінің көк тас таңбасы…

Дәулетше Ертісұлы Ботақараның батыр Тыныбек атасының жетінші ұрпағы. Дәулетше Ертісұлы Ботақара руының байырғы мекені Алтайдың Алақағында 1871 жылы дүниеге келді. Балалық шағы өзінің сүйікті ата қонысы Алақақта өтті. Дәулетше Ертісұлы бала кезінен жаны жайсаң кең пейілді сабырлы болып өсті, ел-жұрты, туыс- туғаны, ата-анасы Дәулетшені Дәулетім деп еркелетіп өсірді. Ол бала жасынан сөзге сондай шешен, ағайын туыстың арасында болып жататын ұсақ-түйек дау шарларды, әдемі тілімен шешіп беріп, ағайын туысты берекелестіріп жүрді. Ағайын туыс арасында болып тұратын өлім-жітім, қысылтаяң жағдайда жол тауып беріп жүрді. Міне осындай үсақ-түйек ағайын арасындағы жұмыстармен араласа жүріп, ел көзіне түсе бастады. Ол қыдырып бір ауылға түссе, сол ауылдың ұсақ-түйек балалары бірақ сол үйге баратын, сол үйдің дастарқанына қойылған дәнді сол балаларға үлестіріп беріп отыратын еді. «Берсең балалаға бер», – деген сөз осыдан қалған шығар ау шіркін!