Дәулетше Ертісұлы Ботақараның батыр Тыныбек атасының жетінші ұрпағы. Дәулетше Ертісұлы Ботақара руының байырғы мекені Алтайдың Алақағында 1871 жылы дүниеге келді. Балалық шағы өзінің сүйікті ата қонысы Алақақта өтті. Дәулетше Ертісұлы бала кезінен жаны жайсаң кең пейілді сабырлы болып өсті, ел-жұрты, туыс- туғаны, ата-анасы Дәулетшені Дәулетім деп еркелетіп өсірді. Ол бала жасынан сөзге сондай шешен, ағайын туыстың арасында болып жататын ұсақ-түйек дау шарларды, әдемі тілімен шешіп беріп, ағайын туысты берекелестіріп жүрді. Ағайын туыс арасында болып тұратын өлім-жітім, қысылтаяң жағдайда жол тауып беріп жүрді. Міне осындай үсақ-түйек ағайын арасындағы жұмыстармен араласа жүріп, ел көзіне түсе бастады. Ол қыдырып бір ауылға түссе, сол ауылдың ұсақ-түйек балалары бірақ сол үйге баратын, сол үйдің дастарқанына қойылған дәнді сол балаларға үлестіріп беріп отыратын еді. «Берсең балалаға бер», – деген сөз осыдан қалған шығар ау шіркін!
Қысылтаяң қыспақтан жол тауып шығатын, сөйлесе шаршы топты аузына қарататын, шешен алғыр ойлы Дәулетше Еертісұлын ел Шүйіншалының «Сары жорғасы» деп атап кетті. Дәулетім деп еркелетсе Дәулеті болды ағайын туыстың. Дәулетшенің бала жасынан бірге ойнап өскен сенімді серігі Тыныбек Нұра атасынан тараған Аяпберген Байтүбекұлы болатын. Сол кезде Ботақара руынынң зәңгісі Әпселең Бәйтүбекұлы болатын, Ботақара Тыныбек Нұра атасынан тарайды. Аяпбергеннің бірге туған ағасы, Әпселең Ботақара руының үлкен жақтан іс шаруаларын жүргізді. Ағайын туыс арасындағы кіші-гірім шаруаларды тікелей Дәулетшеге сеніп тапсыратын болды. Дәулетше мен Аяпберген бірге өсіп, біте қайнап арасынан қыл өтпейтіндей дос болды. Міне Ботақара руының екі азаматы «Орман жерің көркі, ер жігіт елдің көркі», – деп Ботақара руының қос тірегіне айналды. Дәулетше ата-бабасынан лауазым мансапқа мұрагер болатын тұқымнан болмасада өзінің бойына біткен талантымен 1912 жылы Шүйіншалы руы бір тәйжіге толғанда Дәулетшені тәйжілік мансапқа ұсынылған болатын. Соңында Қытайдың астанасы Пекиннен бекітіп келді. Міне осылай Дәулетше Ботақара руының тәйжісі болып елін басқару жұмысымен араласа бастады. Дәулетше өзінің тұла бойына біткен даналығымен Ботақара руына ұшан-теңіз еңбек етті. Мал бағудан тыс егін шаруашылығымен шұғылдандырып Ботақара руының дәулетін дөңгелендіріп отырды. Туыс туғандардың берекесінің ұйытқысы болды. Алатй бетін қоныстанған керей еліне Қытайдың Шиңшысай деген зұлым патшасы зұлым саясатын жүргізе бастады. Ауыр алман-салық сала бастады. Берсе қолынан, бермесе жолынан тәркілеп қарсы шыққанын түрмеге жабу деп елдің құтын қашырды. Қытайдың бұл саясатының сұрқын сезген Дәулетше өзінің сенімді досы Аяпбергенге 1907 жылдары Алтайдың теріскей бетіне өтіп кеткен (Ботақара) Барлам туысының соңынан елді көшіруді ақылдасып Ботақара руын түгелдей жинап Алтайдың теріскей беті яғни Қобда жеріне барып қоныстанды. Қобда жерінде бір мұнша жыл отырып, Шиңшысай саясаты өзгеріп жақсарыпты деген қауесет дақпырты мен қайта Алтай асып қоныстанды. Бұл Шиңшысайдың екібеткейлік саясаты болатын. Бірнеше жыл бойы елді бейғамдастырып қойып сабан астына су жүгіртетін Шиңшысайдың арамза саясаты қайта басталды. Қайтсем аман сақтаймын елдімді деген Дәулетше мен Аяпберген Ботақара елін бастап өздеріне сая болған Қобда жеріне қайта көшті. Өз ата мекені өзіне қоныс болмаған, саясынан сайғақ таппаған Ботақара елін әйтеуір аман сақтап жүр.
Арып ашып ақтабан шұбырынды қаншама күн көшіп сол Қобда бетіне қайта келді. Бұл жолы көп жылдар бойы отырды үркін қорқынсыз, малдарын өсіріп, бәрі бірде атамекен Алтайды сағынумен болды. Қара торы айғырдың үйіріндей Ботақара елі Алланың бес парызының бірі Аяпбергенді қажылыққа жіберіп аман-есен келіуін сол Қобда жерінде күтті. Аяпберген бірнеше жыл жол жүріп Мекке мадинада Аллаға мінәжат етіп, елінің аман саулығын дұға тілеп аман есен Қобда жеріне таяғанда өзінің жан серік досы Дәулетше жол бойы тосып алды. Олар бір мұнша күн жол жүріп төрт көзбен күткен туыс туған ел жұртымен аман-есен қауышты.
Сол жылы Аяпберген қажының үлкен қызы Нагиманды шыбарайғыр жігіті Сейсабай моллаға тұрмысқа берді. Келесі жылдың көктем аяында 44 жасында кенет науқастан қайтыс болды. Қажының артында екі ұл, екі қыз Яшбай, Молдахан, Нагима, Қамила сынды төрт баласы қалды. Дәулетше тәйжы өзінің сенімді ақылшы жолдасы Аяпберген қажыдан айырылып Қобданың Бұзаукөл деген жерінде жерледі. Міне осындай Ботақара елінің бар ауыртпалығы бір өзінің мойнында қалды. 1922 жылы Дәулетше тәйжы атамекені Алтайды аңсап қайтқысы келген елін бастап Қызылтау асуынан асып 1924 жылы Көктоғай жеріне бір жыл отырып, байрғы мекені Алақаққа келіп қайта қоныстанды. Шыңшысай үкіметінің бір мезгіл тыныштанған кезеңі болатын. 1930 жылдар Аяпберген қажының ұлы Молдахан жалындап тұрған шағында 22 жасында шұғыл науқастан қайтыс болып Алтайдың Иірқабағы Шәку атасы жатқан зиратқа жерленді. Дәулетше тәйжі жолдасы Аяпберген қажының екінші қызы Қамиланы сол кезде Алтай аймағының сот бастығы Разданға тұрмысқа беріп, екінші ұлы Яшбайды өзімен бірге баулып қасына ұстады. Өзінің туысқа деген қамқорлық парасатымен бөлісіп, ел ісіне араластырып кетті. Дәулетше тәйжінің шабарманы Қыдырәлі, Дәлентай, Тыныбек Нұра атасынан тарайды. Қиып түсер қылыштай өткір адам болды
1932 жылы 12 сәуір, «Сәуір төңкерісінен» кейін әйгілі ағартушы Шәріпхан Көгедайұлы Алтай аймағының уәлиі болып ел тізгінін қолына алып, жер-жерден мектеп салдырып жаппай сауаттандыру жұмысына мән берген кезеңде Дәулетше тәйжі Яшбай (имам) бас болып Алақақ төңірегіндегі Ботақараларды түгелімен аттанысқа келтіріп алты бөлмелі мектеп тұрғызды. Қазіргі Қытай жері Алақақ, Қарашілік ауылы тұрған жер. Алғаш рет Ботақара мектебі болып бой көтерді. Мектеп 1936 жылы бітіп күзінде оқу басталды. Мұғалімдерімен бірге Дәулетше тәйжі мектеп деректоры жұмысын қоса басқарды. Ол мектеп қаражаты, мұғалім, айлық ақыларын елден жинап беріп отырды. Балалар сауат ашып, білім бұлағының көзін ашқан еді. Алтай аймағынынң уәлиі Шарыпхан арнайы бұл мектепті көзден кешіріп қатты риза болған еді. Өте қайраттылықпен салынған мектеп екен, мектептің аты «Қайрат мектебі» болсын деп ат қойып, қазақ-қырғыз бірлестік ұйымынан мектепке көмек босатып беріп аттанған.
1939 жылы Шыңшысай зұлымның алдау саяси тактикасымен ел ағаларын Үрімжіде құрылтайға шақыртып, Көгедайұлы Шаріпхан бастаған Қабыл, Қапас, Көкенай, Дәлелхан, Кәкен, Нәзір, Қажынаби, Зейнел қатарлы үкірдай ел басылармен бірге Дәулетше тәйжіде абақтыға қамалды. 1944 жылы 12 айда Әлен Уаң бастаған Алтай көтерлісшілерін нәсихаттап «Өзімізге қарату үйірмесі» деген атпен ұйымдастырып, түрмеден қайтарылған Көкенай, Бәди, Қажынаби, Қапас мүтти, Қанапия болыс т.б. бірге Дәулетше тәйжіде босап келді. Осы жылы Өралтай көтерлісшілері Сарсүмбеге келіп елді Өралтайға көшіруді нәсихаттаған кезде Дәулетше тәйжі гоминдаң үкіметіне төңкеріс жасап елді бастап Өралтаймен Шіңгілге көшіп барды.
Шыңшысайдың зұлым үкіметіне қарсы Алтай көтерлісі осылай басталды. Міне осылай бар ғұмырын елім деп ағайын туысын зара заманның тауқыметінен қорғап, қай жерде тыныштық болса, соған апарып қанатының астында қорғаған бір туар тұлға Дәулетша Ертісұлы 1946 жылы науқаспен 75 жасында қайтыс болып, қазіргі Қытай жері Өралтай Шіңгіл қаласының шығыс жағындағы Тараты сайның ауызында жерленді.