Шежіре

ШЕЖІРЕЛЕР ШЕРТКЕН СЫР

Ер Жәнібектің түп-төркіні мен өсіп-өнген әулеті туралы сөз болғанда ең әуелі өткен тарихымыздың шежірелі беттеріне үңіле кетудің де артықтығы жоқ. Керей тайпасы жыл санауымыздан бұрынғы II-III ғасырларда мәлім болған ұлыстар мен тайпалардың бірі. Қытай, парсы деректері және Әлкей Марғұлан секілді тарихшылар керейлерді «Санбилер тұсынан әлемге әйгілі қазақ тайпасының бірі» деп […]