Руханият

Мұхтар Мағауин: ЖҰМАБЕК ТƏШЕНОВ

Орыс-совет отарлық қыспағындағы қандыбалақ ХХ ғасыр – Əлихан Бөкейханов пен Смағұл Садуақасовтан соңғы кезеңдегі бірден-бір ұлттық мемлекетшіл, қайтпас қайраткер, қазақ халқының қаһарман перзенті Жұмабек Тəшеновті мен бағзы бір дəуір – студент кезімде тым жақыннан, бірақ сырттай екі рет көріппін. Алғашқыда, 1959 жылдың басы болса керек, Қазақ университетіне, студенттермен кездесуге келді. […]