«ХАСЕН — ЖӘМИЛА»: Хасен мен Жәмила рөлін сомдаған тұлғалармен болған сұхбат
2004 жыл. «Қазақ календары» беттерінің бірінен ҚХР-да өмірге келген кинокартина туралы хабарды оқып қалдық. Сөйтсек, ол қазақ тілінде шетелде түсірілген тұңғыш көркемсуретті фильм екен. Осыны оқығаннан кейін ойға қалдық. Көкейімізге: «Сондағы ойнаған киноактерлер… Олар кімдер еді?» деген сауалдар келген болатын. «Иә, шынында олар кімдер еді? Іздеп көрсек қайтеді өздерін? Мәселен, 1956-1962 жылдарғы ұлы көш кезінде сол өнер адамдарының арасынан бергі бетке өткендерінің де бар болуы мүмкін-ау…» Ақыры таптық та! Олар: Жәмила – Кеңес Одағының халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының саңлақ актрисасы Фарида ШӘРІПОВА болса, екіншісі – Хасен рөлін ойнаған Ықылас Дүкенұлы атындағы республикалық саз аспаптары мұражайының ғылыми қызметкері Абылай ТҮГЕЛБАЕВ еді. Көп кешікпей Алматыда тұратын осы аға, апамызбен кездесіп, әңгімелескен жайымыз бар. 2004 жылдың жаймашуақ сол бір көктеміндегі сұхбатта мына төмендегі жәйттер белгілі болған еді.
Соңғы пікірлер