ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ АУДАРМАШЫЛАРЫ ЖƏНЕ ҚЫТАЙ ƏДЕБИЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ЖАЙЫ
ХІХ ғасырдың аяғына қарай Іле, Алтай, Тарбағатай сынды үш аймақтың Қытай еліне басы бүтін бодан болуына байланысты қазақ жұрты мен Қытай елінің арасындағы байланыс тіпті де жиіледі. Үш аймақты мекендеген қазақтар мал мен бастың амандығы үшін ел тізгінін ұстаған Қытай елімен тіл табысып тұруға тырысты. Ауыс-түйістің салқын жүретін бұрынғы заманындай емес, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан дəл осы кезеңде тілмаштардың қажеттілігі артты.
Соңғы пікірлер