ХІХ ғасырдың аяғына қарай Іле, Алтай, Тарбағатай сынды үш аймақтың Қытай еліне басы бүтін бодан болуына байланысты қазақ жұрты мен Қытай елінің арасындағы байланыс тіпті де жиіледі. Үш аймақты мекендеген қазақтар мал мен бастың амандығы үшін ел тізгінін ұстаған Қытай елімен тіл табысып тұруға тырысты. Ауыс-түйістің салқын жүретін бұрынғы заманындай емес, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан дəл осы кезеңде тілмаштардың қажеттілігі артты.
1922 жылы Үрімжіде ашылған Моңғолқазақ мектебі өз түлектеріне қытай-орыс тілдерін тереңдетіп оқыта бастады. Бұл Шыңжаңдағы жаңа буын қазақ аудар-машыларының қалыптасуына игі əсерін тигізді. 1933-1934 жылдардан бастап оқу-ағарту, баспа ісінің өр-кендей бастауы да аударма ісін онан ары жандандыра түсті. Бұрындар қазақ арасынан шыққан Ақыт Үлімжіұлы, Əсет Найманбайұлы, Жүсіпбек Шайхысламұлы, Арғынбек Алашбайұлы сынды ақындар нəзиралық дəстүр арқылы араб, парсы əдебиетінің жауһарларын қазақ əдбиетінің қажетіне жаратса, ендігі кезекте жаңа буын қазақ аудармашылары қытайдың классикалық шығармаларын аударуды қолға алды. Нариман Жабағытайүлы, Меллатхат Əленүлы, Əбдібек Байболатов, Ғлажден Оспан, Əнуарбек, Əріп Зұрғанбекүлы, Əбділдабек Ақыштайүлы, Қалихан Қалиақбарүлы, Хакім Əкімжан, Əзімхан Тішанүлы, Əбдікерім, Ақберді Изатбекұлы, Бекмұхамет Берікұлы, Қазымбек Арабин, Шамас Əубəкір, Найманғазы Сапанұлы, Ақия Раданұлы, Əлімжан Қатбаев, Кəкеш Қайыржан, Əбдіманап Əбеуұлы секілді белді аудар-машылар Лу Шүн, Мау Дүн, Ба Жин, Яң Мо, Лау Шы шығармаларын, Сау ІІІуечиннің «Қызыл сарайдағы түсін», Ло Гуанжұңның «Үш патшалық қиссасын», У Чыңынның «Батысқа саяхатын», Шы Найан мен Ло Гуонжұңның «Су бойындасын» жəне «Таң дəуірінің таңдамалы өлеңдерін» артартынан тəржімеледі.
Сол аудармалар арқылы қазақ оқырмандарына танылған Қытай əдебиеті өз кезегінде Қытайдағы қазақ əдебиетіне тиісті деңгейде ықпал етті. Əсіресе, жоғары-да атаған Қытай əдебиетінің көрнекті өкілдері Лу Шүн, Го Моро, Ай Чиң секілді ақынжазушылардың шығармаларын қазақ əдебиетшілері үлгі тұтты. Осы орайда Қытай əдебиетін қазақ тіліне аударған Қытайдағы қазақ аудармашыларының еңбектерін атай кеткен жөн.
Бұл еліміздегі əдебиеттанушылар үшін де, «Қытайтанушылар» үшін де аса қажетті дүние деп ойлаймыз. Жалпы, Қытайдағы аударма саласында қызмет етіп жүрген қазақ аудармашылары еңбегінің басым бөлігі Қытай билігін дəріптейтін саяси дүниелерді аударуға арналған. Одан қалса, телефильм, кино аудару саласы жүйелі қолға алынған. Дегенмен əдебиет аудармашылары да жоқ емес. Біз сол көркем аударма саласына атсалысқан біраз аудармашылардың еңбегін таныстыра кетуді жөн көрдік.
Əбдібек Байболатов (1921-2000 ж.ж) 1957 жылдан бастап көркем аудармамен айналысқан. Ол Қытай əдебиетінен «Шайқаспен өткен 52 жыл», «Сұңқар» секілді повес-термен қатар «Қалың орман, қарлы дала», «Үш патшалық қиссасы» сынды көлемді шығармаларды қазақ тіліне аударған.
Қытайдағы қазақ аудармашыларының ішінде Əбділдабек Ақыштайұлы сынды «Аударманың арысы» атанған қарт қаламгерлер де бар. Оның аудармашылық еңбегі де өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастау алады. Аудармашылық жолын саяси-философиялық шығар-маларды аударудан бастаған Əбең 1960 жылдардан бастап, əдеби аудармаға ден қояды. «Акюдың ресми өмірбаяны», «Бəрі де партияға», «Дауыл» сынды романдармен қатар, Қытай əдебиетінің классигі Лу Шүннің «Дала шөбі», «Серменде», «Айғай», «Шамда үзілген таң гүлі», «Жаңғыртылған ескі əңгімелер», «Таңдамалы хаттар», «Ертең», «Шарапханада», «Бақытты отау», «Жалғыздық», «Шер», «Айрылысу», «Көкті жамау», «Айға ұшу», «Қорғаннан шығу», «Жиырма төрт қайырымдының суреті», «Бес есірік тауабы», «Соңғы сөз» сияқты жүзден астам əңгіме, публицистикалық туындыларын аударып, қазақ əдебиетінде Лу Шүнтанудың негізін қалады.
Оның Қытайдың ерте заман классикалық əдебиет туындыларын қазақ тіліне аударудағы еңбегі де ұшан-теңіз. Айталық, 1990 жылы «Жұңгоның ерте заман əдебиеті» тарихының Чиң, Хан дəуіріне арналған бөлімін қазақ оқырмандарына таныстырды. Сондай-ақ, Қытайдың классик ақыны Чүй Юанның «Ақын азабы», Таң дəуірінің əйгілі ақыны Бай Жүйидің «Шер» дастандарын қазақ тілінде жырлады. 1988 жылы Чиң патшалығы дəуіріндегі Жұңгоның атақты сатиралық романы У Жиңызының «Ғұламалар шежіресін», 1990 жылдары «Күңзы ғақылиялары», «Мыңзы ғақылиялары», «Батыс сапарнамасы» сияқты Қытайдың дүниеге əйгілі классикалық шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті.
1949 жылы Үрімжідегі тіл мектебін оқып жүрген кезінен-ақ аударма əлеміне жол тартқан Əзімқан Тышанұлы (1929-1993) да қытай əдебиетін қазақ тіліне аударуда орасан зор еңбек сіңірді. Көне қытай тілін жақсы меңгерген аудармашы Қытайдың классикалық шығармаларынан «Үш патшалық қиссасы», «Таң дəуірінің таңдамалы өлеңдері», «Су бойында», «Қытайдың ерте заман əдебиеті» сияқты шығармаларды жəне «Қызыл сарай түсі» романындағы өлеңдерді аударды.
Біз əдебиеттанушы, тарихшы ғалым ретінде танитын Нығмет Мыңжанидың аудармашылық қыры да айрықша ден қоюды талап етеді. Ол қазақ əдебиетіндегі ғашықтық, батырлық дастандарды қытай тіліне аударып қана қоймай, қытай тілінен «Хор Чин даласында», «Бақытты болашақ», «Су бойында»(3 кітабы), «Қызыл сарай түсі» (4-5-томдары), Лу Шүн шығармаларынан «Есалаңның естелігі», «Қайғы, қаза» сынды бір топ маңызды əде-биеттерді аударып, қазақ оқырмандарына ұсынды.
Нариман Жабағытайұлы – Қазақстанда туып, Қытайда өмір сүрген майталман аудармашы, ол Қытай қазақтарының ішінде тұңғыш аға аудармашы кəсіптік атағын алғандардың бірі. Нəкең қытай қазақтары ішінен тұңғыш рет қытай тілінен қазақ тіліне «Көркем Чаушиянда» атты романды аударып, 1955 жылы баспадан шығарған. «Өмір жолы», «Қызыл жартас» (екі томдық), «Ағады Фынхы аял-сыз» (екі томдық), «Жер ортаға келгенде» (роман), «Далин мен Шиаулин» сынды 15-тен артық романповестерді қазақ тіліне аударған. Аудармашылық шеберлігінің арқасында Қытай қазақтарының аударма саласында айшықты іздерін қалдырған Найман Сапанұлы сонау 1960 жылдардың бас шенінде-ақ Таң дəуіріндегі Ли Бай, Ду Фу сынды айтулы ақындардың, осы заманғы Ян Чын, Жияң жымин, Ли Иың сынды танымал қытай ақындарының өлеңдерін қазақшаға аударды. Қытай əдебиетіне аты мəшһүр «Ақ өрік ағашы», «Нажағай жыры», «Əке», «Жеті тал сіріңке», «Нарт қызыл гүлдер», «Қызмет өткізіп аларда», «Аға буын», «Жасыл құм» сынды əңгімелерді қазақ оқырмандарына таныстырды. «Таң дəуіріндегі өлеңдерден үш жүз» атты кітапты құрастырып, Қытай əдебиетінің алтын Абай институтының хабаршысы.
№ 2(8) 2011 43 ғасыры атанған Таң дəуірі ақын-дарының жырларын қазақ тіліне көркем поэзия тілімен аударып шыққан Бөкейхан Бекейұлының да қазақ аудармашылығына қосқан үлесі зор. Белгілі ақын Қазымбек Арабин (1945- 1998) студент кезінен-ақ көне жəне қазіргі қытай тілін жете меңгеріп, Ли Байдың «Түнгі ой», Ду Фудың «Ұлы тауға көз жібергенде», «Күз желінің қамыс күркені əкетуі туралы жыр», Бай Жүйидің «Көмір сатушы шал», «Пипа дастан», «Дала Шөбі», Лию Иүйшидің «Күз желінің суылы алғаш естілгенде», «Қара нөпір масалар» сынды шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қазір Пекинде тұратын ақын Балапан Рабатов та аударма саласына өзіндік үлес қосуда. «Толғаныстар», «Күндік көтерген əйел», «Тыртық», «Іле елестері», «Қаруластар», «Он сегізде құлпырған дала гүлі», «Тəңірмен бірге тентіреу» сынды бірнеше көркем əңгімелерді қытай тілінен қазақ тіліне аударды. Əйгілі əйел жазушы Чылидың «Өмір өрнектері» повесін, «Зілзəлə» мемуарлық кітабының өлеңдерін, Хайзы, Гу Чың, Шу Тиң қатарлы осы заман ханзу ақындарының өкілдік жырларын қазақ тіліне аударуда Балапан Рабатов талантты аудармашы екендігін танытты. Іле қазақ автономиялық облысының орталығы Құлжа қаласында жарық көретін «Іле
кеші» газетінің редакторы, ақын Нұр-болат Əбдіқадырдың аудармалары да Қытай қазақтарына етене таныс. Оның өлеңдері ханзу тіліне
аударылып, Қытай оқырмандарының алқауына бөленгені өз алдына. Ал аудармашылығы жайына келсек, өз саласына орай көркемдік құны жоғары көптеген қытай тіліндегі мақалаларды қазақ оқырмандарына өз тілінде таныстырып келеді. Сондай-ақ, Қытай ақыны Ян Анның қазақ өміріне етене жақын бір топ шалқымасын жəне Қытайдың осы заманғы көрнекті əйел ақыны Сай Личуанның əйгілі шалқыма өлеңдері «Ауыл махаббатынан таңдамалылардың» бір бөлімін аударған.
Жалпы, қазақ пен қытай арасындағы əдеби байланысты негізінен аудармалар арқылы Қытайдағы қандастарымыз жүзеге асыруда. Қытайдағы қолына қалам ұстаған қазақтардың Қытай əдебиетінен аударма жасамағандары кемде – кем. Біз тек жоғарыда солардың бір шоғырын ғана атап өттік. Қазақ əдебиеті үшін, əдебиеттануы үшін аса маңызды осы аудармаларды енді төте жазудан кириллицаға көшіріп, Қазақстандағы қалың оқырманға тарту етукезек күттірмейтін іс. Ол аудармалардың ерекшелігі түпнұсқадан аударылғанында жатыр.
Мақала авторы: Қ.Біләл