Жаңалықтар

Баян-Өлгейге келіп қоныстанған Америкалық отбасы (Сұхбат)

АҚШ азаматы Крейг Портелл отбасы­мен 1998 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына барып, ондағы жергілікті қазақтарға ағылшын тілінен сабақ бере бастайды. Кейін Портелл отбасы осы аймаққа көшіп келіп, 8 жыл ішінде NovaLingua білім орталығын ашып, Баян-Өлгей табиғатын қызықтау үшін келген шетел туристеріне қазақ тілін үйретумен айна­лысқан. Қазіргі уақытта Ұланбатыр қала­сында оқытушы болып еңбек ететін ерлі-зайыпты Крейг пен Сара келешекте Қа­зақстанға қоныс аударғысы келеді. Қазақстаннан басқа елде қазақ тілін үйретіп жүрген Крейг мыр­заны әңгімеге тарттық.