Шежіре

Ер Жәнібек есімі – ежелгі деректерде

Жәнібек Бердәулетұлы(1714-1792) Абылай хан дәуіріндегі әйгілі батыр. Оның ел қорғаудағы ерен ерліктеріне қарай есімінің алды­на «Ер» деген атау қосылып, «Ер Жәнібек» атанған. Кейде «Керей Жәнібек», «Ақыр Жәнібек» деп те айтылады. Құрбанғали Халидтың (1843-1913) «Тауарих Хамса» аталатын еңбегінде: «Абылай заманында батыр, сардар болғандар: Қаракерей Қабанбай, Алтыбай батыр, Ақтамберді батыр, Еспенбет батыр, […]