Қазан айының бесі күні Астана қаласында Алтайдан оуған елдің Гималай асқан қилы тағдырын көркем шығарма етіп суреттеген, өзі де сол Алтайда туып бұл күнде тәуелсіз ел құшағында ел үшін еңбек етіп жатқан жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразия жазушылар одағының мүшесі, халықаралық Шыңғыс Хан академиясының академигі Жәди Шәкенұлының “Тамшыдай еңбегім Тәуелсіздік үшін…” атты 50 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтеді.
Кеш аясында жазушының түрік тілінде шыққан “Қаралы көш” романы мен “Жүрек неге жылайды” әңгімелер жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді. Салтанатты шараға белгілі жазушылар мен әдебиетшілер, өнер адамдары, сондай-ақ жазушының шәкірттері мен оқырмандары қатысады.
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы.
Өтетін орын: Астана қаласы, Достық көшесі, 11 (Ұлттық Академиялық кітапхана ғимараты).
Өтетін уақыты: 05.10.2017; 15:00
Байланыс тел: 87761311378