Кітапхана

Жәди Шәкенұлының жаңа бес кітабының тұсауы кесілді.

2019 жылы сәуірдің 11 күні Алматыдағы Жазушылар одағының әдебиетшілер үйінде, Жазушы Жәди Шәкенұлының Бес бірдей кітабының тұсаукесері болып өтті.

Ғылыми зерртеу еңбектер мен көркем әдебиетке бірдей қалам тербеп, еңбек етіп жүрген жазушы осы жолы да оқырман қауымға «Бозмұнар» роман-хикаяттар кітабы мен қатар «Алтай алыптары», «Оспан батыр және Шығыс түркістан мәселелері» атты зерттеу еңбектері, «Қытай қазақтарының әдебиеті» атты әдеби сын-зерттеулері, «Бегзат сөз» атты қаламгер шығармашылығы жайында жазылған өзге авторлардың мақалалар жинағы сынды құнды бес жаңа кітабін ұсынып отыр. Бұларға қоса, оқырмандар сұранысы бойынша  А.Байтұрсын үлгісіндегі төте жазуда «Қаралы көш» кітабы қайта басылып шықты.

Биылғы Оспан батырдың 120 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан Жазушылар одағының қолдауында, «Ел аманаты»  қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен ұйымдастырылып отырған бұл шараға елімізге еңбегі сінген белгілі ақын, жазушы, қаламгер зиялы қауым өкілдері мен өнерпаздар қатысты.

Кеш тізгінін ақын, филология ғылымдарының докторы. Профессор Бауыржан Жақып қолына алды. Алғашқы баяндама сөзді әдебиеттанушы, Профессор Темірхан Тебегенов бастап берді. Кеш барысында Жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жанат Ахмади, ақын Ғалым Жайлыбай, Этнограф-жазушы Болат Бопайұлы, Ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, «ЕрЖәнібек» Халықапалық қоғамдық қорының президенті Жеңіс Түркия, Оспан батырдың немересі Өркен Нәбиұлы қатары зиялы қауым өкілдері мен ел ағалыры кітаптың тұсауын кесіп, баяндама жасап, құттықтау сөзін сөйледі.

Жазушының еңбегіне алғыс айтып марапаттап, құттықтау жіберген: Қазақстан жазушылар одағы басқармасы, Елордадағы «Отандастар» қоры, Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының Алматы қаласы, Алматы обылысы бөлімшесі, Жұлдыз журналы ұжымы, «Ер Жәнібек» халықаралық, қоғамдық қоры қатарлы орындар болды.

Көрермен көңілін көтерген ән айтылып, күй де шертілді. Тұрсынбек Кешубайұлы Жәди Шәкен ұлының «Ертіспен қоштасу» әнін шырқаса, Таңғыт Мұқаш, Аршын Кәсімбайұлы қатарлы танымал күйшілер домбыра құлағында ойнады. Ерлан төлеубайұлы өзінің “Жаным қазақ”  әніне салса, Сәулежан Тағзияұлы дәстүрлі әндерді шығандатты.

Шараның соңы көрермендерге  кітаптар таратылып, Құрметті қонақтарға дастархан жайылып салтанатты кешке ұласты.

Теги: , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*