Білім

Қос бірдей кітаптың Таныстырылымы Астанада өтті

Қазан айының 5-і күні  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы Жәди Шәкенұлының «Тамшыдай еңбегім Тәуелсіздік үшін…» атты шығармашылық кездесу кеші болып өтті.

Аталмыш кездесу жаушы, журналист Ж.Шәкенұлының 50 жылдық мерейтойына арналды. Жиын барысында жазушының түрік тілінде шыққан «Қаралы көш» романы мен «Жүрек неге жылайды» атты әңгімелер жинағының таныстырылымы болды. Сондай-ақ, кездесу аясында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы және қоғамдағы рөлі жайында әңгімелер қозғалды.

Осы аталмыш  кешті “Ер Жәнібек қалықаралық қоғамдық қоры” да елеусіз қалдырмай, жазушыны елу жас мерей тойымен құттықтап, аталмыш кітаптың таныстырылымына құтты болсын айтып марапат хатын жолдады.
Салтанатты іс-шараға белгілі жазушылар мен әдебиетшілер, өнер адамдары, сонымен қатар жазушының шәкірттері мен ізбасарлары қатысты. Атап айтатын болсақ, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы, ақын, драматург, жазушы, кинорежиссер Баянғали Әлімжанов, ақын Ербол Бейілхан, танымал журналист Бекен Қайратұлы және т.б.


Жәди Шәкенұлы – жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразия жазушылар одағының мүшесі, халықаралық Шыңғыс Хан академиясының академигі. 1967 жылы 5 мамырда Қытай аймағына қарасты Алтай аймағында Ертіс өзені жағасындағы Шірікши ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Алтай аймақтық педагогика мектебін, 1991 жылы Шыңжаң оқу-ағарту институтын, тарих мамандығы бойынша 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантура бөлімін тамамдаған.

 

Теги: , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*