Алтай аңызы

Нұрғажат Қапақұлы: Алтайдың Алақағы – Ботақара жұртының ата қонысы

Абақ керей Сарыарқа жерінен көшіп шығысқа келіп Қабатау, Шар, Қызылсу, Зайсаң, Көкпекті жеріне ірге теуіп қоныстанады. Жылдар өте Абақ керейдің батыры Ержәнібек қартайған шағында 1786 жылдары Керейдің ел ағалары Шәу жырау, Барлыбай, Байқан, Маман, Шаған, Шегетайлар ел жайында ақыл сұрай барыпты, сонда Жәнібек батыр қоныс толы ауылы, өріс толы малы бар, ағалаған елді тоздырмай, іргеден дау, белдеуден жау шықпай тұрғанда алысқа қоныс аударғанымыз жөн секілді, тонымыз бір, көңіліміз кір болмай жүрсін деген екен.

Жәнібек батыр арызында Абақ керейдің Шауі,  Шегетай, Шаған, Маман қатарлы елге ие болатын азаматтары бар,  елімді соларға тапсырдым депті. Мал басы өсіп бір мезгіл тыныш өмір кешкен Орта жүздің Абақ керей елі іргелене бастағанда көршілес рулармен «Жер дауы – жесір дауы» секілді ұсақ – түйек қайшылықтар ушыға бастағанда Шау жырау Ботақара руын бастап Алтайды бетке алып қоныс аудара бастайды. Бұл кезде Шау жыраудың жас кезі (шамамен бұл кезде жыраудың 30 ға толған кезі). Көшін бастап малын айдаған Ботақара елі талай жылдар жаудан тыныштық көріп мал бастары өскен қара ноқар көші жер қайыстырып айдаған малы Алтайды бетке алып үдіре көшті. Сол қара нор көш арасынан Ботақара батырдың талай жыл соғыста Абақ керей әскерін азықтандырған Ботақарұлы Тыныбек батырға аманаты болып қалған «Киелі тай қазан» үлкен сандал қара атанға артылғанда көш арасында құдды бір қара төбедей көрініп отыратын. Сол бетімен Шау бастаған Ботақар көші туған жері Көкпекті, Зайсанға(Шаудің туған жері) хош айтып қазіргі Қытай жері Буршынды өрлеп Сайыр тауының бөктеріне келіп жетті. Сол кезде Алтай Алақақ, Қыран, Буршын, томенгі Алтай бетін сан жылдар бойы Монғұлдар қаннен қаперсіз малын бағып, отын жағы сайран сап жатқан болатын, сол кезде Алатй бетінің Монғұл билеушісі Мошқа деген болатын. Қолында неше мыңдаған әскері бар Мошқа осы төменгі Алтайдың шұрайлы жерлеріне малын салып өсіп-өніп жатты. Керейдің Шау бастаған Ботақара руы баса көктеп Ертісті өрлеп жер қайысқан малын айдап, Сайыр тауның бөктеріне келгенде кенет Монғұлдың өлшеусіз қалың қолына тап болды. Монгұлдың әскери шолғыншысы бұлар Көкпекті қазіргі Қытай шегерасы Жеменей жерінен көшіп өткен кезде Сарсүмбеде жатқан Монғұлдың билеушісі Мошқаға хабар жіберген. Бұл жәиттен хабардар болған Мошқа:

– кірсін ішке, – деп қақпаны айқара ашып күтіп жатқан болатын Шау бастаған Ботақара руы Сайыр тауының бөктеріне жете бере Монғұлдың қалың әскері көштің алдын бөгеп қызыл қырман соғысқа бұйрық күтіп тұрған кезде Шау жырыу:

– « көшкен елдің бұқасын, еру елдің тайыншасы қорқытады»- деген біздің қазақта сөз бар дей отыра Ботақара руының бірқанша азаматын Мошқаның өзі келіп бас июін айтып елшісін қоя береді. Шаудің бұл сөзі Мошқаның ашуына тиіп жарылып кетердей алды-артына қарамастан соңынан әскерін ертіп басып кірген қалың көшке тура тартты. Ашуына мінген Мошқа қалың қазақ көшінің арасына кіріп бар дауысымен айдақардай күркіреп :

– кім бұл жерірімді баса көктеп кірген ! – деп айқай салып

– келсін бері мұнда жан керек болса ! – деп айдақардай ақырды.

Монгұлдың дәл осы сәтін күткен Шау Мошқаға тура келіп айтқаны:

Алтайда атамның басы қалған ,

Анамның жасы тамған,

Ерімді өлтіріп, елімді қырып,

Бір кезде Шыңғысхан басып алған.

Бес жүз жыл соғысып ,

Батыр қазақ жерімді қайтарып алған.

Соғысам десең қолыңды сайла,

Шығысам десең жолыңды сайла .

Керейдің қолы артта келеді,

Қонысты босатып малыңды айда. – дегенде Шаудың бөгеу бермес қызыл тілінің тегеріне шыдамаған Мошқа сасқалақтап жауды кейін қайтарудың бірден бір амалы не қылсада киелі затын сұрайн деп жеріңді бес жүз жыл бойы күзеттім, анау атанға артылған «Тай қазанды»  маған бер жеріңді босатып алам десең,- дегенде Шау жігіттеріне бұйырып атанды шөгеріп «Тай қазанды» Мошқаға беріңдер деген. Расында атадан қалған киелі қазан жау қолына кетіп бара жатқанына көптеген Ботақараның жігіттері наразылық көрсетіп, Монғұлдың тілегін орындап қоныс алғанша соғысып алмадық,- деп даурықты. Расында қазақ Абыздары қара қазан сары бала, бұршақ салып еңіреген абыздар Мошқаның тілеген қазанын қолына беріп Шау жігіттеріне айтқаны:

– қазан менікі, жер Керейдікі ,- деп шешімін жасады. Шау монғұлдарды осылай келісіммен жеңіп Алтай бетінен біржолата қуып салып Ботақара елін Алтайдың Алақақ жеріне алғаш рет үй тігіп қонысын сайлады. Осымен Ботақара  елі тыныш жатып мал басын өсіріп, іргесін кеңейтіп Алақақ, Ертіс бойы, Буршын, Шұңқыр, Арал жайлауы, Сайыр тауы, Мошқа, Таралаң(егінді деген мағынада) сынды шұрайлы жерлеріне  қоныстанды. Қазіргі Буршынның Арал жайлауы ұлан қайыр Дарасымен көркемдігіне көз тоймас әсем көрнісімен тай сойған Ақбұлақ орманымен, құлай аққан Қарайырық ақ өркеш өзені, Сұмдайрақтай мөлдір өзені, таусылмас десе Туасылмас қарағай орманы, Торғайтыдай әсем жайлауы, табиғаты мен көрнісі көркем жерлердің бәрі батыр Керей елінің қонысына айналды. Міне осылай өзінің өлшеусіз әскер күшіне сенген Мошқа Шаудан еріксіз жеңіліс тауып, Қалқа асып өзініңің өмір бойы өсіп-өнген саялы жайлауы мінеки күні бүгінге дейін Мошқа атымен аталып тұр.

Міне осындай Мошқаны, Таралаңды Ботақара елі жайлау етіп мекендеп келді. Алақақ пен Қыран өзен жағасын қыстау етті. Тарланға Ботақараның Бөрікбай деген жігіті арық қаздырып егін шаруашылығын ашты. Жинақтап айтқанда жоғарыдағы жерлерді мекендеген монғұлдарды Шау жырау жеңіп көшіру арқылы Ботақара еліне қоныс алды. Сол көште Шәку Есілбайұлы да қабырғасы қатпаған баламын демей бір ауылдың малын дөңгелендіріп бағатын. Өжеттілігі ағайын туыстың қозы-лағы,  бұзау торпағын айдап әкеліп беріп қалтасына салып берген құрт жармағын қасындағы балалармен бөлісіп жейтін жомарттылығымен ел көзіне түсіп өсті. Шәку Есілбайұлы осы ШҚО, Қабатау ауданы Қызылсу ауылында 1785 жылы маусым айында дүниеге келіп, балалық шағы Алтай Алақақ жерінен бастады. Шаку балалық шағынан бастап қайрымдылық пен жомарттылықты жаны сүйді, өсіп жетілді, үйлі баранды болды.      Қажымай – талмай еңбек етті, осындай жаны жомарт жанның тілегін Аллада берді, үйі жанға толды, даласы малға толып есепсіз өсті. Шаку Есілбайұлы атағы жер жарған жомарт байға айналды. Басқа малын түгендемегенде жылқысын жылқышылары жинап Алақақтың өзенінің  иіні аралына жинап арал толған кезде түгелдеп қоя беріп отырған .

Шаку Есілбайұлы сол кезде Абайдың әкесі Құнанбай қажымен жолдастық қарым- қатынаста болды. Құнанбай қажыны сол кезде Желіқарағай жайлауында  қонаққа шақырып еліу ақ құлын байлап желіге, қысырдың қаншама тайын сойып қонаққа шақырған, сонда Шакуге Құнанбай қажынның берген бағасы:

-басқасын білмеймін керейдің, керейдің Шәкуі керемет екенсің! – деп қатты разы болып аттанған.

Шаку бай 1862 жылы шілде айында науқастанып Құнанбай қажыға өсиетін айтып менің қорғанымды өз қолыңмен жобалап Алтайдың Иірқабағына қоюды айтқан. Сол жылында Шаку бай қайтыс болып Шакудің айтуы бойынша Құнанбай қажы төрт орыс жіберіп зиратын жобалап, жылқысын жиып қаншама атттың жалын күзеп, батпақпен илеп Шаку байдың зиратын сол Алақақтың Иірқабағы деген жерге тұрғызды. Шаку тірі кезінде болған сүйікті жайлауы Аралдың Желқарағай деген жерінде жылқысын салып бие байлаған қос қарағайды халық осы күнге дейін Шакудің желі қарағайы деп атайды. Ұзын ұзын қарағайдан ойған науасы сол Желіқарағайда күні бүгінге дейін тозығы жетіп сол жерде жатыр.

Міне осындай тарихтың куәсі болып¸ Керейдің Ботақара руының атақты ақыны Төлеубай Бөжекұлы да өзінің сүйікті мекені Аралдың Торғайты жайлауы Иректас деген жерде тас қорғанымен жатыр. Топырағың торқа болсын ақын ата!

Ботақараның атақты пысық, жылпосы Әміре атамызда Алтай Алақақтың бір тауын өз атымен қалдырып кеттті. Әміре тауы деп мен мұндалап тұр. Әміре атаның үңгірі кезінде өз қоймасын қойған , күні бүгінге дейін Әміренің үңгірі дейді.

Сайыр тауы да Сайрке атамыздың атымен қалды.

Ботақара мектебі тұңғыш рет осы күні Қарашілік ауылы тұрған жерге түскен. Шаку байдың жалғыз қарындасы Оймақ наймен ішіндегі бай жігіт Қосқан дегенге тұрмысқа шыққан. Оймақ ағасы Шакуге құран оқытып төркіншілей келген жолында шұғыл ауырудан қайтыс болып Алақақ ауылының шығыс жағына жерленді. Қазіргі кезде бұл үлкен шәрі сипатты зират. Бұл үлкен зиратты қазіргі күнде халық «Оймақтының зираты» деп атайды.

Ботақара руының Шинжаңның жер жеріндегі, Монғұлиядағы және Қазақстандағы өсіп-өнген киелі мекені Алтайдың Қыран өзені Алақақ ауылы тұрған жер. Керей елінің төменгі Алтай, Өралтайға дейінгі қоныстануы тікелей Шау жыраудың қалмақтың қабырғасын қаусатып Керейдің көсегесін көгертумен тынды. Шау жыраудың қыстауы Алақақ, күзеуі Шұңқыр, жайлауы Арал болды. Керейде төрт биден бұрынғы Керейдің биі Ботақара Шау жыраумен Сарыбастың Жарылқап биі болды.  «Шау жырауға ел тоқтайды, ықтырмаға жел тоқтайды». «Сарыбастың биі Жарылқап, сөз сөйлейді зарылдап» – деген халық ауызында қаған аңыз.

Керей елі Шау би деп атап кетті. Қазақтың соңғы жырауы Бұқарлардан кейігі Шау жырау. Жырау қартайған шағында елдің ертеңі бұлыңғыр елді ойлайық, Абақ керейдің өзінен би сайлайық -деп жар салып 1836  жылы Буршынның Үштас жайлауында би сайлауға жиналған халық би өзіңіз болыңыз деген еді. Бұған Шау жырау:

– мен би болмаймын би түсетін үй боламын , – деп халқына айтты.

Алланың перштесі төртеу, Пайғампардың Шаһарияры төртеу: олар батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік. Дүние төрт бағыттан тұрады. Бізде биді төрттен сайлайық , жәнтекейден екі би, жәдіктен екі би болсын деп бекітті. Олар Бейсенбі, Құлыбек, Көкен, Топан  сынды төрт би болып сайланды. Осы төрт биге берген Шаудің батасы:

Отырдың жаңа түлекке,

Жеткізсін Алла тілекке.

Таупиық беріп құдайым,

Ғадылдық салсын жүрекке.

Балуандық қалды бұрынғы,

Сенетін емес білекке.

Ендігі жол жіңішке,

Еңкейе шаппа еңіске.

Көтерді ауыр жүк,

Халқыңнан ал тәуірлік.

Әділдік керек ұлыққа,

Рахым керек нашарға.

Ұлығы әділ боп тұрса,

Береке жұрттан қашарма,

Ғадылдық себеп болады,

Ғұмырың ұзақ жасауға.

Отырдың үлкен орынға ,

Ғарыштай бер қорынба.

Құдайға шүкір бұл күнге,

Жұртың түгел қолыңда.

Қылмыстыға жаза көп,

Шариғаттың жолында.

Екі даугер бір келсе,

Бай кісіге бұрылма.

Адасып жүрсең жолыңнан,

Кез боларсың қызырға,

Аласа мен биікті,

Абайла аш пен арықты,

Құдай берген өзіңе,

Отыз мың үй халықты,

Ендігі үміт сендерде,

Жауыңнан қорқып теңселме.

Айқасқан теңдес шендіні,

Кете бер жұлып өңгерде.

халқыңның обал суабы,

атқа мінген сендерде.

Халқыңның бол қорғаны,

Жұртыңа арна орданы.

Нәпсіге тартпай бөліп бер,

Қолыңа келген олжаны.

Бұл халықтың тілегі,

Сендер деп соғады жүрегі.

Ел басына күн туса,

Бол қорғаушы тірегі,

Бұны айтқан қарт ағаң,

Ежелгі жүйрік сары табан.

Қартайып түстім тұғырдан.

Жасымда шауып шаршаған.

Осындай тарихта қалған ұлы тұлға 1756 жылы Көкпекті жерінде туылып 1841 жылы қайтыс болып Буршындағы Шұңқыр өзенінің Ертіске құяр жеріндегі Қаракемер деген жерде жерленген. Шау жырауға Арғынбек Апашбайұлының аранаған өлеңінен бір үзінді:

Жәнтекейде Шау деген би бар екен,

Дәнішпан өзі жүйрік ділмәр екен.

Ақ жүрек, жұртты бірдей көретұғын,

Халқына құдай деген діндар екен –деп жырлаған.

Теги: , , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*