Руханият

Нұрғажат Қапақұлы: БАТЫРЫН  ҰЛЫҚТАҒАН  ЕЛ  АЗБАЙДЫ

Нұрғажат Қапақұлы: 1970 жылы,  19наурызда ҚХР-ның Шынжаң, Алтайаймағы Шіңгілауданы Шағанқолауылында дүниеге келген.

1988 жылы орта мектепті тауысқан. ШҰАР көлеміндегі түрлі газеттерде өлең, мақалалары жарық көрген.

2004 жылы қараша айында тарихи отаны Қазақстанға көшіп келіп. Шығыс қазақстан обылысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында тұрады.

 «Дана жырау – дарабоз»,  «Сүйіншалының майталман саржорғасы», «Бабадан дарыған даналық» т.б тарихи мақалалары газет-журналдарда жарық көрді.

 «Алтайым-асыл айимағым»,  «Сағындым-Атамекен»,   «Ақмаралым», «Өмір-ай», «Асқақ елім» өлеңдерін композитор Уатқан Жүнісов сазды әуенге айналдырып, әнін жазып  «Қандастар аспаны»  атты кітабының 1- томына кіргізді. Осы өлеңге жазылған әндер, Шығыс Қазақстан обылысы филармониясының танымал әнші өнерпаздардың орындалуымен халық жүрекпен сүйіп тыңдайтын әндеріне айналды. Нұрғажат Қапақұлы қазірг ітаңда «Қазақстан авторлар қоғамы» мен «Халықаралық Таңжарық зеріттеу қоғамының»  мүшесі,  ҚР Құрметті азаматы, ҚР Мәдениет және өнер саласыңның үздігі.

 

 

БАТЫРЫН  ҰЛЫҚТАҒАН  ЕЛ  АЗБАЙДЫ

    Ботақара батыр Жәнтекей руынан шыққан әйгілі баһадур. Ер Жәнібек Шақабай, Ботақара сынды керейдің батырлары үш жүздің басын қосқан Хан Абылаймен дізе қосып жоңғар шапқыншыларына қарсы қасық қаны қалғанша қазақ жерін қорғаған баһадур батырлары. Демек керей елі  1735 жылы Ордың бекінісін талқандап, өртеп оны қазақтар Жаман қала деп атап кеткен. Не ушін жаман қала деп атағанына тоқтала кетсек кезінде орыстар ағаштан қала тұрғызып біздің жеріміз деп иелік еткен, ал қазақтар біздің жеріміз деп егес туып керейдің Ер Жәныбек бастаған бір топ батырлары ақылдасып Еділмен Жайық бойына жағалай қоныстанған керей елі Жайық сағасынан қамыс орып бірнеше күн кептіріп атпен тасып ор қаласын қоршап орыстармен соғысып кереи қосыны бір түнде Ор қаласын өртеп жіберген, міне содан кейін қазақтар Ор қаласын Жаман қала деп атап кеткен. Осыдан кейін керейлер орыстың зеңбірегінен жасқанып 1736 – 1737 жылдар көшіп Көкше тау, Қорғалжын көлі, Нұра өзеннің бойына кеп қоныстанады. Қысқартып айтқанда Нұра атамыз осы Нұра өзеннің бойында дуніиеге келген.

Қазіргі орталық Қазақстан Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара тауы Керей Қожамжарұлы Баһадур Ботақара батырдың атымен аталып тұрғаны барша қазақ еліне аиян. Мінекіи осындай тарих бетінде өшпес із қалдырған Ботақара батырдың ұрпағы екенімзге мақтанамыз.

Осылай керей елі белгілі жылдар Сарарқа жерін қоныстанып,  шығысқа қарай беттейді. Қарқаралыныны басып Мыржық  тауын жағалап (қазіргі Қазыбек би ауданы) Мыржық тауының оңтүстік бағытымен шығысқа қарай Арқалық тауының солжақ етегімен Балқаш көлі мен Бақанас көлінің сілеміне келіп қонады, үшы қыйрсыз жарқырап көрінген Балқаш теңізі нің сағасында пейілі дарқан көңілі теңіздеи халық ауызында қалған  Теңңізбен (дархан) атамыз дүниеге келгені анық айтылады.

Осылай керей елі белгілі жылдар Сарарқа жерін қоныстанып, шығысқа қарай беттейді.

Міне осылай керей елінің көші шығысқа толығынмен қоныстанып талай жылдар мекендейді Ботақара руынан шыққан соңғы жырау Шәу Тарбағатай бөктерін қоныс тебеді. Атақты жомарт Шәкіу байда Қалбатауының Қызылсу деген жерінде дүниеге келген.

Талай жылдар шығысты мекен еткен керей елі, ер Жәнібек батырдың қартайып еліне айтқан өсиетімен Шәу жырау тағы басқа елге бас болатын керей азаматтары шығыстан көшіп қазіргі Қытай жері асқар Алтайдың жер жеріне ірге теуіп қоныстанады, керейдің төт биін Алтайдың атақты қонысы Аралдың Үштас жаилауында 1834 жылы сайланды. Керейдің бір бөлімі Қалқа асып  Моңғоля жеріне барып қоныстанды.  Міне Осылай тарыдай шашылған керей елінің ішінде Ботақара руыда кеңінен тарап өскен әулеттің бірі.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1991_жылдан бастап Моңғоля еліндегі қандастар Ата мекенге көш басын қайта түзеді.

Бай өлгейдің басынан ел көшкен де,

Қара желі Қобданың желдеткен де.

Бейбіт күнде айырылып ағайыннан

Ойды күдік, бойды муң меңдеткен де.

Деп туған жерге деген қимас сағынышын жырға қосып, сан жылдар бойы өсіп өнген ата қонысына қош аитып мәңгілік ел Ата мекен Қазақстанның әрбір ауыл аумағына кеп қоныстанды.

Қазақ елі тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қытай елінен сағынып Ата мекенді аңсаған елдің көші Ата жұртқа қоныстана бастады.

Қытайдан жане Моңғолядан көшіп кеп Ата мекенге қоныстанған   Ботақара батыр бабамыздың ұрпақтары жер жәнаты Жетісу Талдықорған қаласын да алғаш ірет Нұрлан Темірқанұлы, ақын Талапбек АЗАНБАЙ,  Бақтбек Қарағызұлы,  Серік Қарағызұлы, Жәзира Қадырбекқызы  қатарлы бір мұнша азаматтардың ұйымдастыруымен 2019 жылы наурыз айының 11 күні бас қосу жиналысын өткізді, Бас қосуға қазақстанның әрбір қала обылысынан 150 астам Ботақара урпақтары келіп қатысты. Моңғоля елінен тариыхшы абыз ағамыз Мақидолла Қинайатұлы, Астанадан Бақыт Солтанбай, Нурбақыт, Алматыдан Мүбәрақ Ғалымұлы сынды азаматтар Ботақара Батыр тарихынан ғылыми баяндама жасады. Міне осылаи алғаш ірет Ботақара батыр бабаның ұрпақтарының бас қосыуы қуанышқа толы мерей тоймен айақтады.

Арада бірнеше жыл өткізіп 2022 жыл наурыз айының 12 күні  Шығыс Қазақстан облысы Қалбатау ауданда Ботақара ұрпақтары Баһадур Ботақара батырды ұлықтау әр қандай Ботақара ұрпағының борышы атты үлкен бас қосу өткізілді,  демек бұл бас қосуда Қазақстанның  түкбір-тукбірінен ағылып келіп жиналған Ботақара урпақтары Қалбатаудың төрінде жер қайысты, береке бірлігі жарасқан қасиетті ұлы тұлғаның урпақтарның әр шаңырағында

Береке бірлік кетбесін деп айтқым келеді. Бас қосып қуаныштың төсін соғыстырыу, атақты бай жомарт телегей теңіз Жолаушыұлы Бажікенің шаңырағын бүгінгі күнге дейін шайқалтбай ұстаған дарқан Ырысбек Шонайұлының ақ ордасынан басталып көк қасқа ту бие, ақ сарбас қой сойылып, ақ бата жасалып жатқан сағынышты күндер көз алдыдан кетер емес, еңкейген қарт, еңбектеп ес жиған балаға дейін жүзінен қуаныштың нұрын байқаисың, қуанышқа толы той төрінде 300 ден астам Ботағара әулеті мен толығып алыс жақыннан келген ел ағалары ақ жаулықты аналар ізгі ниет-ықылас сөздерін жаудырып ортаға шығып  қуаныш толы жүрек сөзімен бөлісіп жатты, қандай керемет бір атадан тараған ұрпақтың өнер иесі, сөз иесі ақын, шешен жырауы сән салтанатты мәдени көркемдігімен ұласып көлдей көңілге жүрек қуанышын силап жатқандай. Ғасыр аттап көріскен баба ұрпағы сондай ыстық сезініп жатты.

Қазақ халқының киелі сөзінің бірі  ақынын ардақтаған ел азбайды деген аталы сөзге тоқтала кетсем, Керейдің Ботақара руынан шыққан жырауы Шәу Апашұлы, ақыны Төлебаи Бөжекұлының киелі қасиеті дарыған қазіргі қазақ ортасына танымал ақын Талапбек АЗАНБАЙ Өнерқан улы Ботақара батыр Тыныбек атадан тараған бір тұйақ, Баһадур ботақара батырдың жыр дастанын жазып күллі қазақ еліне пәш еткен дарынды ақперен ақынды елі төбесіне көтеріп астына ат мінгізіп, иығына шапан жауып, құрыметтеп, сексеннің сеңгіріне келген Қапақ (қажы) Молдақанұлы, орталық қазақстаннан келген Ботақараның қара шаңырағын ұстаған Ш Бақтқан ағамыздан бастап, Алматы қаласынан келген Кешік (қажы) Кәкешұлы,  Қаират (қажы) Айтоллаұлы, Білдіқанұлы Қаумен қатарлы ел ағалары бата беріп ағынан ақтарылды.

Моңғолия елінен жазушы тарихшы Тақыр Қалелұлы, Ақын қаламгер Әнсар Саиекеұлы , Моғолия жазушылар одағының атынан алғыс хат жазып қазақ елін де бас қосып батырын, ақынын құрметтеген Ботақара ұрпақтарына өз ризашылдығын білдіріп сәлем жолдады. Бұл жолғы бас қосу жоғарғы деңгейде қуанышқа толы өз маресіне жетті,  осы бас қосуды ұймдастырып басшылық еткен Ботақара урпағы Нұрғажат Қапақұлы, Алға Рысқанүлы,  Бақтбек Қарағызұлы, Өмірзақ Шайдоллаұлы, Серік Қарағызұлы, Ерғажы Қабасұлы, Қунболат Долдырұлы, Қонысбек Шадінұлы, Қурманбек Кенжақанүлы, Бәкен Нұрғалиқызы, Кенжебек Дәркенбайұлы, Хуат Мүталханұлы, Тұрат Айдаубайұлы қатарлы мықты азаматтардың ұйымдастырумен естен кетбес тарихта қалатын Ботақара Батыр урпақтарының  бас қосу мәртебелі тойы өз маресіне жеті.

Осындай берекесі жарасқан Ботақара Батыр урпақтары 2024 жылы қыркүйек айының 15 күні Сарыарқаның төрінде Баһадур Ботақара Батырдың 360 жылдық мерей тойын атап өтті. Батырдың асына екі мынан астам қалық жиналды 30 дан астам қазақ үй тігіліп, республикалық дәреже де ақындар айтысын өткізді. Әнші, күйші өз өнерлерімен Сарарқа даласын думаға бөледі.  Аламан бәйге, таи бәйге шаптырлды, Қазақстанның әр Обылыснан келіп балуандар күресті, асық атыу, қол күрестіру сияқты мәдени қимылдың неше түрі өткізілді. Абақкерейдің Батыры Ер Жәныбекің асы Қалбатауда, Баһадур Ботақара батырдың асы Сарарқада Тойланып Қазақ тарихында қалды.

Батырын ұлықтаған ел азбайды дегендей ұлан қайыр ұшқан құстың қанаты талатын кең байтақ қазақ жерін бүгінгі ұрпаққа аманат еткен батырлардың ұрпақтарымыз.

 

Нұрғажат Қапақұлы

2025 жыл 8 ақпан

 

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*