Руханият

ПРОЗАЛЫҚ МҮШӘЙРА!!!

95«Еліне ұран болған Ер Жәнібек» атты халықаралық прозалық шығармаларға арналған байқауының жалпы ережесі
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысында ерекше ерлік көрсетіп еліне ұран болған атақты батыр, қолбасшы, әділ би, ділмар шешен Ер Жәнібек Бердәулетұлының (1714-1792) туғанына 300 жыл толуына орай «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» атты халықаралық прозалық шығармаларға байқау жарияланады!

Ұйымдастырушы: «Ер Жәнібек»халықаралық қоғамдық қоры.
Байқаудың мақсаты:
А) Ер Жәнібек Бердәулетұлының ерлік істерін, қолбасылық қасиетін, қоғам және саяси қайраткер ретінде атқарған қызметтерін, шешендік тапқырлығы мен әділ билігін насихаттау, сол арқылы қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосу.
Ә) Ел тұтастығын сақтауға зор ықпал еткен, батырлық пен әділдікті ту еткен Ер Жәнібек Бердәулетұлының келбетін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, адамдық қасиеттерін үйрету, ерлік істерін өнеге тұту.
Б) Қаламгерлерге қолдау көрсету, жоғары деңгейдегі шығармаларды өмірге әкелуге ынталандыру, шығармаларын оқырмандар арасына кеңінен насихаттау.
В) Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтарға қызықтыру, тарихи тұлғалардың ерліктері мен өнегелі істерін насихаттай отырып қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Байқаудың талап-шарттары:
1) «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» тақырыбында прозалық шығармалар (әңгіме, новелла, эссе, повесть).
2) Байқауға кез-келген ұлттың өкілі қатыса алады.
3) Қатысушылардың жас мөлшері 18 бен 50 жас аралығында болуы керек.
4) Бұрын жарияланған шығармалар қабылданбайды.
5) Автор өзі ұсынған шығармасын өзінің өтініші арқылы ұйымдастыру комитетінің қарауынан алып тастай алады.
6) Ұйымдастыру комитеті авторлармен ұсынылған шығарма төңірегінде пікірталас өткізбейді.
7) Ұсынылған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
8) Байқауға жіберілген шығармалар көлемі 30 бетке дейін болуы керек.
9) Ұсынылған шығармалар қазақ тілінде, компьютерде (Times New Roman форматта, 14 шрифтпен) терілген болуы тиіс.
10) Ұйымдастыру комитеті жолданған шығармаларды жариялауға және жинақ етіп шығаруға құқылы.
11) Қатысушылар мен жүлдегерлерді құттықтау шарасының уақыты алдын-ала ескертіледі және олардың келіп-кету шығындары өз есебінен болады.
Байқауға арналған шығармаларды қабылдау уақыты: 2014 жыл 10 қазанға дейін қабылданады.
Шығармалар төменде көрсетілген мекен-жай бойынша қабылданады:
Email: erjanibek-300@mail.ru
Жеңімпаздарға тағайындалған жүлделер:

Бас жүлде – біреу
І орын – біреу
ІІ орын – екеу
ІІІ орын – үшеу
Арнаулы жүлделер – бесеу


3 пікір

  1. Pingback: Прозалық бәйгенің қорытындысы шықты

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*