Руханият

Зуқа батырдың 150  жылдық мерейтойы Қазақ елінде мәресіне жетті

Алматы қаласы маңындағы “Қазақ үй” салтанат кешенінде Арыстан қажы және атбал ел азаматтардың бастамасымен “Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойының” бір жылдық қорытынды шаралары салтанатпен өтті. Тойға әлемнің оншақты елінен мыңға жуық қонақтар қатынасты. Мерейтойлық шара жалпы халықтық сипатта өтті, дейді BAQ.kz тілшісі.

Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық ұлытойымен тұспа-тұс келген шарада, алты қазақ үй тігіліп жалпы халыққа ас берілді.Гала-Концерт қойылды. Осы орайда Нұр-Мусахан мешітінде аруақтар рухына құран қатым түсіріліп, соңынан биылғы жылы жарық көрген Байахмет Жұмабайұлының «Рухы асқақ Ер Зуқа» және «Зуқа батыр» атты жинағы, қоғам қайраткері Сағат Заханқызының «Ұлы көш: Аңыз бен Ақиқат», Бақытбек Бәмішұлының «Зуқа батыр – аласапыран замана арыстаны» кітаптары және Нұрлан Бибрал мен Жұмабай Мәдібайұлы құрастырған «Зуқа батыр Сәбитұлының мерей тойынан» атты альбомның тұсаукесері өтті. Батыр баба туралы тың деректермен толықтырылған жаңадан басылған бес кітап халыққа таратылды.

“Кітаптың тұсаукесер рәсімін мешітте өткізу бұрын соңды болмаған жағдай. Ақ батамен тұсау кесер рәсімін мешітте өткізу де тағылымды болса керек. Осы жиында сөз алған ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, қайраткер Уәлихан Қалижанов мырза «Қазақтың Зуқа батыры» атты баяндама жасады. ДҚҚ біріші орынбасары Талғат Мамашов, Талғат Қосжігіт, Әбдірахман қатарлы қоғам қайраткерлері лебіздерін білдірді. Қытайдан арнайы тойға әкелінген кәдесыйлар таратылды” – дейді ұйымдастырушылар.

Таңертең басталған той алыстан келген қонақтарға арналған кешкі қонағасымен жалғасты.

7-ші қазанда елордамыз Астана қаласындығы ЕҰУ-тінің “Отырар кітапханасы” ғылыми орталығында «Зуқа Сәбитұлы және Қытай қазақтары: тарихы мен тағдыры» атты халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Германиядан Абдрахман Четин, Әлихан Жаналтай, Түркиядан Әбдіуахаб Қара, Есадулах Четин, Қытайдан Шайсұлтан Қызыр, Байахмет Жұмабайұлы және ЕҰУ-тінің ғалымдары мен ғылыми қызметкерлері мен “Зуқа батыр-150 жыл” ұйымдастыру алқа мүшелері қатысты. Конференция жұмысы барысында айтылған түйінді ой-пікірлер негізінде Зуқатану және Қытай қазақтарының тарихи мәселелерінің көкейкестілігін басшылыққа ала отырып, оған қатысушылар қарар қабылдады.

“Отандық тарих ғылымының дамуын ескере отырып Зуқа батыр туралы зерттеулерді тереңдету және оның сындарлы ғылыми нәтижесін жалпы халықтық игілікке айналдыру. Тұлға тану бағытында Зуқа батыр туралы арнаулы басылымдар шығару және орталықтар ашу, «Зуқа Сәбитұлы және Қытай қазақтары: тарихы мен тағдыры» атты халықаралық ғылыми конференция материялдары университет баспасынан арнайы жинақ түрінде баспадан шағару” – қатарлы 8 түрлі қарар қабылдыды.

«Рухы асқақ Ер Зуқа» және «Зуқа батыр», “Қазақтардың Түркияға көші”, «Зуқа батыр Сәбитұлының мерей тойынан» қатарлы кітаптар “Отырар кітапханасы” қорына тапсырылды.

Жыл басынан басталған той аясында Зуқа батыр туралы 1 деректі филым жасалып республикалық Алматы теле-арнасынан көрсетілді. Астанадағы ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде көрме ұйымдастырлыды. 8 кітаптың түсауы кесілді. Оннан аса ғылыми-мақалалар жарияланды. Қазақстандағы және шетелдегі теле-радио, газет-журналдар мен ақпараттық сайыт-порталдарда жыл бойы жаңалықтар беріліп, батыр рухы халыққа насихатталды.

Әлемнің оннан аса елінде, жирма қаласында аталып өтілді. ҚР шетелдегі елшіліктері, Халқаралық ұйымдар, ҚР әр қаладағы әкімшілітері мен жеке азаматтар демеушілік жасап ұйымдастырды.

“Зуқа батыр-150 жыл” ұйымдастыру алқасы тойды өткізуге атсалысқан барлық азаматтарға зор алғыс айтады. Қазақ елінің тәуелсіздігі баянды болсы! Егемендіктің 25 жылдығы құтты болсын ағайын!

https://baq.kz/kk/author/107

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*