Биыл Алаш партиясының құрылғанына 100 жыл. Қазақ деп ыстық қаны мен маңдай терін, ақыл-парасатын арнап өткен Алаш арыстарының тойы ЭКСПО қарбаластығымен көлеңкеде қалып қойғаны бәрімізді қынжылтатын жағдай еді. Алайда осыған орай айтулы шара тоғызыншы тамыз күні ОҚО Отырар ауданында дабыралы түрде тойланып өтті.
Алаш партиясының 100 жылдығы аясында, Отырар ауданы әкімдігі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми зерттеу институты ұйымдастырып отырған республикалық ғылыми-тәжирбиелік конференция «Алаш автономиясы – ұлттық тәуелсіздіктің негізі» деген атпен аталып Отырарда шымылдығын ашты.
Айтулы шара елдегі кәсіпкер азамат «Otyrar Group» жауапкершілігі шектеулі серіктігінің директоры Әбдімәжит Сыздықбековтың қаржылай қолдау көрсетуімен өтіп жатқаны бәрімізді қуантты. Құрметті қонақтарды аудан әкімі Ерлан Айтаханов бастаған отырырлықтар күтіп алды.
Алаш рухын ардақтаған тойдың басы тоғызы күні тәңертең баптардың бабы Арстан бабтың басына жиналып , қара қой сойып, құран оқып зиарат етуден басталды.
Түс әлетінде аудандық мәдениет сарайына жиналған қонақтар Алаш идеясын қайта тірілту мақсатында өтетін ғылыми тәжирбиелік конференцияға қатынасты. «Алаш автономиясы – ұлттық тәуелсіздіктің негізі» атты конференция ҚР ҰҒА академигі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, профессор Дихан Қамызабекұлының құттықтау сөзімен басталды.
Конференция барысында Тұрсын жұртбай, Сұлтанхан Аққұлы, Зиябек Қабылдинов, Шерубай Құрманбайұлы, Ербол Тілешов, Әбдуақап Қара, Хазіретәлі Тұрсын, Қайырбек Сәдуақасов, Қайырбек Кемеңгер, Амантай шәріп сынды белгілі алаштанушылар баяндама жасады. Бұл күнде ұрпақ санасынан үзіліп қалған кешегі Алаш рухын қайта тірілту мақсатында ел болып не істеу керектігіміз туралы жан-жақтылы талқыланды.Осы бір келелі істі атқару барысында зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдерінің, Ұстаздардың, ата-аналардың атқарар міндеті атап көрсетілді. Алаштықтар жайында кітаптар шығару, кино түсіру турасында қатысты орындарға тапсырмалар берілетін болды.. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың атына Шымкент қаласынан көше беру, республика көлемінде жоғары оқу орынының атын беру сияқты келелі істер қарастырылды.
Конференциядан кейін аудан орталығындағы «Жұлдыз» мейрамханасында алаш рухына бағыштап ас берілді. Бұл тойдың өтуіне «Ер Жәнібек халқаралық қоғамдық қоры» да бей-жай қарап қалған жоқ. Қордың атынан арнайы барған Жазушы Жәди Шәкенұлы Ас үстінде Алаш орда және Алаш өкілдерінің қытай қазақтары арасына барған жалғасы туралы маңызды сөз сөйледі. Сонымен қатар қор президенті Жеңіс Түркияұлының құттықтау сөзін жеткізіп, тойды ұйымдастырушы Әбдімәжит Сыздықбеков пен аудан әкімі Ерлан Айтаханов бастаған азаматтарға шапан жапты. Силықтар ұсынды.
Кешкілік шаралар барысында Ш.Қалдаяқов ауылында орналасқан «Алаш» аллеясында обылыстық өнер жұлдыздырының қатымсуымен сахыналық қойылым мен гала-концерт өтті.
Осылайша отырар топырағында Алты Алашқа жар салған «Алаш» тойы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, бабалар аманатын келешек ұрпақ санасына сіңіру негізінде жалғасын тапты. Биылғы жылы ел болып жаппай тойлауға тиісті Алаш автономиясының 100 жылдық тойының азда болса ел көңіліндегі олқылығын толтырды.
Той соңында жиналған жұрт «Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» – деп Ақхмет Байтұрсынұлы айтқандай жұртым дейтін ерлеріміз аман болсын, ел еңсесі биік болсын деп тілеп, дабырласып тарқасты.
Дайындаған: Ретбек МАҒАЗ