Руханият

Қазақ оппозициясы араға 20 жыл салып Астанада брифинг өткізді

Бүгін Астана қаласында «Жаңа Қазақстан» форумының өкілдері брифинг өткізді.

Баспасөз мәслихатына саясаткер, Әміржан Қосанов, саясаттанушы, Расул Жұмалы және саясаткер, Серікжан Мәмбеталин қатысты. Брифинг барысында форум мүшелері «Жаңа Қазақстан» өкілдері дайындаған 33 баптан тұратын саяси бағдарламаларын таныстырды.

Саясаткер, Әміржан Қосанов: «Жаңа Қазақстан» форумының тарихы өте қысқа. Өйткені өздеріңіз білесіздер қазір Қазақстан саяси алаңында оппозициялық партиялар жоқтың қасында. Ресми түрде «ЖСДП» партиясы бар. Бірақ өкінішке орай соңғы кездері оның саяси белсенділігі төмендеп кетті. Бірақ қоғам оған қарамайды. Қоғамда әртүрлі процесстер жүріп жатыр. Девальвация, 20 жылға созылған әлемдік дағдарыс, коммуналды қызметтердің бағасы мен тарифінің қымбаттауы, ұлттық қауіпсіздік, елімізге төніп тұрған геосаяси жағдайлар бұның барлығы халықты алаңдатуда. Сондықтан белгілі бір күш керек. Қазір билік те, қоғамдық ұйымдарда көптеген бағдарлама қабылдап жатыр. Бірақ олардың барлығынің қателігі халықтың пікірімен санаспайды. Олар жоғарғы жақтан жиналып, құрылтайда немесе пленумда қабылдай салады. Бірақ біз басқа жолмен кеттік. Біз әлеуметтік желіде, «ДАТ» газетінде 33 баптан тұратын саяси бағдарламамызды жарияладық. Осы 33 бапта біз Қазақстанда нені жаңарту керек, нені өзгерту керек сол жөнінде айттық. Бүгінгі біздің мақсатымыз осы бағдарламаларды сіздерге ұсыну. Менің бағдарлама туралы айтарым, үш нәрсе. Бірінші, экономика, әлеуметтік мәселелер жөнінде айтқан кезде ең басты мәселе саясатқа келіп тіреледі. Біздегі президенттік, парламенттік, үкіметтік және сот жүйесі халықтың бақылауынан тыс. Сондықтан біз ойлаймыз, бізге әділ, ашық сайлау керек. Екінші, барлық саяси тұтқындарды яғни билікке сын айтқан Арон Атабек, Макс Боқаев, Мұхтар Жәкішев, Мұратбек Тұңғышбаев сияқты азаматтардың барлығы дереу босатылуы керек. Біздің талабымыз сол және болашақта өзінің саяси көзқарасы үшін ешкім қудаланбауы тиіс. Үшінші, қазір Қазақстанда люстрация жөнінде көп айтады. Біздің ұсынысымыз былай, иә осы саяси жүйеге қызмет жасап, заңды бұзған, жемқорлыққа салынған, саяси қылмыстарға қатысып адамдарды өлтірген, Заманбек Нұрқаділов, Алтынбек Сәрсенбаев, Батырхан Дәрімбет, Асхат Шәріпжанов сияқты әліде құпиясы ашылмаған өлімдерге жауап беретін адамдар ертең міндетті түрде жазасын алу керек. Ол саяси моральдық баға».

Cаясаттанушы, Расул Жұмалы: « Біздің саяси бағдарламамызға келетін болсақ, бұл жерде көптеген мәселелер бар. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына 27 жыл болды. Тәуелсіздігін алған кезде еш бір мемлекет бірден тәуелсіз бола алмайды. Бұл ұзақ үрдіс. Қазір Қазақстан экономикалық, саяси, әскери, инвестициялық, ақпараттық тұрғыдан тәуелсіз мемлекет деп айта алмаймыз. Бұның арты неге апарады? Қазақстанды қандай өзгерістер күтіп тұр? Өзгерген ештеңе жоқ. Кез келген мемлекетте өзгерістер ерте ме, кеш пе болады. Кейбір мемлекеттерде жаңа президенттің келуі үлкен дағдарыстарға ұшыратады. Кейбір мемлекеттерде осындай бет бұрыстар тоталитарлық жүйенің демократиялық жүйеге мәдениетті түрде өтуіне алып келеді. Қазақстанда да ерте ме, кеш пе сол өзгерістер болады. Мәселе, сол өзгерістердің құны қандай болады? Қоғамның өзі, қазақ халқының өзі бұл мәселені өзі шешпей, саясатпен айналыспай оны сырттан біреу келіп шешіп бермейді. Біздің ең негізгі мақсатымыз осы түсінікті әр бір Қазақстан мемлекетінің азаматына жеткізу… Біздің мақсат Қазақстанның Тәуелсіздігін шектейтін халықаралық ұйымдардан, ең бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақтан шығу. Тағы бір үлкен мәселе біздің Қытай алдындағы жылдан жылға өсіп келе жатқан қарызымыз. Ерте ме, кеш пе, бізге оны қайтару керек болады. Бұлда үлкен проблема. Кезінде дәл осы Қытайдың қарызын қайта алмаған мемлекеттер жер асты байлықтарымен, жер аумағын берумен есеп айырысуға мәжбүр болды. Қазақ бұндай жағдайға бармау керек. Ендігі бір сезімтал мәселе ол Қытайда қысым көріп жатқан 1,5 миллион қазақ мәселесі. Біздің өкілдер жақында ғана Қытайда болып қайтты. Әрине бір-екі сапармен бұл мәселе шешіле қоймайды. Егер олар шын мәнінде қысымға ұшырап жатса, бұл халықаралық адам құқықтары талаптарына да қайшы, біздің қазақ пен қытай арасындағы байланыстарымызға да қайшы. Біз Брюссельге жасаған сапарымызда да, Уашингтонға жасаған сапарымызда да осы жөінінде айттық, көтердік».

Брифингке қатысушы үшінші өкіл Серікжан Мәмбеталин мәлімдеме жасауға құқығы жоқ екендігін айтып, жай ғана өзін таныстырды.


Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*