Бейнематериалдар

Ағажай Алтай

Бұл әннің тарихына келер болсақ, ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында шыққан деген мәліметтер бар. Әннің шығу тарихы өте арыда болуы да мүмкін.  Бұл – көп бұрмалауға ұшыраған ән, сөзі бірнеше рет өзгерген. 

Кейбір деректерде өр Алтайдан ұзатылып, алыс жерге кеткен қыздың ағасы іздеп келгенде, қарындасы ағасын құшақтап, көрісіп айтқан әні делінеді. 1952 жылы Көктоғай деген ауданда Мәскен деген кісі сахнада бірінші рет орындаған. Әннің нақты авторы жоқ, дегенмен әнді шығарған адам ретінде бірер кісілердің аты аталады. Белгілі ғалым Жүкел Хамай ағамыздың дерегі бойынша, өр Алтайда өмір сүрген Атантаев Баби деген кісінің Зәмзәм деген қызы ұзатылып бара жатқанда, осы әуенді сыңсып айтқан екен. «Бұл ән ХІХ ғасырда бар сарын еді» дейді. Сол Зәмзәмнің сыңсыған әуені арқылы артынан қуғыншы жеткен көрінеді. Кейін қуғын – сүргін, шапқыншылықты көп көрген өр Алтай өңірінің халқы бұл әннің мәтініне өзгерістер енгізген деген дәйектер бар. Бұл Ағажай-Алтай әнін кіші «Елім-ай» деп айтуға келеді. Себебі бұл әнде де халықтың зары мен өкініші жайлы жырланады. wikipedia

Теги: , , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*