Шежіре

Алтай кімге керек?

Күллі Түркі жүртының ата мекені, Америкадағы үндістердің «Кіндік Алтайы», табиғаты мен тарихы таңғажайып алып аймақ –  Алтайдың тағдыры кімді болмасын толғандырмай қоймайды. Әсіресе Алтайдың күңгейі мен теріскейін жайлаған Қазақың бұл мәселеде айтары бөтен,  армандары мен дәрмендері  әрқилы.

Сенатор, ғалым ағамыз Әділ Ахметовтың сөзімен айтар болсақ: «Алтай күллі Түркінің шыққан жері, ата мекені. Күллі адамзаттың алтын бесігі».  Өкініштісі сол Алтайдың төрт бұрышы төрт елге қарап «төртеуі түгел болмай тұр».  Қытайға қараған бетінде қарт алтайдың көз жанарындай қос көлі Үліңгір мен Қанасы жатыр. Тарам-тарам болып құлап аққан жеті өзені қысық көздердің кепкен кенезесін жібітіп, майы мен көмірін, алтыны мен темірін сорған қомағайлардың құлқынын толтыруға бұрылды.  Ертіске құятын өзендердің басына салған кен орындарынан аққан улы қалдықтарға ие бола алмай, қойманы бұзып кетті деп өткен жылы бір рет ауыр умен улады.
Шыңғысханның өкіл әкесі, атақты Тұғұрлдың тұқымдары  XVII –XVIII ғасырда үшінші рет ата мекендері Алтайға көшіп барып қоныстанған болатын. ХХ ғасырдың басы мен ортасына қарай  зұлым Қытай мен қатыгез Сталинның жымысқы саясаттарының құрбаны болды.  1949 жылы Манас өзенінде соғыс тоқтатқан Ұлттық армияның  генералдары мен қазақ басшылары «Ұшақ апатында өлді» деген желеумен  өлтіріліп,  Ұлттық армия жауынгерлері Сталинның қысымынан  соғысты жалғастыруға мүмкіндік ала алмай, ақыры  Қазақтың тәуелсіздік деп соққан жүрегін ауыр соққыға ұшырады. Мүмкін сол жүректер әлі соғып та жатқан болар.  Енді ондай мүмкіндік туа ма жоқ па оны Алла білер. Ендігі кезек қойдан қоңыр қазағымның басына түсті. Дінді шектеп, тілден айыра бастады. Жайлауын алып, суын иемденген қысық көздер ата-бабасынан көрмеген ырғын байлықтың құшағына енді. Тілі шүлдірлеп шыққан қара домалақ қазақтар мұқтаждықтың әсерінен қоңыр тіршіліктен сол қысқтардың қыңыр тіршілігіне бет бұрды.
Қазір Қытайдың Алтай аймағының 50 пайыз халқы қазақтар. 300 мыңға жақын қазақ сонда өмір сүруде. 20 жылдан бері шақырған Тәуелсіз Қазақ еліне бет бұруға біреудің шамасы келді, біреудің шамасы келмеді. Біреулердің шамасы келсе де алып Алтайын қиып кете алмады. Алтын босағасын, ата-баба жұртын тастап кетуді ар көрді, намыстанды.  Тірі болса Алтайда тентіреп, өлсе құшағында жатуды мақсат етті. Тау елінің ерлігі осылай көрніс берді. Кім білсін экономикасы мен саясаты, адамгершілігі мен пиғылы қақырай бастаған Қытайдың басына  күн туа қалса ол қайран елгеде бір мүмкіндік болар. Алла тағала ол қазақтардың да ниеті мен көз жастарын көрер.  Кешегі алып Кеңес Одағыда солай тоз-тозы шыққан.  Қытайдың да бет алысы мәз емес.  Иллаһи…
Ал терістік Алтайда Алтайлар мен Теленгіттер жатыр Алтай республикасы болып. Өкінішітісі осы Алтай деген ұлттың христан дінін ұстайтын Керейлер мен Наймандар екенін, Шыңғысханның қылышынан қашқан Меркіттер екенін біреу білсе біреу білмейді. Алтайлар ислам діні жетпей қалған қазақтар болатын. Сталин осы өзгешелікті мықты пайдаланып Алтай ұлтын қолдан жасап, қарығы ашылмаған халықты екіге бөлді.  Тура Енесей Қырғыздары (Хаккастар) мен Ыстық көл қырғыздары сияқты.  Алтайлардың тілі 80 пайыз көне  қазақша, 10 пайыз мұңғұл диалекті, 10 пайыз орыс тілінің қоспасы. Алтайлар көне Түркілердің Шаман дінінде қалды. Дүние танымы баяғы Алтай  қазақтарымен бірдей. Тіпті музыка аспаптары мен тұрмыс салттарына дейін Алтай қазақтарына ұқсас, тек дін жетпей қалған.  Ал Теленгіттер – біздің Төлеңгіттер болатын, яғни Шыңғысхан ұрпақтарының атшы-қосшылары болатын.
Алтай Республикасының  30 пайызы яғни 70 мыңдайы Алтайлар. Олардың бір бөлегі өздерін Телеуіт, Щор ұлтымыз деп атап жүр. Міне бұл ұлтты бөлшектеудің орысша үлгісі болатын. Арақты атасының асындай ішуді үйреткен орыстар ақыры Алтайлардың ұлттық сапасына да осындай түрлі жолдармен әсер етті. Жан саны өспей, дүниеден бейхабар, арақкеш ұлттқа айнала бастады.   Президенті де орыс – Бердников Александр.  Жолыңыз түсіп Таулы Алтай қаласына бара қалсаңыз танысқан Алтайлар өздерін «Ұлтым – Алтай, руым Керей немесе Найман, тіпті Меркіт» – деп айтатыны бар. Осыдан 20 жылға жуық уақыт бұрын Қазақстан шекарасында ұлты Керей боп жазылған Қазақтарды көріп Қазақ шекарашылары олардан ұлтын қайтадан жазып әкелуді талап етіпті, міне бұл Орыстардың тағы бір айласы болса керек.  Қайран аңқау жұртым мәз боп жүргенде біреулер оларды сыртынан саудаға салып жатыпты.  Соңғы 5-6 жылдан бері Алтайлар ұлттық мүддені мықтап көтере бастады, тіпті Түркі халықтарымен қарым-қатынастарын күшейтіп рухани жақтан серпіле бастады. Енді оларға Түркі жұрты арқа тірер тірегі болып көрінуде.
Ал Мұңғұл Алтайы қара көз қазақтарымыздың қолында. Кәзірше басқа Алтай жерлеріне қарағанда елі орынша, жері бұрынғыша. Бейбіт.
Ал туыстас біз қазақтар сол діні басқа, Терісті Алтайдағы бауырларымыз үшін не істеп бердік? Түк те. Тіпті анау Қытайдағы қазақтардың тіліне тұсау салынғанын  да көре тұрып «мыңқ» етуге жарамадық. Қытайдағы қазақтар – жетім қазақтар болды да, Алтайлар өгей балалар болды.  Осылайша байлығымызды сүліктей сорған Қытай мен Орысқа бас көтеріп қарауға шамамыз келмеді ме?
Жо,жоооооқ. Мына мәңгүрттенген қазақтарға тек ғана ақша керек. Атақ керек. Ұрпақтың болашағы мен бабалардың аманаты олардың миына кірмек емес. Олай болуға мемлекетте  де саналық тәрбие жүргізіліп жатқан жоқ. Өз елінде барды өзіне жеткізе алмай жүріп ол «Бейшараларға» қайдан көмек болсын. Мүмкін олардан қызғанатын шығар бәз біреулер.  Ал жүрегінде оты, кеудесінде намысы бар қазақтардың қолы әлі ауыздарына жетпей жүр. Енді қашан жетер екен?
Масондардың майда саясатына қылқынған билік ұлттық мүдде туралы айтсаң тек бас изейді де буынып қалады.  Ауылда отырып, үй салуға жер таба алмай жүрген бейшара қазақтар осы біздің қазақтар болар. Бәлкім Қазақстан сол Алтайлы қазақтардан көмек күтіп жүрген де болуы мүмкін.  Иә олар аямай көмектесті. Қазақстан тәуелсіздік  алғанда Мұңғұл Алтайы жүз мыңдаған ерікті жауынгерлерін жіберіп ұлттың саны мен сапасына ұлес қосты, намысын оятып, жүректерін жібітті. Қазақы ақпарат саласын қалыптастырды.  Ал Қытай қазақтары тіпті 1960-1962 жылдардың өзінде неше жүз мыңдаған адамын жіберіп хал үстінде жатқан қазақтың жүрегіне жан бітірді. Кеше ғана тәуелсіздіктен кейін келген  Алтай қазақтары «бітпейтін құжаттар» мен «таусылмайтын кедергілерге» қарамай Қазақстан үшін жан кештілікпен жұмыс жасады. Тіпті сол шеттен келген қазақтар мына кедергісі мен кесапаты көп қоғамда тұрақтап тұру үшін әлі күресіп жатыр.  Кеткен орыстың орнын толтырып, қашқан немістің күркесіне ие болды. Бірақ оларға жер тимеді.  Неге?  5 қазақ жер алып мың қазақ далада қалады?  Неге 5 қазақ үй алып,  мың қазақ пәтер жалдайды? Ол кімге керек? Мүмкін қолы аузына жепеген қазақ саясатпен алыспайды деп ойлайтын болар. Онда қателескені, тура солай ойлағандардың тұқымы болашақта Қазақстанда табан тіреп тұра алмайтын болады. Ендеше ұлы Алаш идеясы қайта көтерілу керек. Ол: «жер, жер және жер». Мұны Әлихан Бөкейхан атамыз айтқан болатын.
Енді «Әлқиса сөзімізге оралайық. Алтай кімге қалу керек? Біздің қуанышымыз бен жұбанышымызға ортақтасқан, жан аямай көмектескен  Алтай жұртына қарыздармыз, білген адамға.
Алтай ұлы Түркілердің бізге қалтырған сыиы болатын, аманаты болатын. Оны Күлтегін бабамыздың өсиетінде, тасқа қашап жазып кеткенін бәріміз білеміз. Ендеше Алтай тек ғана біздікі болуға тиісті.   Ол үшін ұлттық әлеуметтік жағдайды сөз жүзінде емес іс жүзінде орындауға көшкен абызал. Тек ақша мен атақты мақсат еткен жабайы экономикалықсаясаттан гөрі нақты қоғам мен елге сай әлеуметтік экономикаға бет бұруымыз керек.  Әлеуметтің әлеуеті көтерілсе анау қара көздерімізге де көмектесуге мүмкіндік болар еді. Ал мүмкіндігі бола тұра тым болмаса сөз жүзінде қолдап, сенім мен медет беретін Қазақ елінің билігі моралдік жақтан шіріген, тұлғалық жақтан тұралаған.  Олар, яғни биліктегілердің біразы  анау 40-45 жылдардың жетімдері.  Ал олардың орнын басатын біздің міндетіміз өте ауыр. Бұл ұлы Алтайды сақтап қалуға шамамыздың келісінше құлшынуға жетелейді.  Заман осылай дами берсе орыс азаяды, азады.  Қытай өзін-өзі жеп, қақырайды. Біз сол кезде Алтайға көмектесуе дайын болуымыз керек. Ұзақ болашақтық саясат ұрпақ қамымен сәйкесуі керек, ағайын! Біздің Қазақ ғана емес күллі Түркі жұрты Алтайға қарыздар. Ол біздің Алтай әрі солай болуға тиісті. Мүмкін біздің қолымыздан не келер деп ойларсыздар. Алла қаласа бәрі келеді.  Қазірдің өзінде саяи, экономикалық, рухани жақтан қолдауға Қазақстанның шамасы қаптал жетеді. Алыстағы ағайындарымызды мейлі олар Ислам дінінде болсын, болмасын қолтығынан демеп, үміттеріне шуақ беруіміз керек.  Бүгінімізге мәз болғаннан гөрі ертеңіміз үшін ойланғанымыз абызал.  Тек ниет таза, жүрек орнында болса, бәрі де оңалар!
Ұлы халықта ұлы мұрат болады!
Бейсен  Ахметұлы

Теги: , , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*