Руханият

«Елім деген Ер Оспан» атты жыр мүшәйра өтеді

Биыл XX ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен, ұлт азаттық қозғалысының қолбасшысы Оспан батыр  Сіләмұлының (1899-1951) туғанына 120 жыл толды. Осыған орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры ҚР Жазушылар одағымен бірлесіп, даңықты батырдың 120 жылдығына арнап халықаралық деңгейде ауқымды шаралар ұйымдастырып отыр. Соның бірі – «Елім деген Ер Оспан» атты жыр мүшәйрасы.

Мүшәйраның талаптары мен шарттары:

  1. Іс-шараның мақсаты:

Бұл мүшәйра Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, ел Тәуелсіздігін ұлықтау, елім деген егей тұлғалардың ерлігін дәріптеуді өзіне мақсат етеді.

  1. Конкурс талаптары:

Мүшәйраға 40 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады. Бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлең қабылданады. Оның бірі Оспан батырға арналған, екіншісі еркін тақырыпта болуы шарт.

Әр өлең 15 шумақтан аспауы керек. А4 форматта компьютерде теріліп, бiр данасы (электронды түрде) ұйымдастырушыларға жолданады. Мекенжайы мен телефон нөмері сияқты ахпараттар айқын көрсетілуі тиіс.

Мүшәйра жабық түрде өтеді. Үміткерлердің туындыларын арнайы қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді.

Ұйымдастыру алқасы мүшәйраға қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 15 шілдеге дейін қабылдайды. Мүшәйра жеңімпарзары қыркүиек айында марапатталады.

Тапсырылған өлеңдер қайтарылмайды.

І орын – біреу. 500 мың,

ІІ орын – екеу. 300 мыңнан

ІІІ орын – үшеу. 200 мыңнан

Мүшәйрада ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған.

Ұйымдастырушылар:

ҚР Жазушылар одағы, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры.

Байланыс:

E-mail: erjanibek.2007@gmail.com

Mob.: +7 707 7900097

Теги: ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*