Тəуелсіздік ұғымы Хасан Оралтай үшін аса мəнді, аса қастерлі ұғым. Бала жасынан азат болып өмір сүрудің, тəуелсіз ел болудың не екенін біліп, ұлт-азаттық жолында күрескен, елін құлдық өмірден азат еткен батыр Қалибек Хакімнің ақыл-парасатын, кемеңгер терең ойын ұғынып өсті. 1947 жылдың басынан бері Хасан Оралтайдың əкесі Қалибек Хакімнің Үрімжімен сөйлесулерінің бірінде: «Ол кездесуге əкем төрт алтын, екі күміс барлығы алты медалін тағып барады. Оны көрген Шежу Жан: «Не деген көп медаліңіз бар» дейді. Əкем оған: «Бұл медальдарды маған халқыма өкіл болып келгендіктерін айтқан түрлі топтар тақты. Мен бұларды маған тағушылардан гөрі, осы медальдардың үстіндегі белгі рəміздер мен жазуларға лайық болуға тырысудамын» деп жауап қайырған. (Ол төсбелгілерде ай-жұлдыз белгісі жəне тəуелсіздік, жанқиярлық, азаттық деген сияқты сөздер бар-ды.) («Елім-айлап өткен өмір», Алматы, 2005.Б.53.). Тағы бір сəт елмен қоштасып, Көкліктен көшер алдын, ел арасында «Қайда барамыз?», «Барған жерімізде қалай жан ағамыз?» деген сияқты орынды сауал қойылғанда, əкесі Қалибек Хакім: «Құл болып, хайуан малға ұқсап өмір сүргенше, құлдық астында өлгенше, ерікті өмір сүру, ерікті-азат адам болып өлу үшін күресу игілікті. Алладан басқа сүйенеріміз жоқ… Түркістан халқының қол жеткізу үшін күресіп жүрген негізгі мəселесі Түркістанның ұлттық тəуелсіздігі. Бұны осылайша ашық айту керек. Коммунизмнің қанды шеңгеліндегі Отандарын тəуелсіздікке жеткізу үшін күресті жəне күресуде, бұдан былай да сол жолда күресе береді… Түркістан халқы ұлттық тəуелсіздік жолындағы күресінде Түркістанның ұлттық тəуелсіздігін мойындамай, халқымыздың ол жолдағы ісіне кедергі болатын əрекеттер жасайтындарды ешуақытта да кешірмейді» – деп жауап береді.
Тəуелсіздік, Алаш, Алашорда ұғымы жазушы Хасан Оралтай үшін бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Оның дəлелі – бала кезінен құлағына құйып өсіп, жүрегінде терең із қалдырған əке арманын əлемдік деңгейге шығарды. «Алаш – Түркістан түріктерінің ұлт-азаттық ұраны» атты шетелдегі қазақ түріктері туралы жазылған тұңғыш кітабын (Стамбұл, 1973) Хасан Оралтай Алаш мұраттарына қызмет ету мақсатымен жазған. 1973 жылдарда батыста Алаш, Алашорда жөнінде кітап түгілі мақала да жазылмаған кезең. Тек Зəки Уəлиди Тоған кітаптары мен Мұстафа Шоқайдың мақалаларында қысқаша айтылған-ды. Хасан Оралтайдың аталған кітабына əр тараптан шабуылдар жасалды, шындықты бұрмалағысы
келетіндер де табылып жатты. Ал Түркияның көрнекті жазушылары мен белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, журналистері өз тараптарынан жылы лебіздерін білдірген. Кітапта «Алаш» атауына жан-жақты түсінік берілген. Сонымен бірге бүкіл Түркістан тарихында маңызды орын алған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі туралы қысқаша мəліметтер келтірілген. Алаш мұраттары жолында қызмет еткен азаматтардың бір тобы жайында қысқа да болса да мəліметтер берілген. Кітапта «Алаш» атауына жан-жақты түсінік берілген. Сонымен бірге бүкіл Түркістан тарихында маңызды орын алған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі туралы қысқаша мəліметтер келтірілген. Алаш мұраттары жолында қызмет еткен азаматтардың бір тобы жайында қысқа да болса да мəліметтер берілген. 1960-жылдардың ортасында Мюньхен қаласында қазақтардың қоғамы ретіндеқұрылған Түрікелі комитетінде 1968-1970 жылдар арасында хатшылық қызмет атқарады. Осы кезеңде Алашорда Ұлттық үкіметінің 50-жылдық мүшелінің Мюньхен қаласында аталып өтілуіне жəне ол туралы Түркияның түрлі баспасөз орындарында көлемді мақалалар шығуына тікелей мұрындық болған. 1968 жылы Алашорда Ұлттық үкіметі жөнінде баяндама жазып, оны түрікшеге аударып, Түркияның баспасөздерінде («Отүкен», «Федай»,«Мілли Ышық», «Мілли Əрекет» атты журналдарда) жариялаған. Сонымен бірге оны жеке кісілерге хат арқылы да таратқан. Түрікелі комитетінің 1986 жылғы 16-18 желтоқсан оқиғасында жауыздыққа душар болған қазақ халқының, қазақ жастарының қамқоршысы болуға тырысқан істерінде Хасан Оралтайдың еңбегі зор. Соның дəлеліндей 1988 жылы Стамбұлда «1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары» атты кітабы жарық көрді. «Азаттық» радиосында істеген 28 жылға жуық өмірінде Хасан Оралтай əр жылғы желтоқсан айын міндетті түрде арнаулы мақала, сұхбаттармен атап өтуді дағдыға айналдырған. Ол хабарлар: 10-шы желтоқсан – «Түркістан Мұхтарияты» үкіметінің (10.12.1917 ж) құрылған күніне арнап, оның бастықтары болған Мұхамеджан Тынышбайұлын, Əбдірахман Оразайұлын, Мұстафа Шоқайұлын еске алу күні; 13-ші желтоқсан – 1917 жылы құрылған Алашорда Ұлттық үкіметінің құрылған күнін ұлттық мереке ретінде атап өту; 17-18 желтоқсан – Желтоқсан оқиғасына арналған бағдарламалар; 27-ші желтоқсан – Мұстафа Шоқайдың қаза болған күніне орай дайындалған бағдарламалар. Ол кісі басшылықтан кеткеннен соң, бұл дағды бұзылғандығын «Елім-айлап өткен өмір» кітабында былайша баяндайды: «Өкінішке орай, ұзақ жылдардан бергі «Азаттық» радиосы қазақ бөлімінің сол бір дағдысы, жеке-жеке жəне бəріне бірдей сан рет атап тапсырып, қағазға жəне таспаға жазылған барлық қажетті дайын материалдарды қолдарына ұстата отырып: «Осы дағдыны берік ұстаңдар. Бұл Отаны, ұлты үшін жəне ұлттық тəуелсіздігі үшін күресіп, қаза болғандарға да, тірі қалғандарға да құрмет болып саналады. Жас ұрпақ, жаңа буынға өнеге болады…» деп қиыла өтінуіме қарамастан, «Азаттық» радиосы қазақ бөліміне Алматыдан барып, Прагада қызметкер болған қазақ қанды азаматтар 1995 жылдың желтоқсанын үнсіз өткізді».«Азаттық» радиосында істеп жүрген кезеңде Қазақстанның өз тəуелсіздігін жариялау бақытына ие болдым деп ерекше қуанышпен еске алады: «Қазақстан Одақтан тарағаннан кейін тəуелсіздігін дереу жарияламағаны бізді шынында да үрейлендіріп еді» дейді. 1991 жылы 16-желтоқсан, дүйсенбі радиода жұмыс күні болмаса да, жұмысқа барып, Алматыдағы тілшілеріне: «Жоғарғы Кеңеске бар, Қазақстан Этнограф-тарихшы Жағда Бабалықовпен бірге тəуелсіздігін жарияласа, дереу маған хабарла», – деп тапсырады. «Қазақстаннан сүйінші хабар естігенде қуанғанымнан жылап жібердім. Дереу асығыс түрде 5 минуттық хабар дайындап, өзім оқып Қазақстанның тəуелсіздігін құттықтадым: «Қазақстанның тəуелсіздігі бүкіл Қазақстан жұртшылығына құтты болсын! Əсіресе ұзақ ғасырлардан бері патшалық Ресейдің, сондай-ақ советтік империяның отаршылдық-қанаушы, тіпті, мүлдем қырғындап жойып жіберу саясатының құрбаны болған, ана тілі мен ұлттық тарихы, ұлттық əдет-ғұрпы мен діні əдейі өгейсітіліп, түбегейлі түрде орыстандыру саясатына тап болған қазақ халқы үшін қайта өрлеудің құтты қадамы болсын! Бір елдің тəуелсіздігін иеленуі оның ең табиғи құқы…». Бұл халқын шын сүйген, тəуелсіздікті жылдар бойы аңсаған Алаш азаматының тебіренісінің дəлелі. Сол сүйсінген киелі тəуелсіздік ұзағынан болғай! Хасан Оралтай жалғастырған Алаш идеясын біртұтас қазақ идеясы десек, онда əлемнің қай шетінде болмасын қазақ елінің азаттығы үшін күрескен əрбір қазақты, əрбір батырды, əрбір қаламгерді – қазақтың біртұтас ұлт-азаттық күресінің ардагері деп тануымыз керек.
Бағила ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ
“Жалын” журналы