Руханият

Нұрсəуле МЕШЕЛ: ОСПАН БАТЫР МЕН Х.ЧОЙБАЛСАННЫҢ КЕЛІСІМ ШАРТТАРЫ

Нұрсəуле МЕШЕЛ, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің аспиранты. (ОСПАН БАТЫР ИСЛАМҰЛЫНЫҢТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ («Азаттықтың өшпес рухы» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясында жасалған баяндама)

Керейдің қол бастаған батырларының бірі Оспан Исламұлы Қытайдағы қазақтарды бастап, ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырып, Қытай Үкіметімен КСРО үстемдігіне жəнеоның ықпалындағы Монғолияға қарсы күрескен ержүрек дара тұлға. Оспан батырдың сол кездегі Орыстардың қуыршағына айналған Үш Аймаққа қарсы шығуы Мəскеу басшыларыныңнаразылығын арттырып, қалай болғанда да Оспан батырдыңаяғынан шалып, біржолата құртуды жоспарлады. Оспан батырды құрту мақсатында Монғолияны пайдаланды. Өйткені Оспан батыр мен Монғолия арасында бұрын өте жақын қарым-қатынас болған еді. Бұл баяндамада Оспан батыр мен Х.Чойбалсан арасындағы кездесулері кезіндегі келісім шарттарына көбірек тоқталуды жөн санадық.

1942 жылдың басында Оспан батыр бастаған көтерілісшілер үлкен күшке айналды.
1943 жылдың тамыз айында Бас Министр Х.Чойбалсан мен МХРП Орталық Комитетінің бас хатшысы Ю.Цэдэнбал Батыс шекарадағы туындаған шиеленісті жағдайға байланысты Ішкі істер министрі Б.Шагдаржав, орынбасары Б.Дүнхэржав,
Шекаралық жəне ішкі əскери басқару орнының бастығы Б.Дорж, жəне солардың кеңесшілерімен бірге қабылдап, шекара мəселесіне байланысты үкіметпен ұйымдастыратын тығыз жұмыстардың бағытын белгілеп, генерал Б.Дорж, оның кеңесшісі Н.Ф.Паповтарға бастатып, шекара қорғанысын басқаратын штаб құрылды.
Монғол тарихшысы Лхасүрэнгийн Бат-Очир «Чойбалсан» деген еңбегінде былай дейді: Чойбалсан 1944 жылы 7 қаңтарда Улаанбаатардан автомашинамен жолға шығып, одан пойызға мініп 14 қаңтарда Мəскеудің теміржол бекетіне келіп
түсті… Содан кейін Кремльде Чойбалсан Иванов, Сталин жəне Молотовқа жолығып əңгімелесті…. Əңгіме қызғанда Чойбалсан Оспан туралы өз ойларын еркін білдіреді. Мағынасы былай: «Алдымен Оспанға қажетті қару-сайманмен көмектескен жөн.
Ол Алтай қазақтарының белді ру басыларының бірі. 1939 жылдан бері азаттық үшін қытайлармен тұрақты соғысып, күресіп келеді жəне осы уақытта көтеріліс басшыларының көбі өліп, бірталайы тұтқынға түсіп, жалғыз Оспан ғана аман-есен қалды. 300 отбасының мыңдай адамын ертіп жүр. Жуықта тағы 100 үйді өзіне қаратты жəне оны қолдайтын қазақтан басқа өзге ұлт
өкілдері де мол. Олар басқаларға шабуыл жасап тонағанмен, Оспан ондай іске кіріспейтінін айтып жүр. Рас өтірігі белгісіз.
Не де болса Оспанды қару-жарақпен қамтамасыз етіп, Алтайды қытайлардан тазартса, басқадай ұлт-ұлыстар да азаттық
алар еді. Онда өмір сүретін монғолдар да еркіндік алар еді» деп Чойбалсан картадан Монғолдың батыс шекарасы, біздің отряд,
заставаның орналасқан жерін, Оспандар қоныстанған мекенді көрсетіп берді.

Х.Чойбалсан Оспанға барып танысып байланыс жасау мəселесіне келісіп келуге қазақ салт-дəстүріне қанық, тығырыққа тірелген кезде жол таба білетін Баян-Өлгий аймағының Дэлүүн сұмынның азаматы У.Қамқашты 1943 жылы 1 айдың 7-і күні арнайы тапсырма беріп жібереді. Бұл азаматтың Оспан батырмен кездесуі сəтті болып, Шекара адамдары мен Үкімет басшыларының Оспанмен кездесіп, аса маңызды келісімдер жасауына жол ашып берді.

Бірінші кездесу 1943 жылы 9 айдың 14-і күні Оспан батырдың балалары Шердиман, Нығметдолда т.б болған алғашқы кездесуге Б.Дорж, Ш.Ноғай, О.Қалқабайлар қатысып, келесі болатын кездесулердің болатын жері мен уақытын белгілеп қайтты.

Екінші кездесу 10 айдың 5-і күні Хайрт асуында өтеді. КезНұрсəуле МЕШЕЛ, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің аспиранты. Алматы 192 193 десуге Монғолия үкіметінің ішкі істер министрінің орынбасары Дүнхэржав, кеңесші Похомо бастап барды. Оспан толық қаруланған 100 əскерін жуық жерде артынан қорғауға қалдырып, қасына 40 адам ертіп, Хайрт асуында тосып отырған монғол жағының өкілдерімен алғаш кездеседі. Кездесуде мына төмендегі шарттарға келіседі:

тонаушылық іс-əрекеттерін тоқтату;
– Монғол мемлекетінен сайман жəне басқадай көмек алып,Гоминдаңға қарсы күрес жүргізу;
– Оспан жағын жанұяларымен дəулет, мүлік дүниесіменМонғолия шекарасының маңында орналастырып, өздері Гоминдаңға Азаттығы үшін күреске шыққан Шыңжан халқының күресін қолдап, солармен күш қосып күресу;
– Монғолия жағы көтерілісшілер штабына 40-50 адам отырғызып, соғыс саймандарын ұстатып үйрету; Келісілген мəселелерді аса құпия сақтауға ұйғарысады. Бұл кездесуде Оспанға винтов 27, маузер 10, 600 метр пұл, өзіне Англияның автомат мылтығын 100 оғымен сыйға тартады.

Жалпы Монғолияның Оспанмен одақтасуы, Алтайкөтерілісшілеріне көмектесуінің арғы жағында Кеңес Одағы,атап айтқанда И.В..Сталин отырғаны айдан анық еді.

1944 жылы 2 айдың 25-і күні Х.Чойбалсанның Оспанменалғашқы кездесуі Алаг Толгойда өтеді. Осы кездесуге Чойбалсанмен бірге Кеңес Одағының барлау орнының бастығы Ланфанг, Монғолия ішкі істер министрі Шагдаржав, кеңесшісіқатысады. Оспанды ертіп əкелуге Ноғай, Қалқабай, подполковник Нұриевтер барған.

1944 жылы 3айдың 5-і күні сағат 12-13. «Шатыртас».Оспан батырдың уақытша тұратын жерінен батырдыңжеке өкілі Келес, Оспан батырдың баласы Шердимандар«Алатөбеге» келіп: маршал Х.Чойбалсанды Шығыс ТүркістанҰлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы қонаққа шақырғанынхабарлайды. Мұндай шақырудың боларын білген маршалХ.Чойбалсанның нөкерлері маршалды ертіп Бұлғын Өзенініңбойындағы «Шатыртас» (Майхан толгой) деген жердегі Оспанбатырдың ауылына барады. Маршал Х.Чойбалсанды Оспан батыр өте құрметпен қарсы алады. Арнайы əзірленген үйдің ал- дында əскерлерін сапқа тұрғызып, өзі нөкерлерімен келіп алды- нан қарсы алады. [6] Бұл кездесу өте көңілді болғандығы соншалық, сəн- салтанатқа толып əн-күйге ұласады. Кездесу соңында Оспан батыр ресми хат келісім жасауға шақырып, маршал Х.Чойбалсанмен қатар отырды. Келісімнің мақсаты Шығыс Түркістан мемлекетін орнату, демек Кеңестер Одағының құрамына осы елді енгізу мəселесі сөйлесіледі. Қорыта айтқанда Х.Чойбалсан мен Оспан батырдың кездесулері ұлт-азатшылардың бостандық үшін күресі аса маңызды қоғамдық саяси мəселелердің алға басуына мұрындық болған тарихи оқиға болып қалды.

Сондай-ақ, Оспан батыр көтерілісіне байланысты əртүрлі пікірлер, көзқарастар, мəліметтер бар. Оспан батырдың туған жылы, қайтыс болған уақыты, Х.Чойбалсанмен кездескен мерзімдері түрлі ғылыми басылымдарда, тарихшыларымыздың ғылыми еңбектерінде əр түрлі жазылған. Сондықтан Оспан ба- тыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс өте күрделі мəселе деп ой- лаймыз. Бұл тақырып ғылыми тұрғыдан əлі де көбірек зерттеуді қажет етеді.

Пайдаланылған əдебиеттер:

1. Жүкей Шəңгішбайұлы. ХХ ғасырдағы Монғолия қазақтары.-Ұланбатыр.,2008, 117-б.

2. Қазақстан тарихы туралы Монғол деректемелері. ІІІ том, Алматы., Дайк-Пресс., 2006, 112-б.

3. Жүкей Шəңгішбайұлы. ХХ ғасырдағы Монғолия қазақтары.-Ұланбатыр.,2008, 117-б.

4. Сонда, 117-б.

5. Сонда, 118-б. 6. Оспан батыр. Алматы., Арда., 2007, 94-б.

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*