Фонэтикадағы қажетті әріптердің қағидалы бірігуінен қалыптасқан жазудан лэксикадағы сөздер, онан соң осы сөздердің өзара морфологиялық қабысуынан грамматикалық сөйлемдер жарыққа шығады. Міне бұл тіл ғылымының графикалық таңбалар арқылы ауызекі тілден жазба тілге көшуіндегі басып өтетін жолы. Осылайша жазу мәдениеті ауыз әдебиеттен жазба әдебиетке көшуде тіл ғылымына дәуір бөлгіш төңкеріс жасағандығы анық. Әрқандай бір ұлт тіл арқылы дараланады. Әрқандай бір тіл сөйлеу арқылы естіледі, жазу арқылы бейнеленеді. Ал жазу әріптердің графикалық орналасуынан қалыптасатындықтан, оның шығу тегі әліпби, яғни дыбысты бейнелейтін әріптер болмақ. Әрбір әріп әрбір дыбысты білдіретін жеке-жеке таңба болғандықтан, олар дара дыбыстардың символы есептеледі. Сондықтан жазу озгерту шынын қуғанда әліпби озгерту, анығырақ айтқанда, дыбыстардың оқылуына жаңадан әріп таңбасын жасау деген сөз. Бұл жағындағы заңдылықтар тіл ғылымының барлық саласын қамтып жатады. Қазақ жазуын латыншаға озгерту жұмысы қазір дүние бойынша қоғамдық сипат алған жалпылық қимыл болғандықтан, біз бұл мақаланы оқырмандарға кәсіби тілден гөрі, халықтық тілді негіз етіп байымдағанымыз жөн сияқты.
Қазақ жазуы тарихтан бері талай рет өзгергенімен, әлі күнге дейін кемеліне келіп, тұрақты бір әріпке тыйанақтағаны жоқ. Оған осы қолданылып келген түрлі жазулардың қазіргі ғылымға сәйкесе алмаған толымсыздығы мен әр дәуірдің сынағынан өте алмаған олқылықтары себеп болып отыр. Қазақстан мемлекеті де көптеген себептермен қазір істетіп отырған крилше (слауиянша) жазуын тастап, латынша жазуға біртұтас көшудің түбегейлі жоспарын жасауда. Ал Жұңго қазақтары қазіргі қолданып жүрген арап жазуынан (төте жазудан) әбден мезі болып, тұйыққа тірелді. Үйткені оның бағыты қарсы, ирегі парықсыз, нүктесі көп, жалғамалылығы қалаймақан, жеке даралығы жоқ, нота түсіруге теріс, формула жазуға қайшы, сөздік жасауға тиімсіз, буын айыруы күрделі, дәйекшесі тұрлаусыз, компьютерге қолайсыз. . . қатарлы көптеген олқылықтары болғандықтан, мына зымыран заманда бұл жазудың бізге тұсау болып отырғаны да шындық. Сондықтан түбінде жазу өзгертпей қазақ ұлтының көзі ашылмайтындығы бәрімізге аян ең маңызды мәселе болып отыр.
Мен қазақша тор беттерінен қазақ жазуын латынша әріптермен бейнелеудің әртүрлі ұсыныс жобаларын қабылдап жатқандықтарын көріп қатты қуандым. Меніңше дүние жүзі бойынша әбден тұрақтап болған осы күнгі компьютер тіл тақтасындағы латынша 26 әріпті ғана қолданып, қазақ жазуына қажетті әріптерді дәйекше істетпей тікелей бейнелемекші болғандары өте дұрыс болған деп қараймын. Оның жан-жақтылы игілігі бар екендігі рас. Үйткені латын әрпі түбін қуғанда қазақтың төл харыбы екендігін ешкім де терістей алмайды. Қазақтың арғы тегі болғанескерткіш тастарға қашалған тоникок, күлтегін жазуларындағы дара әріптердің ғасырлар бойы озгеріп, әбден кемеліне келген нұсқасынан осы күнгі латын әрпі біртіндеп қалыптасқандығын әр дәуірдегі жазулардың формасы өздігінен дәлелдеп тұрған жоқ па! Ал осы әріптердің арғы түбірі ұлтымыздың байырғы ен таңба, ел таңба, жер таңба сияқты салт-санасындағы белгілерден бастау алатындығы да анық қой! ендеше жер бетіндегі әр елге қоныстанған қазақтар біртұтас латын әрпін қолданғаныжөн деп қараймыз. Үйткені тіл табысса, ұлт кемелденеді, іргеленеді, толықтанады. Ал ата жазу ортақтасса, ата тек айқындалады, ұйысады, жалғасады. Міне бұл арғы тегі бір, салт-дәстүрі өзара тоғысқан тұтас Қазақұлтының ынтымақтаса отырып, басқалардан қалыспауы үшін; әрдайым бәсекелі қоғамның биігінен көрінуі үшін орындайтын бірден бір қажетті шарты.
Түбінде жазу өзгертпей болмайтындығы бәрімізге белгілі болды. Оны халықаралық сипат алдырмасақ, бәсекелі қоғамның қойнауына тұншығатынымызды да білдік. Ал осы көшетін жазуымздың басқа емес, латын жазуы екендігінің мәндік себебін де ұқтық. Бірақ оған өте асығыстық істеуге болмайды. Қазақстанда жазу озгертудің түрлі жобаларынан көптеген кітаптар құрастырылып, оны талқылау көлемі арнаулы мамандарды қойып, жалпы халықтық сипат алып келеді. Олар үстірттікпен бір бекімге келген емес, әлі зерттеу үстінде. Қазақстан мемлекетінің төрағасы Нұрсолтан Назарбаев бұл жұмысқа ерекше көңіл бөліп, «Дүние жүзінің 75 пайыз халқы қолданатын латын әрпіне 2025- жылы толық көшіп болуымыз керек» деген үлкен қаулыға бекіту жасап, оның саяси мәнін, қоғамдық сипатын, ұлттың құндылығын ашалап түсіндірді. Кеңеспен пішкен тон келте болмайды демекші, олардың былай істеуі өте дұрыс болды деп білеміз.
Компиютердің тіл тақтасындағы (тілтұғыр) көрініп тұрған әріптер жетпесе, қалған әріптерге басқа таңба істетіп, программа түзу арқылы жұмсақ бөлшекке айналдырып, оны барлық компьютердің ішкі жүйесіне (митұғырға) орнатуға бола береді ғой. Осы арқылы қосар әріптерден, дәйекшеден түбегейлі азат болу қиын емес. Бірақ осылай істегенде бұл артық әріптерді шифт (shift) арқылы белгілі бір кнопкані (түймені) басып шығаруға тура келеді. Бұл бөгде әріптер тіл тақта бетінен анық көрінбейді әрі система ауысса оны ішкі жүйе де танымай қоиюы мүмкін. Сондықтан қосар әріп істетсек те, бұндай әдісті қолдануға болмайды деп қараймын. Ендеше жаңадан әріп жасағанда мынадай шарттарға көңіл бөлсе жөн боларма екен деген ұсыныс қоямын:
(1) қазыр компьютердің тіл тақтасы, айпаттың беті, қолфонның кнопкасі қатарлы дүниеге жалпыласып кеткен электрондық озық нәрселердің барлығы 26 әріпті негіз еткен латын жазуын қолданады. Қазақ жазуы да осы 26 әріппен жасалғаны, жетпеген әріптер қосар әріптермен бейнеленгені жақсы демекпін.
(2) сырттан қабылданған сөздерді жазамыз деп, қазақша басы артық әріптер жасаудың түк те қажеті жоқ. Басқа ұлттар сияқты осы кірме сөздерді өз жазуымызбен ұқсатып жазсақ та жетіп жатыр. Үйткені шетел тілін өз әйнінде қазақша бейнелеуге біз міндетті емеспіз ғой. Ендеше бізге 33 әріп емес, тек қазақша 29 әріп те жетеді деп қараймын.
(3) латын әрпінің оқылуын бұрын өзіміз 20 жыл қолданған Ханзу тілі дыбыстық жобасындағы оқылуы бойынша (жаңа әріп) алуды негіз ету керек. Олар да кезінде халықаралық дыбысталуын негіз еткені анық. Үйткені Ханзу тілі бізді қойып, тайау болашақта бүкіл дүниеге жалпыласатын негізгі тілдердің бірі болары мұнда тұр.
(4) қазақ жазуын дәйекшесіз бейнелеу үшін, ең кемінде 3 қосар әріп жасауға тура келеді. Оны компьютер тіл тақтасындағы ең жіңішке i әрпін жарты сыңары етіп жасаған жөн деп білемін. Сонда 26 жалаң әріпті төте басқанымыз сияқты, қалған 3 қосар әріпті де төте басуға қолайлы болады.
(5) қосар әріптер қалайда дауысты дыбыс болуы, әрі олар қазақ тілінде қатар тұрып буын құрай алмайтын екі дауысты дыбыстың қоспасынан жасалуы шарт. Сонда жазу барысында әріп не буын шатастығы мүлде туылмайды. Буын айыру белгісін қоиюдың да еш қажеті қалмайды.
(6) кейбір әріптерді қазіргі Қазақстан жазуына сәйкестіру, ал кейбіреуін өзге елқазақтарының жазуына үйлестіру, тағы кейбіреулерінің оқылуын халықаралық дыбысталуға жақындату сияқты басқа да көптеген ұсақ-түйек шарттарды ойластырып, латынша қазақ жазуына қажетті 29 әріпті ең қолайлы, ең ғылми, ең кемелді болған жобада бейнелеу керек.
(7) біз осылайша жазуға жаттық, қолдануға қолайлы, оқуға оңай, әріп басуға әуресіз, ережеге ебдейлі, аталуға анық, бейнелеуге берік, ұлтымызға үйлесімді, дәйекшеге дәнікпеген, буындары бытыспаған, ғылымға қабысатын, бағыты сәйкескен, заманға ілесетін, басқалай қосымша шарттары болмаған ең кемелді жобаны алып шығуға құлшынғанымыз жөн.
Осы шарттар бойынша қазақ тіліне қатысты 29 әріптің 26 сын тіл тақтадан төте басып шығаруға болады. Ал қазақшада немесе басқа тілдерде аз жұмсалатын 3 қосар әріпті де “i “ны қолданып келтіріп шығарсақ, барлық сөздерді тіл тақтадан төте басу арқылы бейнелеп жазуға әбден болады. Мысалы, “a, o, ұ” әріптерін қосар әріп арқылы жіңішкертіп, одан “ә, ө, ү” әріптерін “ai, oi, ui “арқылы жасағанымыз орынды болатын сияқты. Үйткені орын иелемейтін ең жіңішке әріп “i” ны қосар әріптердің сыңары етіп қолдансақ, көптеген ықшамдылыққа қол жеткізе аламыз. Осы “i” әрпі қосар әріптердің сыңары болып келгенде, Қазақ тілінде екі дауысты дыбыс қатар келіп буын құрамайтындықтан (әі, өі, үі болмайтындықтан), бұдан әріп не буын шатастығы әсте туылмайды.
Енді бір жақтан бұрын біз қолданып келген “у, и” әріптері бұрын әрі дауыссыз дыбысқа, әрі жартылай дауысты дыбысқа уакілдік еткендіктен, буын айыруда аз болмаған қиыншылықтар арқалатқан еді. Мысалы: “су, сыйлық” деген сөздерді буынға айырғанда, “у, и” әріптерінің алдында “ұ, ы” ның жасырынып тұрғандығын ескермесе болмайтын. Ал латынша жаңа жазуда бұл шатастықты болғызбау үшін, “у, и” әріптері біріңғай дауыссыз дыбыс болып қабылданып, оның алдына келетін дауысты дыбыстар қысқармай жазылуы керек деп қараймыз.
Біз жоғарыда жаңа жобаны жасаудың түрлі шарттарымен танысып өттік. Бұл шарттар тілтақта бетіндегі көрініп тұрған әріптерден қазақ жазуын төте басып шығаруды; дәйекшені жоғалту үшін қосар әріп қолдануды мақсат еткен. Сонда жаңадан сатып алған компьютер, айпат немесе қолфонның беттерінен заводта қашаланған әуелгі әріп жүйесі бойынша қазақша әріптерді еш қиналмай төте баса беретін болаы
з.Алғашында көзге ерсі көрінгенімен, бара-бара үйреніпте аламыз ғой.
Соңында қазақ жазуының латыншан ұсқасынан 29 әріптік өзім жасаған тағы бір жаңа жобаны да қоса жолдап отырмын. Сынап көргейсіздер! Латыншаға көшудің “Б Қ Жеков -2” жобасы:
Aa-а. . . . Bb-б. . . . Cc-ы. . . Dd-д. . . . Ee-е. . . . Ff-ғ
Gg-г . . . . Hh-Һ . . . . Ii-і . . . . Jj-ж . . . . Kk-к . . . . Ll-л
Mm-м. . . Nn-н. . . . Oo-о. . . Pp-п. . . Qq- қ . . . . Rr-р
Ss-с . . . . Tt-т . . . . Uu-ұ . . . Vv-у . . . Ww-ң. . . Xx-ш
Yy-и . . . . Zz-з. . . . . AI ai-ә . . . . OI oi-ө . . . . UI ui-ү
Тілтақтаның кінопкасынан әріптері тікелей көрініп тұрған осы жоба бойынша мына сөйлемдерді латынша жазып көрейік:
(1) бір ұлттың жазуы әрқашан сол ұлтқа тұсау болмау керек.
(1) bir ulttcw jazcvc air qaxan sol ultqa tusav bolmav kerek.
(2) ертеңін өлтірмейтін халық ғарышқа бөгелмей самғайды.
(2) ertewin oiltirmeytin qalcq farcxqa boigelmey samfaydc.
(3) қазақтың тілінде богенайы бөлек орамды тіл үлгісі бар.
(3) qazaqtcw tilinde boigenayc boilek oramdc til uilgisi bar.
(4) тұтас жазудың анасы – тіл, әр қандай тілдің атасы – ұлт.
(4) tutas jazcvdcw anasc – til, air qanday tildiw atasc – ult.
Автортуралы: Болат Қаңтарбайұлы, 1958 жылы, 20 желтоқсанда ҚХР Алтай өңірінде дүниеге келген. Ағартушы, жазушы, журналист. Алтай қаласында шығатын «Жастүлек» журналы редаксясының орынбасары. Алтай аймақтық, Іле облыстық оқытуды зерттеу қоғамының, айтыс зерттеу қоғамының мүшесі, Алтай аймақтық, Іле облыстық жазушылар одағының, Шинжаң жазушылар одағының, ҚХР аз ұлт жазушылар қоғамының мүшесі