Шежіре

Сұлубай батыр

Сұлубай батыр Сапыұлы. 1907 жылы туылып, 1944 жылы өмірден озған. ХХ ғасырдағы Оспан батыр бастаған Алтай қазақтарынның ұлт азаттық көтерілісінде ерлігімен елге тенылған батыр, әскербасы болған. Сұлубайдың азан шақырып қойған аты Сұлыбай болған деседі. Сұлубайды шешесі Мәмила батырды босанған кезде толғағы үшкүнге созылып, жаны қатты қиналғасын, сол кездегі ауыл емшілері сұлы қайнатып, соның суына түсіру әдісі арқылы ана мен баланың жанын аман алып қалыпты. Осы оқиғаның себебінен баланың атын әу баста Сұлыбай қойған екен. кейін батыр да сал-сері болып өскен жігітті ел-жұрты ардақтап Сұлубай атап кетіпті.

Сұлубайдың руы Абақ Керейдің ішінде Жәнтекей, Тасбике руынан тарайды.Сұлубай төрт ағайынды болып, Байбол деген ағасы, Көңбай, Дөтбай деген інілері болған. Құдай қосқан жан жарының аты Шолпан. Сұлубайдың өз кіндігінен Мағила, Зағила деген екі қыз туған.  Ел үшін жас шағында ерлік етіп, шаһит болған батырдың артында қазіргі кезде барша жұртқа әйгілі «Сұлубайдың әні» деген ән қалған. Туып өскен ата мекені қазіргі Алтай қаласы, Шірікши ауылы төңірегі. Өмірінің соңында Шіңгіл жерін мекендеген. Батырды көргендер оның кескін келбетін былай суреттеп береді: Сұлубай кесек денелі, қабағы биік, ұзын мұртты, қоңқақ мұрынды, бір бетінде жарасымды меңі бар, қара сұры кісі болған деседі.

 

Теги: , , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*