1931 жылы, Әлен уаң қыз ұзатпақшы болып, Алтай – Тарбағатай елін шықырып той жасайды. Бұл тойға Мәнкей бас болып, Қаратай Әбдікарім болысты ертіп, отзға тарта адаммен Сауырға жол тартады.
Балуанға Сиыршыбай балуанды, жүйрікте Қаражабағының бурыл атын, жорғадан Елшібай руының байы Жойдың ұлы Әріннің қара жорғасын алып барады. Қара жорғаның төрт аяғына күмістен білезік салып салтанатын асырады.
Тойды төрт бидің бірі болған Топанның ұла Жақып амбы басқарады. Сонымен той басталып, жорға салыстырып жүргенде Жақып амбының ұлы Оспан тәйжіні Әріннің қара жорғасы абайсызда соғып кетеді.
Жақыпттың той басқарғанына, төрт орынның бір болғандығына арқаланған Оспан тәйжі:
– Әрін байлығына мастанып мені атының кеудесімен соқтырды,-деп Әлен уаңға барады.
Әлен уаң:
Төрт орынның бірінің баласы болған Оспан тәйжіні Әрін бай қалайша атының кеудесмен қағады,-деп Әрінге түйе бастаған бір тоғыз айып салады.
Сонымен Жақыптың шабарманы Әлен уаңның кесім қағазын алып, Мәннкейге келеді. Мәнкей қағазды оқып отырып:
– оспанды Әрін атымен қай жерде соқтырыпты,- дейді?
Шабарман:
– жорға салыстырып жүргенде,- деп жауап береді.
Сонда Мәнкей:
– Оспан тәйжілігін өұрып, билігін айтып отырған орынында Әрін атымен соқтырса, онда уаң жетпей айтқан екен. мен онда бір емес үш тоғызға кесер едім. Егер жорға салыстырып балалармен бірге бала болып жүргенде ат соқса бұған айып жоқ,-дейді.
– айтқан билігім орындалмады деп Әлен бұған наразы болады.
– келісімді айыпты алып бермеді,-деп Оспан да түлен тұтады.
Сөйтіп бұл іс керейдің билерінің алдына түсіп, ақыры «Мәнкейдің билігі дұрыс» делініп, Әлен уаңның билігі бұзылады.
Тойда Сиыршыбай балуан Уаңның балуаны Халлелді жығып бас бәйгеге бір жамбы, бір ат алады. Бурыл ат та алдымен келіп бір түйе, бір ат, бір жамбы алады. Әріннің қара жорғасы алдымен келсе де, Оспен тәйжінің қайшылығамен бәйгесіз қалады.
Дайындаған: Мағаз.Р