Болат Нәбиұлы – 1970 жылы ҚХР Қаба ауданы, Көлбай ауылында туылған. Еңбек жолын Қаба ауданы қазына мекемесінде бастаған. 2013-жыл шілдеде атажұртқа қоныс аударған. Қазір Астана қаласында жеке кәсіпкер.
«Қазақстан республикасының авторлар қоғамының», «Халықаралық Таңжарық зерттеу қоғамының», «Әлем халықтары жазушылар одағының» мүшесі. «Қазақстан республикасының құрметті азаматы». «Қазақстан республикасының мәдениет өнер саласының үздігі». «Таңжарық әдеби сыйлығы» төс белгісінің йегері. «Аққайың бүрлегенде», «Аманат Саған» атты жыр жинағының авторы.
БҰЛАНДЫ ШАЙҚАСЫ
( Тарихи Дастан)
Қазақтың кең көсілген жерлеріде,
Көрікті көз тартатын көлдеріде.
Даласы – Сарыарқадай көзің жетпес,
Таулары толған түлік төлдеріне.
Жігіті өр кеуделі серуен қүрған,
Ақыны тоқтамайтын өлең-жырдан.
Батыры құрыш дене, бұра санды,
Болатын елі үшін жаны құрбан.
Құлан мүсін, қылықты қыздары бар,
Жібек мінез, жалынды сырлары бар.
Ай астында алтыбақан әнін айтар,
Біз білмейтін арудың сырлары бар.
Өткізген міне осындай бейбіт өмір,
Ешкіммен аразы жоқ марқа – көңіл.
Жоңғарлардың тұтқиыл соғысынан,
Тыныштықтан айрылды барлық өңір.
Айтайын мен қырғынды соғыс жайлы,
Бұзылған, шырқы кеткен қоныс жайлы.
Қалмақ шауып жетпіс мың сарбазымен,
Болды ғой ел басына соғыс – қайғы.
Белгілі боп қалмақтардың сырлары,
Тыныш жатқан қазақты кеп қырғаны.
Болған екен бұл оқикая нақтылы,
Мың жеті жүз жыйыма үшінші жылдары.
Жоңғар қолы жеті бөлек бөлінген,
Тыныш жатқан шықты қазақ төрінен,
Бейбіт өмір шайқалғанда бұзылып,
Қанды жасы аққан қазақ көзінен.
Құтырынған Жоңғария Қалмағы,
Әр тараптан қазақ жерін жалмады.
Қазақ-Қалмақ шайқасының зардабы,
Болар ауыр тарихта салмағы.
Қалмақтың аты шыққан сардарлары,
Жетілген шайқас көріп сарбаздары.
Жағдайын мен айтайын Қалмақтардың,
Бәрі де жазылғандай қағаздағы.
Басқарып бір бөлегін Қалдан Серен,
Жаулаған Балқаш, Алтай тауды *Ерен.
Қаратау тыныштықтан айрылып,
Түсінді кім екенін жауды терең.
Көрікті құтты мекен анау дара,
Жайылған Жетісу мен Құлан дала.
Қырғындап қызыл қанға жерімізді,
Төстеген Шелек жерін Әмірсана*
Маңайы Есік көлдің шұрайлы жер,
Айнала Алатауды құрайды көл.
Доржының* табанына тапталғанда,
Күңіреніп елімен тулайды бел.
Тынышсыз ерке Шудың жағасыда,
Қалды ғой Қалмақтардың табасына.
Кескілеп азаматты Лама Доржы*
Ел сүйер елдің асыл ағасында.
Көз салып көркем Іле бөктеріне,
Жайылған бұғы, марал бөктерінде.
Көрінер төсі кілем көз тартатын,
Көлдері тұрғандайын көкте күнде.
Өзені таудан құлап сарқыраған,
Тауы алтын, тасы күміс жарқыраған.
Жап-жасыл қартаймайтын қарағайы,
Бұлағынан бозбала алтын алған.
Қөз сүзген ДодаДоржы* бұл өңірге,
Қан қатқан жібімейтін жүрегінде.
Құтқармай найзасына ілген екен,
Қазақтың бесіктегі тұлегін де.
Шапқан басын ақ жаулық ананың да,
Таптап қызын қорлаған табанына.
Қырылып елеусіз жерлерде қалған,
Жем болып құзғындарға жаралы ұл да.
Бет алып оңтүстікке Себен Рабдан,
Ташкент, Түркістанды басып алған.
Сайрамда қылыштары қанға бөгіп,
Төгілген бабалардың жасы қалған.
Тапталып бейбітшілік асыл арман,
Боялып қызыл қанға тасы қалған.
Сүйенсек тарихи бір деректерге,
Жүз мың қазақ жазықсыз басы қалған.
Дегендей “Жау жағадан алмақ бәрі”,
Қосылды Еділдің де қалмақтары.
Жабылып Қоқан бегі, башқұртпенен,
Бірігіп Бұқар, Хиуа жалмап бәрі.
Ауған ел тастап жерін, шұбырынды,
Найзалап қалмақ еркек, түнді ұлды.
“Елім-ай” әнін айтып тозған халқым,
“Ақтабан” айтылатын шұбырынды.
Тоқтамаған соғыстар сол жылдары,
Қанға толып сайыменен құздары.
Бар қазақтың табанына тас батып,
Өткен шығар көкіректен сыздары.
Күңі болды қыздарымыз сырғалы,
Азаматы болып елдің құрбаны.
Боздап інген ботасынан айрылып,
Қазақ халқы паналапты жылғаны.
Жетісу мен Сырдария ағысы,
Басып алған жоңғарлардың тағысы.
Естілетін үзік-үзік әр жерден,
Қайғы жұтқан қарт ананың қарғысы.
Күңгірт тартып көрінгенде тау іші,
Есте қалар тек бұлақтың дауысы.
Сол кездегі сарбазынан қазақтың,
Неше есе артық еді жау күші.
Саптаяқтан асын ішіп, қазағым,
Жоңғарлардан тартқан екен азабын.
Қорғамаққа басын қосып жақсылар,
Әбілхайыр хан сайланды тың ағын.
Ханның туған елден ерек айбыны,
Сөзі оқтай ұмыттырған қайғыны.
Апайтөстер табылатын қасынан,
Құп жарасқан мінген ақбоз айғыры.
Шабыт берген сарбазына сардар да,
Үміт сыйлап жетер мұрат арманға.
Дауысынан күн күркіреп тау құлап,
“Аттан!” – деді, ұрандап сап қалған да.
Бас сардары қанжығалы Бөгенбай
Көрінетін тау тұлғалы Бөгенай,
Көксеркесі ойнақ салып, тұлпары,
Кең танаулы, тарпып жерді, төзбеді-ай.
Кең иықты, шоқтай жанып көздері,
Алып дене баурап алар өзгені.
Сарбаздарды бір өзіне тартатын,
Асыл маржан берекелі сөздері.
Биік қабақ, кере қарыс маңдайы,
Бүркіт тұмсық, жасқанатын қай-қайы.
Жауға шапса аруағын шақырып,
Күркіріндей күннің батыр айғайы.
Ер Қабанбай – дара бозым арысың,
Көрген адам таңғалатын тау мүсін.
Ер Жәнібек, Саурықпен Абылай,
Мөлшерлейтін тіккен қостың жау күшін.
Қазақ жері – таусылмайтын қиыры,
Басқан іздің сақталмайтын шиыры.
Әбілхайыр шашып алғаш жарлығын,
Ашылыпты орда басы жиыны.
Белгілеуге бар қазақтың күш-күйін,
Құрған екен съезд ашып, күшті ұйым.
Қатыстырып ақыл-кеңес беруге,
Шақырыпты қазақ елі үш биін.
Кеңес ашар, ақыл қосар тағы көп,
Тұтқын болу – қазағымның ары деп.
Тұтқа болған еліменен жеріне,
Ақылшы боп батыр шақшақ Жәнібек.
Болатынын білген соғыс ақыры,
Қырылғанын көзі көріп жақыны,
Туылғанмен өзі қалмақ қызынан,
Малайсары атқа қонған батыры.
Аты шыққан алып қара тауымдай,
Бағаналы ерімде бар Барлыбай.
Төлек, Түлақ, Жауғаш, Бидаш, Айдоспен,
Шүбартұлы ерек туған Жаулыбай.
Үлы тауға жоңғар көзін тіккенде,
Уәде етті қазақ дізе бүкпеуге.
Хан, сұлтаным әз талғамын жасаған,
Ватырларға өз міндетін жүктеуде.
Үлы тауым — тарихтың қордасы,
Бой көтерген тұңғыш Жошы ордасы,
Аты мәшһүр төңірекке тараған,
Болған екен Орта Азия қолбасы.
Болдырмаған заманында жемеңгер,
Қалқы үшін ұйқы көрмей елеңдер.
Падиша боп әктемдігін жүргізген,
Уа, дәригей, бабам неткен кемеңгер!
Бүлғатпауға баба басқан іздерін,
Қайрап найза, қылышының жүздерін.
Сауыт-сайман, бес қаруын толықтап,
Оттай жанып, кек жалындап жүздерін.
Жиналған соң үш жүздің батыры,
Ақыл қосып абызымен ақыны,
Алмас қылыш жүздерінде серттесіп,
Қалмақпенен соғыс салды ақыры.
Кек қайнаған қазақ қолы жиылып,
Атқа қонды сай саладан құйылып,
Елім, жерім, садақасы жанның деп,
Еркек кіндік түр сауытын киініп.
Күн күркіреп, найжағайы шатырлап,
Қылыш, найза көрінетін жарқылдап,
Бахадүрлер қойан қолтық соғысып,
Алашым деп үран салды атырап.
Күңіренген шайқаспенен бар алап,
Түн түңіліп, күн шыққанда жаңалап,
Қас батырдың қылышынан сермеген,
Жоңғарлардың басы жатты домалап.
Естілгенде аттың шапқан дүбірі,
Есі кетіп көп қалмақтың шүбыры.
Тарпаң мінез түйяғынан түлпардың,
Тегістелді жердің кедір-бұдыры.
Есі кетіп жоңғарлардың ығыры,
Құлап тауы босап мығым түғыры,
Батырынан қоңтайшысы айрылып,
Артып жатты күннен күнге шығыны.
Еселеніп өзіне тән ерлігімен қүзыры,
Өшірімес тәңірімнің белгілеген сызығы,
Гауһар ана қолда қылыш сермеген,
Тек елім деп ұрпағының қызығы.
Батыр ана жауға шапқан түйіліп,
Қолына алған алмас семсер ұйіріп.
Қабанбайдың құдай қосқан жары еді,
Жүретұғын елі үшін күйініп.
Малайсары Гауһар ана ағасы,
Қас батырым Тоқтауылдың баласы,
Жас күнінде қахарман қыз атанып,
Бола білген рулы елдің панасы.
Соғыс оты ұшқын атып шарпыған,
Айрылып жасыменен қартынан,
Мың жетіжүз жиырма алтыншы жылдары,
Беті қайтты жаудың қатты ақырған.
Басталғанда шүбар теңіз шайқасы,
Күңіренген аспанымен жартасы,
Жеңіліуі ойсырай бір дұшпанның,
Сарбазбенен батырлардың арқасы.
Өмір деген бар отпелі кезеңі,
Өртке оранып бұл соғыстың өзегі,
Соңғы шайқас басталатын межелі,
Бұландымен білетін өзені.
Екі өзеннің ортасында жазығы,
Қағылғандай соңғы соғыс қазығы,
Қанды шайқас тоқтамаған тынымсыз,
Таусылса да қос тараптың азығы.
Үрыс салған етігімен хан кешіп,
Жүртта қалып баба жатқан тал бесік,
Аты қалған қалмақ қырған соғысы,
Жеңіс лебі тұратын таңда есіп.
Батырлардың кетпей тері төгілген,
Жеңілістен қалмақ кеткен жерімнен.
Аспанынан бұлт көшіп түнерген,
Қыран ұшып қалықтаған көгінен.
Біздің баба не қиындық көрмеген,
Жеңісімен рухы артып өрлеген,
Бөгенбайдай талабымен батырдың,
Шахиттерді тау басына жерлеген.
Міне ұрпақ Бұландының шайқасы,
Үлы таудың қуа қырмен қырқасы,
Қалмаған ау деп ойладым егіліп,
Қан жұқпаған Бұландының бір тасы.
Үлы тауым тарихтың бар тасыңда,
Жошы қаған билік еткен жасында,
Бір қүпиа көмілгені беймәлім,
Алаша қан мазары бар қасында.
Үлы тауым бір тарих жазылған,
Қойнауыңда таусылмас бар қазынаң,
Болар едім жартастың сынығы,
Топырағыңда қазық болып қағылған.
Сағым жылдар өтседағы ағылған,
Бабалардың аруағына табынам,
Көз жетпейтін мына асыл мекенді,
Мұра қылып мына бізге қалдырған.