Әдебиет

Болат Нәбиұлы: Сырлы махаббат(баллада)

СЫРЛЫ МАХАБАТ
( баллада)
Өткен ғасыр 87-жыл еді,
Жадыраған жаздың ашық күндері.
Бетке алып бір арудың жатағын,
Баратұғын жігіт аппақ жүрегі.

Есіп сонда кештің салқын самалы,
Жадыраған боз жігіттің қабағы.
Ұнсіз ғана есігіне телміріп,
Қайтатуғын жүрек шіркін жаралы.

Ғашық болған ер жігіттің жүрегі,
Бірге оқыған өзіменен қыз еді.
Ұйаң мінез үнсіздікті сүйетін,
Айқаспаған ешбір жанмен білегі.

Бірге болған студенттік кезінде,
Ұрлана бір қарап күндей көзіне.
Іштей тынып өткізетін айларды,
Бір әлсіздік барме екен деп өзімде

Жалт қараған ару қыздың жанары,
Күнікейдей көрінетін жамалы.
Қарахаттай көздері бар мөлдіреп,
Боз жігітті баураған ол қамалы.

Ыйығында сүмбіл қара шашыда,
Жарасатын қыйылған бір қасына.
Көз алдына елестейтін жігіттің,
Гүл қыстырып тұрғандай боп шашына

Мін таппастай сулулығы бойында,
Судай тұнық көңіліде ойыда.
Ай ұйалған оның көркем жүзінен,
Құп жарасқан сүйрік саусақ қолына.

Көрген адам көзін алмай сүйінген,
Жүрегінен еміренген күйінген.
Сергек сезім   сенімімен ұйлесіп,
Қандай әсем қос бұрымы түйілген.

Мін табылмас айтқан әркез сөзінен,.
Қолы жетпей боз жігіттер емінген.
Жаңа туған шолпан жұлдыз секілді,
Онбесінде толған айдай көрінген.

Атыла алмай қос жұретің жебесі,
Құрылмаған махабаттың кеңесі.
Көрінгендей көк аспанның жұзінен,
Хор қызының кұлімдеген елесі.

Жүрген жігіт үнсіздіктен қамығып,
Ғашық жүрек дүрсілдейді ах ұрып.
Отыратын көзін алмай есіктен,
Қалсадағы қос жанары талығып.

Тіл қатуға жетпей дәті жігіттің,
Қайтатуғын таң атқанда күліп күн.
Жүрегіне ұйалаған мәңгілік,
Ғашық дертін боз жігіттің кім ұқсын

Түсіп сонда ғашық жанның қабағы,
Бүлкілдейтін өкініштен тамағы.
Жан дүние астаң кестең күн кешіп,
Сылбыр басып   енді қайда барады.

Аспан сол сәт қалғандайын түнеріп,

Болмай жігіт өз өзінде бір ерік.
Қийалында ару қыздың жамалы,
Сезімі тұр өкінішпен күңіреніп.

Ойнап сонда нажағайдың жарқылы,
Ойға батты ой тәңірай сан қыйлы.
Атын атап ару қыздың жүректен,
От жалындай денесін дерт шарпиды.

Білдіре алмай ғашығына сезімін,
Өз өзіне айтып ғана өз мұңын.
Еріксізден  ешбір жанға сездірмей,
Селдеттірген көзді жаспен әр түнін.

Кім бар жігіт ой қыйалын қарайтын,
Өтетуғын  арман қуып талай түн.
Айлы түнде көк аспанға телміріп,
Жарқыраған жұлдыздарды санайтын.

Өткізгенмен көз ілместен жаз таңын,
Жамылып ап түннің аспан қалқанын.
Қанша мезгіл тосып қақпа сыртында,
Суығында тоңазыған қаңтардың.

Қалмай көңіл түсінер деп қызжаны,
Сорсадағы қақарлы қыс ызғары.
Тек өзіне сезілетін жылы ағын,
Жүрегінің дүрсіл қағып тұрғаны.

Талай жылдар өтіп талай белесі,
Өзгерседе махабаттың темесі.
Арда алтайда қалсадағы ару қыз,
Бірге әлі ұмытымайды елесі.

Бақ тілеген  ару қыздың жолына,
Көз алдында қыран ертіс бойыда.
Ала тауды алты айланып мұң шағып,
Сары арқада сақтаған ол ойында.

Қайран өмір махабат деп жырлаған,
Өзгерседе жылдар өтіп бір ғалам.
Таңба салып ет жүректі сыздатып,
Нар кеудені ғашық дерті тырнаған.

Өткізгенмен әрбір жылды бір басып,
Көрмеген ол ешбір жанға сыр ашып.
Көкірегінде сағыныштың сазы бар,
Қонғанымен ер басына бір бақыт.

Қарасаңыз өтпелі өмір тағдырды,
Толқын атып асау өзен ағыны.
Сөнбейді екен лаулай түсер тоқтамай,
Шын түтанса махабаттың жалыны.

БОЛАТ НӘБИҰЛЫ

15,06,2025ж

Теги:

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*