Әдебиет

Оспанның соңғы портреті
Әдебиет

Оспанның соңғы портреті

Сәуірдің айы, жаулары матап әкеліп,.. Өледі енді, (өледі деуім қателік) Талпынар көкке қанатын қатты сабалап, Қайғысын жердің көтеріп. Жұлым да, жұлым желкенін жыртып жел егей, Қайраңдап қалған мачтасы биік кемедей, Тұрады асқақ аманат айтып аспанға, Тобырды ешбір елемей. Жанары суық – атылған кектің жебесі, Көкжиектің анау қақыратып сөгер көбесін. Жалбару, […]

ЖАҚСЫЛЫҚ СӘМИТҰЛЫ (деректі фильм)
Әдебиет

ЖАҚСЫЛЫҚ СӘМИТҰЛЫ (деректі фильм)

Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы.

Қанат Қабікенұлы: Сармат заңы
Әдебиет

Қанат Қабікенұлы: Сармат заңы

  Ақ бұлттардың атызын жыртып ай соқасы аттанып барады. Ат тұяғынан шаршаған батыр таулар бастарын түйістіріп, ұзақ-ұзақ ұйқыға кеткен. Ал төменде арқасын алтын күреңге сипатып Днепр ағып жатыр. Сарматтардың батыр ұлы Томурул Днепрге қою көлеңкесін құлатқан қарт жартастың қабағында Грейкесті ұзақ күтті. Грейкес тайпа ақсақалы Агиданың сұлу қызы болатын. Грейкестің […]

Мұрат Алмасбекұлы: Үш бейіт
Әдебиет

Мұрат Алмасбекұлы: Үш бейіт

Анда-санда ат тұмсығының арқан бойы алдынан пыр-пыр бөдене ұшады. Басқа дүние тып-тыныш. Орталанып қалған момақан ай Сеңгірдің тақымындағы шашақты найзаның көкаяз жүзінде діріл қағады. Сау желген құр аттардың құйрық ұшы жентек-жентек топырық, жосылған із. Көделі жердің көбесін сөге дүбірлеткеннің бірі – Байшағыр. Мойынында сала құлаш садақ, арқасында жылан тілді жебе […]

Қозыбай Құрман. Оспан батыр
Әдебиет

Қозыбай Құрман. Оспан батыр

Қозыбай Құрман. Оспан батыр   (Хандық мерейтойға орай, Шығыс Түркістандағы Шіңгілде қазақтар ақ киізге орап хан көтерген, қазақтың Кенесарыдан кейінгі ханы Оспан батырға арнаймын)   Тамырыңда қан тулап басыла алмай, Жарқ-жұрқ ойнап көзде от жасын аумай. Жаттың ба, Алтай, кеудеңе «бүлік» түсіп – Елдің мұңы Ертіс боп тасығанда?   Шер […]

Мұхтар МАҒАУИН. ЖАРМАҚ
Әдебиет

Мұхтар МАҒАУИН. ЖАРМАҚ

Мұхтар МАҒАУИН. ЖАРМАҚ (Роман) Бұл ойқы-шойқы, шимай-шытырық жазбалар көпшілік жұрт үшін елеусіз, бәлкім мүлде белгісіз қаламгер, шын мәнінде бұрынғы-соңғы алаш руханиятындағы ең алып тұлғалардың бірі Иман Қазақбайдың архивінен табылды. Марқұммен ежеттес дос болмасақ та, ара-кідік телефондасып тұратынымыз бар еді, азалы топырақ үстінде өкінішке әрі ризашылыққа толы екі-үш ауыз бақұл сөз […]

Нығмет Мыңжан атындағы арнайы сыйлық иегері Қойшыбек МҮБАРАК: Бөрілі көш
Әдебиет

Нығмет Мыңжан атындағы арнайы сыйлық иегері Қойшыбек МҮБАРАК: Бөрілі көш

  Бөрілі көш  Алматыда тумағаныммен, тұрғаныма ұзақ болғасын осы жердің тұрғыны саналып кеткенмін. Сонымен Алматыдан Шығыстағы кешегі батыр бабам Жәнекемнің жатқан жері Қалба тау өңіріне көшіп келген туысқандарыма есендесіп барып қайтпақ болғанмын. Алматы-Семей пойызна мініп қолымдағы шағын дорбамды жайғастырып енді отыра бергенімде менің жаныма артынып – тартынған ауыл ақсақалы келіп […]

Асқар Татанайұлы атындағы бірінші орын иегері Мұрат Алмасбекұлы: Үш бейіт
Әдебиет

Асқар Татанайұлы атындағы бірінші орын иегері Мұрат Алмасбекұлы: Үш бейіт

Анда-санда ат тұмсығының арқан бойы алдынан пыр-пыр бөдене ұшады. Басқа дүние тып-тыныш. Орталанып қалған момақан ай Сеңгірдің тақымындағы шашақты найзаның көкаяз жүзінде діріл қағады. Сау желген құр аттардың құйрық ұшы жентек-жентек топырық, жосылған із. Көделі жердің көбесін сөге дүбірлеткеннің бірі – Байшағыр. Мойынында сала құлаш садақ, арқасында жылан тілді жебе […]

Омарғазы АЙТАН атындағы арнайы сыйлық иегері Бәтима Ахметова: Әулие бұлақ
Әдебиет

Омарғазы АЙТАН атындағы арнайы сыйлық иегері Бәтима Ахметова: Әулие бұлақ

Біз ұзық жол соғып Әулиебұлаққа, батыр бабаның жатқан жеріне таң ата жеттік. Бұлақ басына келіп тоқтаған көліктен жасы бестен енді асқан егіз ұлыдарым Керей мен Жәнібек түсе сала анадайда тұрған батырдың ескеткішіне қарай тұра жүгірісті. Шеше! Шеше! Мені шақырған атам әне тұр… алақай… ата… ата… Кесенеге қарай тұра жүгірген балаларымның […]

Қажығұмар Шабданұлы атындағы екінші орын иегері Мейіржан ӘУЕЛХАН: Арыстан көлі
Әдебиет

Қажығұмар Шабданұлы атындағы екінші орын иегері Мейіржан ӘУЕЛХАН: Арыстан көлі

Арыстан көл Мейіржан Әуелханұлы (Ер Жәнібек Бердәулетұлының рухына) Манаураған даланың алыс көкжиегінен құлаған күн сәулесі омыраулаған атша сай тағанын жауып бара жатқан көлеңкенің табанында тапталып қалып жатыр. Іңірдің түсін тау аңғарынан соққан жел суытып тұр. Айнала маңда ұйый бастаған қараңғылыты сол реңге үйірлесе қалған көз таратып жібергендей. Өрістен малдың да […]