Бейнематериалдар
by erjanibek × 2021 ж. Желтоқсан 17, 0:52 +06 |
Менің бұл шағын мақаламда айтпақшы болғаным, сонау алпысыншы жылдардың басында білім іздеп шекара аттап, Қытай Халық Республикасынан қазақ еліне атбасын тіреген, бүгінде «қазақ әдебиетінің абыз ақсақалдарының» біріне айналған Жабайыл Бейсеновтың «Ауылым»-өлеңі туралы болмақ. Жабайыл Бейсенов 1934-жылы Қытай Халық Республикасы Тарбағатай аймағы Толы ауданының «Дәм» малшаруашылық районында дүниеге келген. Жиырмадан асып, […]
Бейнематериалдар
Бұл шығарылымда Баркөлдегі бүгінде жасы тоқсанға келген Әлипа Қабылбайқызы әжеміз өткен ғасырдың нәубеттерін өзі басынан кешкен, көзмен көрген оқиғалармен бірлестіре айтып береді.
Бейнематериалдар
Гүлтегін құлпытасы – біздің ғұмырлық құндылығымыз. Бұл үлкен тағдырлы жазу. Тарихи сананың негізі көне түрік ескерткіштерінде жатыр. Ондай ескерткіш еш елде жоқ. Сол заманның өзінде мемлекеттікті қозғаған, елдікті дәріптеген тасқа жазылған саяси құжат. Қазіргі біздің де мемлекеттігімізді айқындайтын негізгі құжат. Ешқашан өзгермейтін бізге жеткен бабалардың төл сөзі. “Үстіде көк аспан, астыда қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласының үстінде Бумын қағандар отырған”,-дейді. Біз қазір осы сөзді айта аламыз ба? Ол кезде Олар айта алған…
Бейнематериалдар
Шалап Саудагерұлының бұл күйі ел арасында “Шақабай Шалап” деп те аталып кеткен. Ел назарына күйдің домбыра, жетіген аспаптарында және оркестрде орындаушылардың әртүрлі орындау нұсқаларын топтастырып ұсынып отырмыз.
Бейнематериалдар
Оспан батыр елшілік бар кезде Дугласқа көп көмек берген еді. Орыстардың бұл аймақтан уран іздеп жүргенін де Дугласқа Оспан батыр хабарлаған. Бірақ Оспан уран екенін білмеген, «тас тиеп жүр» деп хабарлап, үлгісін әкеліп берген. Дуглас «тасты» жылдам зерттеп жіберіп, Сталиннің уран іздеп жүргенін бірден түсінген.
Бейнематериалдар
Осыдан 70 жыл бұрын, сәуір айының 29 күні, ХХ ғасырдағы ұлт қаһарманы, қолбасшы, баты Оспан Сіләмұлы қытай коммунистерінің тұтқынында ату жазасына кесілген күн еді. Батыр бабамыздың сол сәттегі тәкапар бейнесін, асқақ рухын, батыр тұлғасын төрт шумақ өлеңмен өрнектеп берген, Жайыр таудың жырауы, аяулы асыл, аңғал ақын ағамыз Жәркен Бөдешұлы да күні кеше ғана, осы сәуір айында мәңгілік келмес сапарға аттана берді. Бүгін халқы ардақты ұлын арулап жер қойынына тапсырып қайтты. Жәніңіз жаннатта болғай алаштың айбоз ұлы.
Соңғы пікірлер