Бейнематериалдар

Жәркен Бөдешұлы: Оспанды қазір атады…(Видео)

Осыдан 70 жыл бұрын, сәуір айының 29 күні, ХХ ғасырдағы ұлт қаһарманы, қолбасшы, баты Оспан Сіләмұлы қытай коммунистерінің тұтқынында ату жазасына кесілген күн еді. Батыр бабамыздың сол сәттегі тәкапар бейнесін, асқақ рухын, батыр тұлғасын төрт шумақ өлеңмен өрнектеп берген, Жайыр таудың жырауы, аяулы асыл, аңғал ақын ағамыз Жәркен Бөдешұлы да күні кеше ғана, осы сәуір айында мәңгілік келмес сапарға аттана берді. Бүгін халқы ардақты ұлын арулап жер қойынына тапсырып қайтты. Жәніңіз жаннатта болғай алаштың айбоз ұлы.