Кітапхана
by erjanibek × 2021 ж. Наурыз 23, 16:01 +06 |
Оянған Ыңғайұлы. (1914-1972) Қытайдың Алтай аймағы, Буыршын ауданында өмір сүрген ақын. ХХ ғасырдағы қытай қазақ әдебиеті өкілдерінің бірі. Ақынның жазбаша және ауызша тараған бірқатар шығармалары бүгінге жетіп отыр. Оянған Ыңғайұлының «Мұңлық жыр», «алтыншы айдың он төрті», «Баянның бетке басарларына», «шөпке түскенде», «Нұрғабылға», «Күшіктің зары», «Ыдырыш пен қасқырдың айтысы», «Екі құрдас», «Жалқауға» секілді өлең толғаулары бар.
Бүгін сіздерге ақынның сатиралық үлгіде жазылған «Алтыншы айдың он төрті» атты өлеңін ұсынып отырмыз. Бұл өлең қазір Текелі қаласында тұратын Нұрлан Темірханұлының қолжазба дәптерінен алынды.
Жаңалықтар
by erjanibek × 2021 ж. Наурыз 21, 23:31 +06 |
21 Наурыз. Монғолдың “Талын” телеарнасында «Жыл басы Наурыз – 2021» атты бағдарлама көрерменге жол тартты,-деп хабарлайды KAZNEWS сайты. Бағдарлама Моңғолия Жастар одағының Ұланбатыр қаласындағы Баян-Өлгей жастар бөлімшесі мен Нұрбек Жырғауұлы жетекшілік ететін «Өлгейімнің өркені» мемлекеттік емес ұйымының қолдауымен ел назарына ұсынылды. Бағдарламада қазақ халқының салт дәстүрі дәріптеліп, Моңғол халқына Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Руханият
by erjanibek × 2021 ж. Наурыз 15, 14:08 +06 |
Орыс-совет отарлық қыспағындағы қандыбалақ ХХ ғасыр – Əлихан Бөкейханов пен Смағұл Садуақасовтан соңғы кезеңдегі бірден-бір ұлттық мемлекетшіл, қайтпас қайраткер, қазақ халқының қаһарман перзенті Жұмабек Тəшеновті мен бағзы бір дəуір – студент кезімде тым жақыннан, бірақ сырттай екі рет көріппін. Алғашқыда, 1959 жылдың басы болса керек, Қазақ университетіне, студенттермен кездесуге келді. […]
Шежіре
by erjanibek × 2021 ж. Наурыз 12, 21:30 +06 |
Жәнібек батыр тар жол, тайғақ кешулерін былай еске алады екен: – Майдандасып жау түсіруді ерлігім деп санамаймын, қаптаған жаумен шайқассаң өткір найзаның ұшымен, тұлпар аттың күшімен, қайратыңа әдіс-амалыңды қосып жеңесің. Сен оны алмасаң, ол сені алады. Талай-талай қан майданды бастан кешірдім, тар жол, тайғақ кезеңдерден өттім, майданда жау түсірмей қайтқан […]
Әдебиет
Барлық Аналардың, Арулардың 8 наурыз халықаралық мерекесіне арнаймын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!!
Талапбек АЗАНБАЙ
Соңғы пікірлер