Ақпан, 2021

Тәуелсіздік бәрінен қымбат
Білім

Тәуелсіздік бәрінен қымбат

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы – халқымыздың өткеніне мен бүгінін бағалайтын, болашағына бағдар беретін парасатты бастамасы жайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі  дайындық кафедрасында ұстаздар ұыжымы арасында 6 мамыр күні пікір сайысы (бұл жайында мәліметті www.kaznu.kz  сайтынан толығырақ біле аласыздар)  ұйымдастырылып, Президентіміздің мақаласында көтерілген мәселелердің маңыздылығы […]

Ұдайы ізденісте жүретін ұлағатты ұстаз
Білім

Ұдайы ізденісте жүретін ұлағатты ұстаз

Бегалиева Айша Карипжановна, Алматы облысы ауылдық округінде 1958 жылы еңбекші отбасында дүниеге келді. 1965 жылы онжылдық мектебінің 1-сыныбына барды, 1976 жылы онжылдық мектепті бітірді. 1979 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті тарих факультетіне түсіп, 1985 жылы тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірді. 1979 жылы наурыз айынан 1980 жылға дейін […]

Нұрғажат Қапақұлы: Дәулетше тәйжінің көк тас таңбасы…
Алтай аңызы

Нұрғажат Қапақұлы: Дәулетше тәйжінің көк тас таңбасы…

Дәулетше Ертісұлы Ботақараның батыр Тыныбек атасының жетінші ұрпағы. Дәулетше Ертісұлы Ботақара руының байырғы мекені Алтайдың Алақағында 1871 жылы дүниеге келді. Балалық шағы өзінің сүйікті ата қонысы Алақақта өтті. Дәулетше Ертісұлы бала кезінен жаны жайсаң кең пейілді сабырлы болып өсті, ел-жұрты, туыс- туғаны, ата-анасы Дәулетшені Дәулетім деп еркелетіп өсірді. Ол бала жасынан сөзге сондай шешен, ағайын туыстың арасында болып жататын ұсақ-түйек дау шарларды, әдемі тілімен шешіп беріп, ағайын туысты берекелестіріп жүрді. Ағайын туыс арасында болып тұратын өлім-жітім, қысылтаяң жағдайда жол тауып беріп жүрді. Міне осындай үсақ-түйек ағайын арасындағы жұмыстармен араласа жүріп, ел көзіне түсе бастады. Ол қыдырып бір ауылға түссе, сол ауылдың ұсақ-түйек балалары бірақ сол үйге баратын, сол үйдің дастарқанына қойылған дәнді сол балаларға үлестіріп беріп отыратын еді. «Берсең балалаға бер», – деген сөз осыдан қалған шығар ау шіркін!

Нұрғажат Қапақұлы: Алтайдың Алақағы – Ботақара жұртының ата қонысы
Алтай аңызы

Нұрғажат Қапақұлы: Алтайдың Алақағы – Ботақара жұртының ата қонысы

Абақ керей Сарыарқа жерінен көшіп шығысқа келіп Қабатау, Шар, Қызылсу, Зайсаң, Көкпекті жеріне ірге теуіп қоныстанады. Жылдар өте Абақ керейдің батыры Ержәнібек қартайған шағында 1786 жылдары Керейдің ел ағалары Шәу жырау, Барлыбай, Байқан, Маман, Шаған, Шегетайлар ел жайында ақыл сұрай барыпты, сонда Жәнібек батыр қоныс толы ауылы, өріс толы малы […]

Нөсерхан Қабихан: Досымханның ерлік ізі
Алтай аңызы

Нөсерхан Қабихан: Досымханның ерлік ізі

Соғыс ардагері Толыкбаев Досымханатамыздың ерлікгін жырлаған шағын дастан

Ақын Болмас Төлемісұлы жайында…
Алтай аңызы

Ақын Болмас Төлемісұлы жайында…

Қуаныш Ілияс: Халқының жүрегінде Болмас ақын   Аңдатпа:2005-жылы мамыр айында алтай қаласы абитан қалашығы қызыл үйеңкі қыстағындағы ақын атаның қара шаңырағына барған едік. бақыт болмас ұлының бастауында, ол кісі жайында көптеген матерялдарға ие болдық. бұл мақала да сол сапар да жазылды… -автор Халқының жүрегінде Болмас ақын, Болмастай енді қайта болмас […]

«ХАСЕН — ЖӘМИЛА»: Хасен мен Жәмила рөлін сомдаған тұлғалармен болған сұхбат
Жаңалықтар

«ХАСЕН — ЖӘМИЛА»: Хасен мен Жәмила рөлін сомдаған тұлғалармен болған сұхбат

2004 жыл. «Қазақ календары» беттерінің бірінен ҚХР-да өмірге келген кинокартина туралы хабарды оқып қалдық. Сөйтсек, ол қазақ тілінде шетелде түсірілген тұңғыш көркемсуретті фильм екен. Осыны оқығаннан кейін ойға қалдық. Көкейімізге: «Сондағы ойнаған киноактерлер… Олар кімдер еді?» деген сауалдар келген болатын. «Иә, шынында олар кімдер еді? Іздеп көрсек қайтеді өздерін? Мәселен, 1956-1962 жылдарғы ұлы көш кезінде сол өнер адамдарының арасынан бергі бетке өткендерінің де бар болуы мүмкін-ау…» Ақыры таптық та! Олар: Жәмила – Кеңес Одағының халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры­ның саңлақ актрисасы Фарида ШӘРІПОВА болса, екін­шісі – Хасен рөлін ойнаған Ықылас Дүкенұлы атындағы рес­публикалық саз аспаптары мұра­жайының ғылыми қыз­меткері Абылай ТҮГЕЛБАЕВ еді. Көп кешікпей Алматыда тұра­тын осы аға, апамызбен кез­десіп, әңгімелескен жайымыз бар. 2004 жылдың жаймашуақ сол бір көк­теміндегі сұхбатта мына тө­мендегі жәйттер белгілі болған еді.

“ХАСЕН – ЖӘМИЛА” КИНОСЫ (Видео)
Бейнематериалдар

“ХАСЕН – ЖӘМИЛА” КИНОСЫ (Видео)

Мұратбек Муса: Ұлиды көкжал ерлік айналамнан
Әдебиет

Мұратбек Муса: Ұлиды көкжал ерлік айналамнан

Алтай тауы барша таудың бабасы   Қарт Алтайым,  тау бабасы жал – құздар, Жер көтермес жерден ауыр қайғың бар . Жүрегімнің ашты зарын қозғайды, Қара түнді қалжыратқан байғұздар.   Қоңыр таудың қасыса жел арқасын, Ескірмейді ескі әуенім  _ жартасым. Қоңыр кеште күңіреніп қобыз  үн, Қоғалы Ертіс  , алысқа жол тартасың. […]