Алтай аңызы
by erjanibek × 2021 ж. Қаңтар 29, 15:49 +06 |
Арысы құлап алтайдың. . . (Мағаз Разданұлына) Төбесін жайлап қара бұлт, Жүлқыған дауыл жүрегін. Көрінген қайта ағарып, Алтайдың ақбас шыңы едің. Қалқып та алған халқының, Қара сөзінің мәйегін. Тарландап барып табылған, Қазақтың жалғыз тайы едің. Абайдай алып дананың, Айтылмай қалған сөзісің. Абақтай асыл […]
Жаңалықтар
by erjanibek × 2021 ж. Қаңтар 27, 12:40 +06 |
ХІХ ғасырдың аяғына қарай Іле, Алтай, Тарбағатай сынды үш аймақтың Қытай еліне басы бүтін бодан болуына байланысты қазақ жұрты мен Қытай елінің арасындағы байланыс тіпті де жиіледі. Үш аймақты мекендеген қазақтар мал мен бастың амандығы үшін ел тізгінін ұстаған Қытай елімен тіл табысып тұруға тырысты. Ауыс-түйістің салқын жүретін бұрынғы заманындай емес, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан дəл осы кезеңде тілмаштардың қажеттілігі артты.
Кітапхана
by erjanibek × 2021 ж. Қаңтар 23, 23:39 +06 |
Мағжанның түрік тақырыбын жырлауы, қазақтың түп тарихыніздеп ел тарихын терең түсіндіру еді. Тек бір ғана «Түркістан» өлеңі арқылы тарихидаму жолдарымызбен, ел сыйлаған батырларымызбен, хандарымызбен, Ұлықбектей ғалымдарымызбен таныстыруды мақсат еткенін өлеңдерін талдай отырып дәлелдеу. Мағжанның шығармаларындағы символизм шетел әдебиетінің ақын жазушыларының шығармашылығымен байланыстырылады.
Білім
by erjanibek × 2021 ж. Қаңтар 21, 23:51 +06 |
«Абай- қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының, әдебиетінің негізін салды. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол-керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Сонымен бірге біз Абайды ойшыл ақын дейміз. Мұны алдымен ақынның өмір құбылыстарын терең толғау жағы басым келетін өлеңдеріне қатысты айтсақ, сонымен қатар өмір, адам […]
Шежіре
by erjanibek × 2021 ж. Қаңтар 20, 12:53 +06 |
Қазақ халқының құрамындағы тайпалардың бірі — Керейлер екі үлкен этникалық бірлестіктен: Ашамалы Керей, Абақ Керейден тұрады. Ғылыми əдебиеттерде осы атаулардың төркіні туралы айтылған пікірлер аз емес.
Керейлер тарихындағы елеулі мəселе — ол Қазақ халқы құрамындағы Керейлер мен Керейттердің арақатынасына байланысты əр түрлі көзқарастардың орын алулары дер едік. Бұл екеуін бір тайпа ретінде қарастыратын ғалымдар арасында Н.А.Аристов, В.В.Бартольд, М.Тынышбаев, Р.Г.Кузеев, М.Мұқанов бар. Сонымен қатар оларды екі бөлек тайпа ретінде қарастыратын ғалымдар да бар екендігін айта кеткен жөн. Олардың қатарына мысал үшін Х.Ховорс, Грумм-Гржимайло жатады. Шындығына көшсек, «Керей» этнонимімен «Керейт» этнонимінің арасында елеулі алшақтық жоқ.
Соңғы пікірлер