Әдебиет

Талапбек Азанбай: Арулар – аққулар-ай

Барлық Аналардың, Арулардың 8 наурыз халықаралық мерекесіне арнаймын.
Мерекелеріңіз құтты болсын!

  • Автор

ЖАН СЕРІГІМ ӨЗІҢСІҢ

Жан серігім өзіңсің мәңгі менің,
Ойлап сені қалқам-ау сан жүдедім.
Өмірдегі тынысым сен ғанасың,
Соғып тұрған тірлігім – жан жүрегім.

Болды талай өзіңді сүйгеніме,
Мақабаттың отына күйгеніме.
Бір сыңарым сен десең, айаулым-ау,
Енді тұрма жаніңды түй беліңе.

Бұл пәниде сенсің жар өмірлігім,
Тек осындай өтсе екен көңілді күн.
Аққуым сен, мүбәдә, ұшып кетсең,
Құлазыйды-ау сар жрттай көңіл-көгім.

Түсін, қалқа, мен өзім осындаймын,
Тұр сертіңде бұрынғы тосылмайтын.
Мынау Ләйлі- Мәжұіннің ғасыры емес,
Бірін- бірі сүйседе қосылмайтын.

НЕГЕ АЙАЙМЫН . . .

Неге айаймын барымды еркем сенен,
Жауыздықтан жабығып өлсемде мен.
Айналайын көгілдір жанарыңнан,
Жаным бір деп өзіңмен мөлтеңдеген.
Тек мақабат өмірді көрқемдеген.

Бір кез кірбең өтседе кезім менің,
Армандаған ақ құсым өзің едің.
Бүгін бірге болған соң сен қасымда,
Марқа көңіл бір әсем сезімдемін.
Мінсіз өтті дейсің-ау кезінде кім?

Қандай әсем жаным-ау күлкің сенің,
Жаралдыңба бағыма мүмкін менің.
Ана болдың, дәриғай, күні кеше,
Бүлдіршіндей қыз едің сылқым керім.
Білсін қалай боларын кім күндерін.

Айым сенсің жаныма көрік берген,
Қайшылық көп бырақ бұл зерікпе елден.
Ала құйын ақынның мінезіне,
Тек өзіңсің шыдап бір көніп келген.
Тұрсада дау жалаңдап төніп төрден!

ӨКПЕЛЕМЕ

Жан жарым-ау сен маған өкпелеме,
Уақыт берші азғана жоқ дегенде.
Бәрін бірдей санайтын есіл жанбыз ,
Ақын жүрек әйтпесе от төгеме!?

Демеп бізді тұрғанда халқым бүгін,
Ерекше бір шарықтар шалқып үнім.
Жарандармен құттықта сенде бірге,
Шабыт толы ақынның жарқын күнін.

Кім ұмытар өзінің сүйіктісін,
(Онсыз шыңнан аса алмас жиіп күшін).
Сені жебер қасыңда жарың болса,
Сонда ғана азамат иықтысың.

Өзің десем айтатын ойым айқын,
(Жан жоқ деме жүдесе тойынбайтын).
Әйел деген аналар (Қара нарлар),
Қйындыққа жабығып мойымайтын.

От ұшқыны болмаса көзіңде ерен,
Қайтып тұмақ бізден шын сезімді өлең.
Аз ғұмырда, сәт-сағат қуанышты-
Бірге тойлап өтемін өзіңменен!

АҚҚУЛАР – АРУЛАР- АЙ

Кеудеде ерен алаулы от жану барда,
Мақабатқа тірлікте қану барма.
Ер жасына келсемде қызығып бір,
Көзді сүзіп қараймын аруларға.

Қажап ғұмыр недеген толы сезім,
Байқамай – ақ қаласың оны да өзің.
Елес болған іздейсің өткен күнді,
Басылмаған жастықтың соны кезін.

Басқа осындай тұрғанда қиал түсіп,
Шықсаң қандай қырандай қианға ұшып.
Ару қыздар түсініп оң көзі мен,
Құшағына тартса егер сыйам қысып.

Бырақ құрғыр жеткізбес дәрмен оған,
Демеймін мен, барлығын армен ұғам.
Аласымен көзінің ата қарар,
Кейбіреулер дегендей зармең бұған.

Шіркін көңіл оныңа тоқтатарма,
Көппен бірге тұрған соң топ қатарда.
Тигізермін көзеулі нысанаға,
Қарауылға алсам тек оқты атарда.

Арулар- ай аққулар әппәқ айым,
Келе жатсаң телміріп көп қарайым.
Ең жоқ десе сендегі нәзіктікті,
Тиек етіп жырыма ап қалайын!

Теги:

1 пікір

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*