Руханият

Бапай Ұлан. ЕР ЖӘНІБЕК РУХЫНА ДЕГЕН ЕЛ ҚҰРМЕТІ

Ер Жәнібек Бердәулетұлы – қазақ тарихының ең бір қиын кезеңі саналатын XVIII ғасырда, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған қанды қырғыннан бастап, ел еңсесін тіктеген «шаңды жорыққа» дейінгі заманды басынан өткізді. Хан Абылайлармен үзеңгілес жүріп жоңғарларды жеңді, ел іргесінің бүтіндігі үшін елдің шетінде, жаудың өтінде жүрді. Қорыта айтқанда, елі мен жері […]