Соңғы жазбалар

АБАЙДЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ БІР СӨЗ
Шежіре

АБАЙДЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ БІР СӨЗ

Отаршы “ақ патшаның” шенді шекпені үшін (кейде тіпті үлкен күміс табақ пен артық қадақ күріш үшін) төрелері ұсақталып, батырлары бір-бірін шауып, соңғы хандарын ұстап беріп, “зар-заман” жыраулары ескі ізді шиырлап, аз-маз зиялысы я шоқынып, я білім іздеп шетке кетіп, Батыстағы ағартушылық пен индустриализациядан мақұрым қоғамы көшпеліден аграрлық құрылымға өтіп үлгермей […]

Жәркен Бөдеш: Жалғыздық Құдайдан кейін ақынға жарасады
Руханият

Жәркен Бөдеш: Жалғыздық Құдайдан кейін ақынға жарасады

Қазақ әдебиетінің жоқтаушылары мен жанкүйерлеріне, Қазақ өлең өнерінің қадау-қадау биіктерінің бірі, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, Түркі тілдес елдері поэзиясы II фестивалінің лауреаты,  Қазақ поэзиясына “Жұлдызға орынын Ай бермес”, “Жұлдызтас”, “Бөрінің асығы”, “Емендер түнде бүрлейді” қатарлы жыр жинақтарын сыйлаған замана жырауы Жәркен Бөдешұлымен болған әңгімемізді ұсынып отырмыз. – Тәуелсіздіктің алтын таңын көрген бақытты […]

ҚЫТАЙДЫҢ ЖАҢА САЯСАТЫ: ДІННЕН БЕЗДІРУ МЕ, ҰЛТТЫ ЖОЮ МА?
Руханият

ҚЫТАЙДЫҢ ЖАҢА САЯСАТЫ: ДІННЕН БЕЗДІРУ МЕ, ҰЛТТЫ ЖОЮ МА?

ҚХР Президенті Ши Жинпиң (қазақша осылай жазылатын атты орысша Си Цзньпин деп жазғандарға таң қалмау мүмкін емес) 2013 жылды Астана сапары кезінде Азия мен Еуропа арасындағы тарихи сауда жолы “Жібек жолын” жаңғырту жөніндегі “бір белдеу – бір жол” жобасын әлемге паш еткен еді. Қытаймен Орталық Азия, Ресей, Еуропа мен Африканы […]

ҚЫПШАҚ ХАНДАРЫНЫҢ ӘУЛЕТІ
Шежіре

ҚЫПШАҚ ХАНДАРЫНЫҢ ӘУЛЕТІ

XI-XIII ғасырларда қыпшақтардың ішінде қандай әулет басқарғаны өте шиеленісті мәселе. Бұл сұраққа байланысты тарихшы ғалымдардың арасында ешқандай бәтуаластық жоқ. Онсыз да қыпшақтардың ішінде қанша әулет басқарғаны түсініксіз. Қыпшақ хандары туралы куәландыратын бірқатар түпкі деректер бар. Орыс шежірелері Шаруканид әулеті туралы айғақтайды. Хорезм шежірелері Хорезмшахтарға қызмет еткен қыпшақ хандары әулеті туралы […]

ШӘКӘРІМНІҢ «ҮШ АНЫҒЫ»
Руханият

ШӘКӘРІМНІҢ «ҮШ АНЫҒЫ»

Абайдың тәлім-тәрбиесін көріп, өмірін біліммен өрнектеген, әлем ойшылдарының еңбектерін жата-жастана оқып, парасат биігіне шыққан, Алашқа алғаш рет «Ұждан» философиясын еңгізген һәм алпыстан асқан шағында қу тіршілік қыспағынан қашып, тұран даланы аңсаған түз тағысындай тақуа ғұмыр кешкен, адамзаттың аяулы ақыны – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Дана халқымыз: «Білім – инемен құдық қазғандай», – […]

Лақайлар деген кімдер?
Шежіре

Лақайлар деген кімдер?

Түркі халықтары әлем өр­ке­ни­еті­нің дамуына үлкен үлес қосып, жал­пыадамилық да­му, мәдени және рухани факторлардың дамуын да қамтамасыз етіп келгені т­арихтан жақсы белгілі. Түр­кі­лер шын мәнінде өз дара тұл­ғаларын мақтан етіп, олардың аттарын тарихи идеологияда сақтап келумен бірге, олардың қызметін паш ету сезіміне бөленгені де қуанарлық жайт. Лақайлар өзбек ұлты құра­мын­дағы […]

Алтайдан асқан арман
Шежіре

Алтайдан асқан арман

Хасен Оралтай ағамыздың өмірден өткеніне жеті жылға аяқ басса да есімізге жиі оралады. Ол кісіні Қазақстандағы соңғы көргендердің бірі мен едім. Хасекең зейнет демалысына шыққаннан кейін он төрт жылдай Германияда өмір сүріп, жазға салым Түркияда жүрген кездерінде әлсін-әлсін хабарласып, хат жазысып, пікірлесіп тұрдық. Хасен аға менің келіп қайтуымды өтініп, жиі […]

АЙДОС САРЫМ. ҚЫТАЙ ҚАУПІ МЕН ҚАЗАҚ ҮРЕЙІ ТУРАСЫНДА
Кітапхана

АЙДОС САРЫМ. ҚЫТАЙ ҚАУПІ МЕН ҚАЗАҚ ҮРЕЙІ ТУРАСЫНДА

Бүгінгі күні қазақтың мазасын қашырып, үрейін тудырып отырған мәселенің бірі – Қытай. Сонау Ғұн патшалықтары, Түркі қағанаты дәуіріндегі текетірес пен шайқастардан басталып, Сүлеймен Бақырғани кезінде «ақырзаман боларда қара қытай қаптайды» концепциясына айналған осы үрей уақыт өте сейілер емес. Керісінше, ұрпақ қуалайтын, қанға сіңген инстинкттік, бейсаналық дәрежедегі үрейге айналып барады. Қытайдың […]

ХАЛЫҚҚА ҚОРҒАН БОЛҒАН ДАҢЫҚТЫ ТҰЛҒА, БІТІМШІ ТІЛЕУДІҰЛЫ
Жаңалықтар

ХАЛЫҚҚА ҚОРҒАН БОЛҒАН ДАҢЫҚТЫ ТҰЛҒА, БІТІМШІ ТІЛЕУДІҰЛЫ

Әлемге тарыдай шашылған қазақ халқының басым бір бөлігі Моңғолия қазақтары. Абақ керейден тараған осынау көшпенді қазақтардың басынан бір қатар ауыр кезеңдер мен қиын күндер де өтті. Ел бастаған батыр бабаларымыз ұрпағының болашағы мен бейбіт күнді аңсап, бейқұт мекен іздеп байырғы мекені болған Алтайдың күнгей бітінен теріскей бетіне яғни Қобда өлкесіне […]

Мұстафа Өзтүрік – Шақабай батырдың жиені
Шежіре

Мұстафа Өзтүрік – Шақабай батырдың жиені

Мұтафа Өзтүрікітің үлкен нағашысы әйгілі палуан, Шақабай батырдың ұрпағы Қайысбай Иісұлы. Тарихта өткен ірі тұлғалардың өмірін зерттеп-зерделегенде «жақсыдан жақсы туар» немесе «ер тағайына тартып туады», «тегінде бар» деген секілді сөздер қолданады. Бүгінгі медицина ғылымының биологиялық-гендік талдаулары да бұл тұжырымды растайды. Шақабай батыр Есентайұлы тарихта өткен ірі тұлғалардың бірі. Ол ірі болмаса […]