Соңғы жазбалар

Есет батыр мен Тұрсынбай батыр
Шежіре

Есет батыр мен Тұрсынбай батыр

Есет батыр Қожабергенұлы 1688 жылы Жамбыл ауданындағы Гүлтөбе жерiнде туған. 1772 жылы Түмен облысы Есет ауданында қайтыс болған. Есет – Қожаберген жыраудың төртiншi баласы. Самарқанд медресесiн бiтiрген. Қазақ­қалмақ соғысында қол бастаған батыр болады. Есет татар, башқұрт, қазақтардың бiрiккен қолын басқарады. Есет батырдың ерлiгi жайлы Дәстем сал, Жанкiсi, Тәтiқара, Үмбетей, Жанақ, […]

Шетелдегі қазақ жастарының халықаралық өнер фестивалі басталды (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Руханият

Шетелдегі қазақ жастарының халықаралық өнер фестивалі басталды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Шет елдегі қазақтардың халықаралық өнер фестивалі басталды. Фестивальге қатысушылар өнердің үш түрі бойынша іріктеу кезеңінен өтті.  Атап айтқанда, шетелден келген 14 қазақ ақыны жыр мүшәйрасына қатысса, термешілер […]

Мұрат Алмасбекұлы: Үш бейіт
Әдебиет

Мұрат Алмасбекұлы: Үш бейіт

Анда-санда ат тұмсығының арқан бойы алдынан пыр-пыр бөдене ұшады. Басқа дүние тып-тыныш. Орталанып қалған момақан ай Сеңгірдің тақымындағы шашақты найзаның көкаяз жүзінде діріл қағады. Сау желген құр аттардың құйрық ұшы жентек-жентек топырық, жосылған із. Көделі жердің көбесін сөге дүбірлеткеннің бірі – Байшағыр. Мойынында сала құлаш садақ, арқасында жылан тілді жебе […]

МҰХТАР МАҒАУИН. АБАЙДЫҢ БЕЛГІСІЗ ӘҢГІМЕСІ
Руханият

МҰХТАР МАҒАУИН. АБАЙДЫҢ БЕЛГІСІЗ ӘҢГІМЕСІ

Қазақтың қасиетін тану — Абайды танудан басталмақ. Халқымыздың сөз өнерін зерделеу — Абай тағылымын бағамдаудан байқалмақ. Абай — қазақ тарихындағы қайталанбас сом тұлға. Абай биігі — халқымыздың көркемдік ой-танымында ешкім жетпеген заңғар. Университет қабырғасында дәрісін тыңдап жүрген кезімізде ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өзінің: «Менің тілімде Абай тілінің мәдениеті бар», — […]

Қожаберген батыр
Руханият

Қожаберген батыр

Бабалардың ғасырлар бойғы арманы орындалып, азаттықтың ақ таңы атып, төбемізде тәуел­сіздіктің көк туы желбіреді. Еге­мен ел бо­лып, еңсемізді тіктедік. Бай та­ри­хымыз­дың барын бағам­дап, жоғын түген­деп, келмеске кеткен кер заманның кесірінен ақтаң­даққа айналған тұстарын жады­мыз­да қайта жаң­ғыртып жатырмыз. Бұл тұста әлі де көп жұмыстар істелуі керек секілді. Бұған дейін тарихи дерек, […]

Қожаберген батыр
Жаңалықтар

Қожаберген батыр

Бабалардың ғасырлар бойғы арманы орындалып, азаттықтың ақ таңы атып, төбемізде тәуел­сіздіктің көк туы желбіреді. Еге­мен ел бо­лып, еңсемізді тіктедік. Бай та­ри­хымыз­дың барын бағам­дап, жоғын түген­деп, келмеске кеткен кер заманның кесірінен ақтаң­даққа айналған тұстарын жады­мыз­да қайта жаң­ғыртып жатырмыз. Бұл тұста әлі де көп жұмыстар істелуі керек секілді. Бұған дейін тарихи дерек, […]

Ә.Қара: Келесі жылы Зуқа батырдың 150 жылдығы тойлану керек
Шежіре

Ә.Қара: Келесі жылы Зуқа батырдың 150 жылдығы тойлану керек

2016 жылы Зуқа батыр Сәбитұлының дүниеге келгеніне 150 жыл толады. Шетелдегі қандастарымыз «Қазақтың Робин Гуды» атап кеткен ұлт қайраткері 1866 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданына қарасты Қалба тауының етегіндегі Кендірлік деген жерде дүниеге келіп, Қытайда өмір кешкен.   Батырдың 150 жылдығына орай Түркиядағы қазақ ғалымы, тарихшы Әбдіуақап Қара жақында Facebook […]

Ғабит МҮСРЕПОВ. Ұрпағыма айтар сөз
Руханият

Ғабит МҮСРЕПОВ. Ұрпағыма айтар сөз

Жәнібек ҒАЛЫМ Ғабит МҮСРЕПОВ, жазушы, Социалистік Еңбек  Ері.  Мен  бұл  кітап-альбомды  басылмай  тұрғанда  мұқият  қарап шықтым… Ұстаған  бағытымыз  түзу болғанымен, барды бағалай алмай, үзіп-жұлқып жүріп, қазақтың ардақты ұлы, қоғамдық ғылымдар  саласының бәрінде өшпес із қалдырған Шоқанның толық бейнесін әзірге бүкіл  бітім-болмысымен жарқыратып  жасай алмасақ керек. Шоқанның  ұлылығы соншама, біз оны енді  […]

Түркия “Түркі әлемінің ортақ армиясын” жасақтауды ұсынды
Жаңалықтар

Түркия “Түркі әлемінің ортақ армиясын” жасақтауды ұсынды

Жақында Түкрия Республикасы бүкіл түркі мемлекеттерінің ортақ армиясын құру туралы бастаманы ұсынған болатын. Түркі мемлекеттерінің ортақ армиясы – бұл бір орталықтан басқарылатын әскери күш болары сөзсіз еді. Осы ретте, Түкрияның Әзірбайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Алпер Джошкун түркі әлеміне ортақ армия құрудың негізгі өзектілігін түсіндіріп берген. Кей-кейде халықаралық саясаткерлер мен […]

Қозыбай Құрман. Оспан батыр
Әдебиет

Қозыбай Құрман. Оспан батыр

Қозыбай Құрман. Оспан батыр   (Хандық мерейтойға орай, Шығыс Түркістандағы Шіңгілде қазақтар ақ киізге орап хан көтерген, қазақтың Кенесарыдан кейінгі ханы Оспан батырға арнаймын)   Тамырыңда қан тулап басыла алмай, Жарқ-жұрқ ойнап көзде от жасын аумай. Жаттың ба, Алтай, кеудеңе «бүлік» түсіп – Елдің мұңы Ертіс боп тасығанда?   Шер […]