Жаңалықтар

«Еліне ұран болған Ер Жәнібек» – прозалық шығармаларға арналған байқау

«Еліне ұран болған Ер Жәнібек» атты халықаралық прозалық шығармаларға арналған байқауының жалпы ережесі

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысында ерекше ерлік көрсетіп еліне ұран болған атақты батыр, қолбасшы, әділ би, ділмар шешен Ер Жәнібек Бердәулетұлының (1714-1792) туғанына 300 жыл толуына орай «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» атты халықаралық прозалық шығармаларға байқау жарияланады!

95

Ұйымдастырушы: «Ер Жәнібек»халықаралық қоғамдық қоры.

Байқаудың мақсаты:

А) Ер Жәнібек Бердәулетұлының ерлік істерін, қолбасылық қасиетін, қоғам және саяси қайраткер ретінде атқарған қызметтерін, шешендік тапқырлығы мен әділ билігін насихаттау, сол арқылы қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосу.

Ә) Ел тұтастығын сақтауға зор ықпал еткен, батырлық пен әділдікті ту еткен Ер Жәнібек Бердәулетұлының келбетін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, адамдық қасиеттерін үйрету, ерлік істерін өнеге тұту.

Б) Қаламгерлерге қолдау көрсету, жоғары деңгейдегі шығармаларды өмірге әкелуге ынталандыру, шығармаларын оқырмандар арасына кеңінен насихаттау.

В) Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтарға қызықтыру, тарихи тұлғалардың ерліктері мен өнегелі істерін насихаттай отырып қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Байқаудың талап-шарттары:

1)    «Еліне ұран болған Ер Жәнібек» тақырыбында прозалық шығармалар (әңгіме, новелла, эссе, повесть).

2)    Байқауға кез-келген ұлттың өкілі қатыса алады.

3)    Қатысушылардың жас мөлшері 18 бен 50 жас аралығында болуы керек.

4)    Бұрын жарияланған шығармалар қабылданбайды.

5)    Автор өзі ұсынған шығармасын өзінің өтініші арқылы ұйымдастыру комитетінің қарауынан алып тастай алады.

6)    Ұйымдастыру комитеті авторлармен ұсынылған шығарма төңірегінде пікірталас өткізбейді.

7)    Ұсынылған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

8)    Байқауға жіберілген шығармалар көлемі 30 бетке дейін болуы керек.

9)    Ұсынылған шығармалар қазақ тілінде, компьютерде (Times New Roman форматта, 14 шрифтпен) терілген болуы тиіс.

10)               Ұйымдастыру комитеті жолданған шығармаларды жариялауға және жинақ етіп шығаруға құқылы.

11)               Қатысушылар мен жүлдегерлерді құттықтау шарасының уақыты алдын-ала ескертіледі және олардың келіп-кету шығындары өз есебінен болады.

Байқауға арналған шығармаларды қабылдау уақыты: байқау жарияланған күннен бастап бірінші тамызға дейін қабылданады.

Шығармалар төменде көрсетілген мекен-жай бойынша қабылданады:

Байқауға қатысушылар 3×4 см 2 фотосуреті мен жеке төлқұжатының көшірмесін және өмірбаяндық мәліметін (резюме) кіші конвертке салады. Сонымен қатар, байқауға ұсынатын шығармасы мен кіші конвертті үлкен конвертке салып, сыртына бүркеншік есімін  жазып жіберуі тиіс.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Абай даңғылы –115, 409 кабинет.

Email:      erjanibek-300@mail.ru

Жеңімпаздарға тағайындалған  жүлделер:

 

Бас жүлде – біреу  (300000тг)

І орын – біреу (200000тг)

ІІ орын – біреу (150000тг)

ІІІ орын – екеу (100 000тг)

Арнаулы жүлделер  – үшеу (50000тг)

Теги: , , , , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*