Ақын Талапбек Азанбай 1965 жылы ҚХР ШҰАР Алтай аймғы Алағақ өңірінде дүниеге келген. 2004 жылы ата жұртына көшіп келіп, қазіргі кезде Алматы облысы Ескелді ауданында тұрады.
Белгілі ақын Талапбек Азанбай 1990 жылдан бастап әдебиетке араласып, «Алтын тау салтанаты», «Қыран меруерті» атты жыр жинақтарында, ШҰАР көлеміндегі түрлі басылым газет – журналдарында 200-ден аса өлең, толғау, баллада және поэмалары жарық көріп, оқырман қауымның ыстық ықыласына ие болған. Алтай аймақтық жазушылар қоғамының мүшесі.
Қазақстан Республикасында шығатын «Шалқар», «Жетісу» және «Жас қазақ үні» газеттерінде бірқатар өлеңдері жарық көрді. Моңғолия Республикасында шығатын «Заман» газетінде «Баһадүр Ботақара» дастаны жарияланған.
Аққаптал
(тарихи дастан)
Талапбек Азанбай
Тарихи дерек: Жәнібек батырдың қартайған шағында 1786 жылдары Абақ Керейдың ел ағалары Барлыбай Тайлақұлы, Шәу, Байқан, Маман, Шаған, Шегетайлар Жәнібек батырға ел жайлы ақыл сұрай барыпты.сонда Жәнібек батыр: «қоныс толы ауылы, өріс толы малы бар, ағалаған елды аздырмай, іргеден дау, белдеуден жау шықпай түрғанда Алтайға қоныс аударғанымыз жөн сияқты, тонымыз бір емеспе, көңіліміз кір болмай жүрсын» деген екен.
Жәнібек батыр тағыда: «Абақ Керейдың Шәу, Шегетай, Шаған, Маман, қатарлы елге ие болар азаматтар бар, елім соларға аманат депты.»
«Алқакөл сұлама, Ақтабан шұбырынды»болған нәубет жылдардан кейін Керейдың аман қалып , жауыр болған жан-жарасы енды ғана «Аққаптал»болып жазылып келе жатқан кезі еді…
(«Тарихи дерек, келелі кеңес» Асқар Татанай. «Ботақара Шежіресінен»)
Әлқиса
Ақ бас шың биік заңғар қыран ұшқан,
Өзіңмен аймалап ай ,түн танысқан.
Алтайым ата қоныс абыз мекен,
Қол бүлғап бір сағыныш түр алыстан.
Құлпырған көк орайлы қырың бүгін,
Түсінер өткен өмір сырыңды кім.
Талапбек жазатын бір дастан қылып,
Қаймақшып қатқан шығар жылым жырың.
Түрғанда көрып ұрпақ ел саясын,
Өзіңнен қолда барын неге аясын.
Шөктірген жер жәнәт деп Асанқайғы,
Жер осы желіп жүрып жел майасын.
Шықсақта кешегі аман ауыр жылдан,
Тарих ашсаң беті дауыл түрған.
«Алқа көл» тар заманның жүгі батып,
«Аққаптал»Керейімды жауыр қылған.
Адасқан сардалада құйынды ертіп,
Қаңбақтай домалайсың сиың кетіп.
Боздайсың ботасы өлген боз інгендей,
Шежіре алып келсе күйын шертіп.
Жинаған болмасада басқа малым,
Қашанда төл шежіре асқақ әнім.
Бабамның жүріп өткен ізін көріп,
Еріксіз жанарымды жасқа малдым.
Қашанда бақ дариды баталы ұлға,
Деген бір шындық жатыр мақалыңда.
Бабамның басы қалған қайран мекен,
Сар шыбын ұя салып сақалына.
Дастан қып енды жазар асыл әнім,
Өзіңсің қайтып оны жасырармын.
Беріш боп қатқан шемен тарих бар,
Қойынында өткен осы ғасырлардың.
Кеңес
Жүрмейтін басқалардың жетегінде,
Не жетер түрсаң ата мекеніңде.
Ақ шаңқан он төріт қанат ақ орда түр,
Тігілген Қалба таудың етегінде.
Мұрағып сақтасақта «сақтың тасын»,
Тәңірім ағайынды жат қылмасын.
Барлыбай, Шәу, Шегетай, Байқан,Маман,
Тіреді Ақ ордаға аттың басын.
Көз салып қарап алыс ел шетіне,
Түбіне кеткен ойдың тербетіле.
Кеудесін самал сипап қарт батыр түр,
Жарасқан аппақ сақал келбетіне.
Дегендей бүгін бізге заман қашық,
Барлығы сәлем берді амандасып.
Ағалар есік ашып үйге кірді,
Ертеңге ақ жол бер деп қадам басып.
Батырдың дархан көңіл белгісі не?
Қолғанат болар ортақ ел ісіне.
Керейге ұран болған Жәнібектің,
Жетпістің келген кезі ед екісіне.
Шақырып ел ағалар, даналарын,
Бір жөнін бұл сұрақтың табалар кім?
Деп батыр ойлы көзбен сөз бастады,
Есіне ап бұрынғы өткен бабаларын.
Сарарқа, Сырда болып арқалы елмен,
Зайсаңнің суын іштік Марқа көлмен.
Осы кең далада біз аман қалдық,
«Ақтабан шұбырынды Алқа көлден».
Серкең жоқ демеймын ел өстің жетім,
Майданның қызыл жалын кештің өртін.
«Аққаптал»ер батсада жауыр қылып,
Дүзейік енды Алтайға көштің бетін.
Керейдің қалған жұрнақ арнасы біз,
Жыл сайын келеды өсіп мал-басымыз.
Алтайда басы қалған Абыз баба,
Хан батыр Тұғырылдың жалғасымыз.
Шаған мен Шәу, Шегетай, Байқан, Маман,
Ерлер ең ел тілегін қайтармаған.
Барлыбай ақылың асқан майталман ең,
Бар шығар кеңесіме айтар бағаң.
Тауасар танып ерте жол басынан,
Деп сендей айырлымаймын жолдасымнан.
Екеулеп Көгедайды алып кеп ең,
Көшіріп Әбілпейіз ордасынан.
Деп батыр сөз сөйледы тыныстап ап,
Ойы өткір,қиып түсер қылыш қанат.
Көтеріп Көгедайды «Төре» қылдық,
Керейге құт болар деп ырыс санап.
Тұрғанда Барлыбай ер кезіңде асқақ ,
Сен айтсаң ел ереды «сөзін тастап».
Шолып кел Өр Алтайды Қуандықпен,
Отарға жылқыны айда өзің бастап.
Қуандық өзі батыр, өзі балуан,
Әр істің жөнін білер сезімтал жан.
Соғыста атой салып, жалғыз шығып,
Шайқалтып жау жүрегін кезінде алған.
Ертіп ал жас болсада Шәу ініңді,
Сөйлесе сөз бермейтін дауыл үнді.
Қаба, Ертіс, Буыршынды ендей өтіп,
Көріп кел Бұрылтоғай, Сауырымды.
Көк майса жаз келгенде дала кілең,
Алақақ саржазық ед алабы кең.
Таулары қараған жал көк тіреген,
Төр жайлау жер жәннаты Аралымен.
Сұлу ең көлдың Қанас, Үліңгірім,
Сөзімнің айтқан енды түбін білдың.
Ертіске құйған Қыран,Сұмдайрық кеп,
Түрған-ай күйын шертіп бұрынғының.
Көктоғай дара мекен Шіңгілменен,
Құлпырған шешек атып мың гүлменен.
Алтайдың ақбас шыңын алты айланып,
Жортып бір жондарында кім жүрмеген.
Деп батыр көз қиығын салды бірден,
Күрсінген шығып іштен қалды бір дем.
Ой салып асау бермес бұлдыраған,
Көрінет сағым болып алды бір дөң.
Еріңнің батыр аға білдың жайын,
Қашанда қамқор бізге бір құдайым.
Шәу жырау деп орыннан түрегелды,
Тамызып жас болсада тілдың майын.
Жұрегің асыл қандай тұнған дарын,
Өткізген елін қорғап сыннан бәрін.
«Сегіз қырлы бір сырлы» абызым-ай,
Алыппең дәнішпәндық мыңнан тәлім.
Жетпісті еңсерсеңде, елің ұшін,
Істеген ісің сенің керім мүсін.
Үндесіп халқыңменен жатқан нағыз,
Недеген бойынңдағы сенім,күшің.
Болсада түкті кілем бай даламыз,
Тыңдаймыз тебірене айдан аңыз.
Жер дауы, жесір дауы күнде болып ,
Ұласқан қайшылыққа айналамыз.
Келейік қоныс шалып жерды көріп,
Өсек боп бір сөз шықса желды көрік.
Дайындық жасайық біз жарақтанып,
Көшерміз содан кейын елды бөліп.
Деді Шәу: қарап шолып айналасын,
Үлкендер мейлы жуып майдаласын.
Сөйлеген аға тұрып ініден без,
Демеңдер ізеті жоқ қай баласың.
Қостады Шәудың сөзін Байтан, Шаған,
Жорға еды үстінен су шайқалмаған.
Түрегеп Барлыбайға деды батыр,
Ендігі ақылымды айтам саған.
Басшы қыл мықты ерлерды таңдап алып,
Жүретін жолың қыйын заңғар анық.
Бүгіннен бастап өзің бас боласың,
Саятқа шыққан жоқсың аңға барып.
Алдың ор қия бассаң артың қыспақ,
Бабамның шырақ қып жүр жолын үстап.
Алладан өздеріңе дұға тілеп,
Шығады Қалба тауды қартың қыстап.
Қарт батыр қолын жайып бата берды,
Бойында ары бар жан жатама енды.
Бел буды өр Алтайға көшірмекке,
Керейдей он екі Абақ аталы елды.
Деп ерлер жер жағдайын жайлап ,танып,
Жатамыз осы қыста айлап барып.
Келмек боп қоныс шалып жұрт тарасты,
Жылқысын отарлатып айдап салып.
Абақ Керейдың Өр Алтайға көшуі
Жайлаудан түскен көшіп елім бүгін,
Атаған беріп жұртқа көрімдігін.
Күнде той қызық-думан,қыз ұзатып
Әкелген қуанышпен келін жүгін.
Баллалар тайынша,тай,құнан мініп,
Салады «Елім-айды»бір ән қылып.
Тазы ерткен қәриялар бүркіт салып,
Қарайды қаушықандай мұраң күліп.
Ақ үйде ақ сақалды қарттан бастап,
Шырқалып әніменен кұй жатқаны асқақ.
Жігіттер кетті жұріп ,қош айтысып,
Ауылын,қатын,бала артқа тастап.
Айдаған қалың жылқы шығарып шаң,
Қиқудан тау жаңғырып,тұн қарлыққан.
Барлыбай бес батырмен келеды ерлер,
Зар желіс,тынбай шауып бір қалыптан.
Бебеулеп төгілген күй сылқым-сарын,
Қалтырмай тай-құлынның бір сыңарын.
Қабаны ендей өтіп Буыршынның,
Бойына айдап түсты жылқыларын.
Ну тоғай,қалың қамыс, жыныс орман,
Бұл жерге келгеніміз дұрыс болған.
Алдына барып Мұңғыл кепе Гұңнің,
Келмейме сый көрсетсек бір іс қолдан.
Қарады деп Барлыбай көзін салып,
Білді іштен жолдастары сөзін танып.
Қуандық,Жанторы мен Шұбаш, Майқан,
Майталман ерлер еды төзімды анық.
Аулаған тұйеге артып аң терісін,
Болады мұны апарсақ бар келісім.
Аң-таң боп қалды Кепе бұрын мұндай,
Көрмекен мәріт қазақтың сал-серісін.
Қос кері жетегінде тайпалады,
Кім бұдан жылқы асад деп айта алады.
Сын көзбен деді Кепе сырыттай қарап,
Бекер жан еместігі байқалады.
Алдынан шықты өзі нөкерімен,
Мен-мендік асқан жүрек көтерілген.
Қай жаққа бет алдыңдар жігіттерім,
Ұқсамайт жүрістерің бекер мүлдем.
«Дұшпанға асыу бермес асқар белміз,
Білмесе сырымды ел сақтан дермыз».
Жәнібек батыр сізге сәлем айтты,
Іргелес өзіңізбен жатқан елміз.
Мал өсіп тарылған соң өрісіміз,
Келдык тек Абақ-Керей ел үшін біз.
Алтайдан ата-мекен қоныс беріп,
Қыс-қыстау,жаз-жайлауды бөлісіңіз.
Барлыбай сөз сөйледы алдын бастап,
Өрісін шық дегендей малдың тастап.
Кезінде осында өткен батыр бабам,
Әніне міне бүгін салдым асқақ.
Жүрегін бұл Мұңғұлдың шайлықтырып,
Жерімды көрсетейін айтып тұрып.
Есіне түскен шығар өткен күні,
Жоғалған арғы атасы қайтып құрып.
Кепе Гұң ұзақ ойға кетті түсіп,
Жан еды ақылы асқан текті пысық.
Алдыға қойып бір шарт айтты сөзін,
Уағы дегендей бір жетті пысып.
Көзінен байқалды от сенімділік,
Өзінің шыққан арғы тегін біліп.
Екі етпей айтқаныңды орындаймын,
Бәйгеден атың келсе ерің жығып.
Балуанын шықты елі алдына алып,
Үзілды үміт оты сағымдалып.
Ашадан көтеріп кеп ұрды жерге,
Қуандық батыр ердың бағы жанып.
Десеңде өз жолымды алам тауып,
Күн қиып бесінтіден барады ауып.
Шаң шықты жалғыз келды құйрық тістеп,
Көмбеге қос қарагер дара шауып.
Қобданың кеткендей бір белін асып,
Қайран жұрт қалды бүгін елі жасып.
Шағылған деды Кепе тауы құлап,
Қол қойды хат-қағазға мөрін басып.
Өмірдің өнегесін жиы ұсынған,
Алланың болмас артық сиы мұнан.
Батырлар қуанышпен келді қосқа,
Үлкен бір жүк түскендей иығынан.
Құй батпақ түссеңдағы нелер сазға,
Тәңірдің сүйген құлға берері азба.
Барлыбай арттағы елге хабар берды,
Сайланып көшіңдер деп келер жазда.
Күшіне айласы жоқ сенген қалай?
Мерт болып есіл ерлер өлген талай.
Барлыбай, Қуандықпен қос батырым,
Жаз шыға жүрып кетті елге қарай.
Қалбатау, Қызылсу, Шар, Зайсаң қыстап,
Отырған көшті үдіре ел тыныстап.
Қаба мен Жеменейды ендей өтіп,
Шәу жырау сөз сөйледы жерді нұсқап.
Барлыбай, Шүбаш аға Қуандық ер,
Қалды артта көбелекті қуған күндер.
Керейдің бұдан былай бағы жанып,
Естілсе болды деймін думанды үндер.
Адырын Өр Алтайдың аралап шын,
Салармыз каритасын бар алаптың.
Ертіс ,Сауыр, Шұңқырды мекен етіп,
Суын ішсек Буыршын,Алақақтың.
Жанторы,Майқан елдың шырағысың,
Сезіп түр не дерімды қырағы ішің.
Қос Шіңгіл,Көктоғайым сізге аманат,
Молқы мен Қарақастың тұрағы үшін.
Көз салып жазығына Аққабаның,
Сырымды деды жырау ақтарамын.
Керейім аман болса бауыры бүтін,
Содан тек ортаймайтын бақ табамын.
Қалбадан шықтым бері көшті бастап,
Көрмеген мендей жанды ешкім жасқап.
Ер Жәкең жас болсамда сенген Шәумін,
Сөз бермей басқаларға өстім асқақ.
Деді де Барлыбайдай ағасымен,
Өрледы Буыршынның жағасын кең.
Шүйіншалы Әулетін Шұңқырға әкеп,
Қойны құт таныстырды даласымен.
Өскен мал симай теңіз бар алапқа,
Қайтадан қоныс шалып қарамаққа.
Келер жыл Ботекеңдер көштің бетін,
Дүзеды Жуантерек, Алақаққа.
Ерлер ед бәрі мықты сығайланған,
Салқын мен малды жинап түнде айдаған.
Шүкірлік етемін мен тәуба қылып,
Осы елды бергеніне құдай маған.
Келеды не боларын біліп керім,
Өзбей бір ұлы Алладан үміттерін.
Алдына көштің мықты шолғыншы сап,
Шыққан ед өзі бастап жігіттерін.
Мекен боп қаққан қада,қазығымда,
Айналсын келер ұрпақ азығына.
Жылқысын Ботекеңнің айдап салды,
Иіріп Алақақтың жазығына.
Атадан қалған мұра, дара таңба,
Киелі бұл Тайқазан бар адамға.
Үлкен бір көрінетін жотадай боп,
Шом қомдап артқан кезде қара атанға.
Көшкен ел сайыр ішін өрлей қонып,
Білмеды жер жағдайын көрмей толық.
Шолғыншы шауып келіп хабарлады,
Алдыдан келеды жау селдей болып.
Дүрлігіп естіген ел қалды сасып,
Жайылып алды кеткен малдың асып.
Шәу айтты: ана түрған биік тұғыр,
Алайық әуелі біз жалды басып.
Жігіттер бір сұмдықты сезе біле,
Сайырдың шықты шауып кезеңіне.
Қалмақтар иіріліп түрып қалды,
Өріт кеткен ормандай боп өзегіне.
Тоздырмай берекесін қайран жердің,
Сұрамай қонысыма қайдан келдың?
Ұрысатын жеріңды айт деді Қалмақ,
« Білмесең асау бермес майдан белмын».
Көнсін деп айтқан біздың шартымызға,
Ескертем түрған осы жалпыңызға.
Керейдың қас батыры Ержәнібек,
Қол бастап келе жатыр артымызда.
Білемін деды жырау атың Мошқа,
Туыпсың атаң тіккен салқын қоста.
Сүйеніп неменеңе кісімсисің,
Шашіліп қалмасын тек артың босқа.
Мошқа Амбы атың шыққан батырсың бір,
Ағызып сөздың майын татырсын тіл.
Бабамның басы қалған бұл мекенде,
Талай жыл иемделіп жатырсың құр.
Жүрегін алды осылай шайлықтырып,
Қалсын де жаның аман байлық тұрып.
Керейдың дара бозы, есімім Шәу,
Қойғаным міне осылай жәйді ұқтырып.
Тар жерде тастаса да мысын басып,
Мошекең сөйлеп кетті түсі қашып.
Кел ғане құшақтасып дос болайық,
Түрсаңда Абақ-Керей күшің тасып.
Деп қарсы Шәуге қарай жалғыз жүрды,
Шақырып қасына ертіп алты қызды.
Үстінде аттың тұрып шараменен,
Ұсынды қос қолымен бал қымызды.
Шықсамда аман-есен сан дауылдан,
Мұндай зат көргенім жоқ бар ауылдан.
Достықтың белгісі бір болсын десең,
Маған бер Тайқазанды анау тұрған.
Қалды абыз осыма деп жалған мына,
Ой кетіп ой түбіне жалғануда.
Тұрсың ғой қалап,сұрап саған бердім,
Бабамнан болсадағы қалған мұра.
Ал досым осы болса қалағаның,
Ой салып кеттің менің санама мың.
Шұрайлы жеріңнен бер мекенденген,
Ойлаған дана Қазақ бала қамын.
Дедіңбе төр Алтайдың даласын көр,
Бекінген биік заңғар дарасын ер.
Алақақ ,Шойғатыдай, Торғайтымен,
Аралдың күн тимейтін саласын бер.
Деды Шәу жер менікі Қазан сенде,
Көшемін енды алдырмай мазаңды елге.
Ауымды тартып әлы жинағам жоқ,
Дегендей Қызылменен Сазан көлде.
Ашылып шежіренің сыры бүгін,
Көрсетті өткен тарих жылылығын.
Жер алған қазан беріп Керей үшін,
Бабамнің қайдан білсін ұлылығын.
Төрт бидің сайлануы
Жаз кезі келіп қонған ел жайлауға,
Жатқан мал симай өріп кең қойнауда.
Бейжыңге Көгедайды апармақ боп,
Жүріуге Керей елі бел байлауда.
Жігіттер кілең саңлақ текті тұнық,
Қасына «Төрені»алып,бетті бұрып.
Барлыбай бастап Майқан,Жанторымен,
Шұбаш бар бір топ адам кетті жүріп.
Керейдың қош айтысып баласымен,
Үліңгір, Ертіс бойлап жағасымен.
Қобданы ендей өтті Шың патшасын,
Алтайдың жалғамақ боп даласымен.
Ақ жол деп қалды қалың арттағы ел,
Өзіне үлкен жүкті артқан білер.
Болған соң сапары сәт,келесі жыл,
Жұмысы бітіп қайтты Хақтан тілер.
Алып кеп «Гүңдік»мәнсәп арнасы кең,
Ұрпаққа көк тас таңба жалғасып ең.
Бейжыңге Алтай елы төте қарап,
Керейдың өскен кезі ед мал басы тең.
Қарт ғасыр жасамаған жасына кеп,
Бақ қайтпай тұрса Керей басыңда тек.
Ақылшы боласың деп Көгедайға,
Шәуды жұрт отырғызды қасына әкеп.
Төбе би болып Шәудей жырау бабам,
Ой салды өткен өмір сұрау маған.
Көктен шын тілегені жерден шығып,
Абақтың аруағы бір аунаған.
Жол тауып қиындықтың қандайынан,
Сорғалап қанатты сөз таңдайынан.
Керейге онекі Абақ қалқан болды,
Шерткізбей күштілерге маңдайынан.
Дәриғай қалған көңіл сенім неден,
Кімің бар мұжылып бір желінбеген.
Пәниден кетті бахи дүниеге,
Қоштасып Көгедай Гүң еліменен.
Артына жұртын тастап жарым белден,
Кетті Гүң,естідік біз зарын елден.
Орынына әкесінің Ажы шығып,
Қолда бар дүниенің барын берген.
Жерменен елдың жайын теңестіріп,
Көне дау тоқтаған кез егес тынып.
Керейдың игі жақсы ағалары,
Жиналды Ақ ордада кеңес қүрып.
Алмаққа қайтадан бір биін сайлап,
Тігілген ақ бөз үйлер,құлын байлап.
Аралдың үлкен Үштас жайлауында,
Қалың ел Алтай-Сауыр жиылды аймақ.
Артық бір болмасада елден бағам,
Төр беріп силайсыңдар келген заман.
Деды Шәу төрт би болсын үиіткені өмір,
Тең болсын төрт қыбылаң деген бабам.
Біреуі өзіңіз бол деді халық,
Еліне жаққан ер ед сенімды анық.
Түғырдан Шәудың түсер кезі келды,
Ел бастар көрсетсін бір ерін танып.
Билердің болсын әр кез өресі кең,
Өзіңмен қашанда елім тең өсіп ем.
Кемшілік,қателігін түзететін,
Қараймын төбе би боп төбесінен.
Қартайған кезім мынау жасым келіп,
Істесін жастар енды қасын керіп.
Күн санап жақындап түр ажал қүрғүр,
Менің жоқ бұрынғыдай басымда ерік.
Түрғам жоқ ана халқым негіз білмей,
Жасастым өздеріңмен егіз гүлдей.
Ақ үрпік тұрмын міне қария боп,
Сексен жыл өте шықты сегіз күндей.
Деді қарт өзін аға, ерге балап,
Күй осы тұлпарыңның сенген жарап.
Жәдікпен Жәнтекейден «Би» сайлаңдар ,
Жұртқа айтты отырған бір төрге қарап.
Күн батса көк жиектен қызыл сөнер,
Қартыңның жағдайы осы қызың сенер.
Тоқтайды Жәдікпенен Жәнтекейге,
Онекі Керей бүгін бұзылса егер.
Сайланды Жәнтекейден Көкен,Топан,
Шыққан әр биік болсын сенген жотаң.
Жәдіктен Бейсенбімен Құлыбекті,
Би етті сеніп түрып келген ортаң.
Азайды болған бұрын алуан салық,
Халықтан шыққан үлкен дауды аңғарып.
Ақ сарбас қой сойылып көк қасқатай,
Ұлы той бәйге болыды балуан салып.
Өткен күн белгісі жоқ болды ғайып,
Десекте салыт-мұра бар соны ұғайық.
Жыраудан бата тілеп төрт биіне,
Қалың ел тұра қалды қолын жайып.
Айтылып жетпеседе нағыз бағаң,
Жері жоқ жас келседе сағыздаған.
Жыраулап жүрып кетті тілек тілеп,
Қос қолын көтеріп тік Абыз бабам.
Шәу жыраудың батасы:
Отырдың жаңа тұлекке,
Жеткізсін тәңір тілекке.
Тәупиық беріп құдайым,
Әділдік алсыын жүрекке.
Балуандық қалды бұрынғы,
Сенетығұн білекке.
Ендігі жол жіңішке,
Еңкейе шап еңіске.
Әділдік керек ұлыққа,
Рахым керек нашарға.
Ұлығың әділ боп тұрса,
Береке елден қашарма.
Әділдік себеп болады,
Ғұмырың ұзақ жасарға.
Көз қырыңды сала жүр,
Кем бағалмен нашарға.
Отырдың үлкен орынға,
Ғарыштай бер қорынба.
Құдайға шүкір бұл күнде,
Жұртың түгел қолыңда.
Қылмыстыға жаза көп,
Туралықтың жолында.
Бұрыла берсең нәпсіге,
Ұрынасың қорымға.
Қисық айттаң сөзіңды,
Кім түрады жаныңда.
Түзіу айттсаң билікті,
Қолың жетер қырымға.
Екі даугер бір болса,
Бай кісіге бұрылма.
Адаспай жүрсең жолыңнан,
Кез боласың Қыдырға .
Көтергенің ауыр жүк,
Жұртыңнан ал тәуірлік.
Елде шаршап жалықты,
Қарай-қарай талықты.
Құдай берді қолыңа,
Отыз мың үй халықты.
Аласа мен биікті,
Абайла аш пен арықты.
Ендігі үміт сендерде,
Жауыңнан қорқып сенделме.
Түлкілік қылған залымды,
Бүркітше ұстап шеңгелде.
Айқасқан теңдес дұшпанды,
Кетебер бөліп өңгерде.
Ел жүрттың обал сауабы,
Атқа мінген сендерде.
Халықтың бол қорғаны,
Жұртыңа арна олжаны.
Нәпсіге тартпай бөліп бер,
Қолыңа келген олжаны.
Бұл халықтың тілегі,
Сендер деп соғад жүрегі.
Ел басына күн туса,
Бол қорғаушы тірегі.
Бұны айытқан қарт ағаң,
Ежелгі жүйрік сар табан.
Қартайып түстім түғырдан,
Жасымда шауып шаршағам.
Болыңдар адал досыңа,
Жақсының бәрі осында.
Сендерде туып ер жеттің,
Қазақтың қара қосында.
Беттеріңді сипаңдар,
Батама менің қосыла!!
Деді Шәу елің,өсіп жансын бағың,
Мұра боп ұрпағыңа қалсын тағың.
Отыз мың халық отыр дұға тілеп,
Алланың көтере біл бар сынағын.
Оқ жонған ұрпақ едік ата көріп,
Жел сөзге кейде халық жатады еріп.
Тарады елменен жұрт биін сайлап,
Дара боз,дана жырау бата беріп.
Аға сұлтанның Абақ-Керейге келіуі
Қыс қыстап өткізсеңде жазын бірге,
Жағады кедей болсаң назың кімге?
Отырған ордасында кеңес құрып,
Хат келды Құнанбайдан Ажы Гүңге.
Жиылған игі-жақсы қасқаларың,
Менсінбей төмендетер басқаларын.
Оқыды ашып хатты Ажы Төре,
Көрмекке сынап Билер қас қабағын.
Тұрғанда ыстық ұлы аңсап ұяң,
Салады әділетсіз мәнсап зиян.
Сендерге қашып кетті Ақ орысты,
Бүлдірып екі жігіт Ақсаққиян.
Жақында алып келем өзім барып,
Елдерің қарап қояр көзін салып.
Билерге дүғай сәлем Керей елі,
Тыңдаңдар осы менің сөзімді анық.
Сұрады мұндай жігіт барма келген,
Деп Ажы қашып бізге зарлап елден.
Басында баспана жоқ ауылда жүр,
Шәу жырау деп сөйледы салған жерден.
Ақ патша елін шауып,қуып малын,
Өртеген отынғып үй,уықтарын.
Амалсыз қарсы шығып содан кейін,
Тастаған қанмен жуып, қуып бәрін.
Пәлеге қалсада бас, ісі сынға,
Ақылмен жететін ер, күші мыңға.
Орыстың әскерлерін қырып салып,
Шыдамай келген екен қысымына.
Ажы Гүң өзіңізге болам бейім,
Бір жөні келе жатыр оған дейін.
Алдымен аға сұлтан келсын елге,
Көрерміз ақылдасып сонан кейін.
Қаймағы бұзылмаса берекенің,
Жұрмейме бізден аулақ келеке күн.
Көрсін бір өз көзімен,Би Төрелер,
Қандай бұл Керей деген ел екенін.
Алтайдың көз салып қарт дарасына,
«Момынның қалмайық деп жаласына».
Тігейік ақ боз үйды көк орайлы,
Көмкерген ну орманның арасына.
Сонымен Керей елі дайындалып,
Бермекші қолы жетсе Айында алып.
Алдынан шығып Бежең,Шегетайлар,
Сұрамақ күндык жерден жәйін барып.
Құнанбай келген отыз кісіменен,
Күтілды түнді откеріп,түсіменен.
Жиналған игі жақсы Би Төрені,
Шәу жырау басатұғын мысыменен.
Алғансоң аға сұлтан төрден орын,
Сәлемін қайтармай ел берген оның.
Кеңесін бастап кетті Абақ-Керей,
Жорып бір жақсылыққа келген жолын.
Танымас деды жырау данасын кім?
Осында жатыр үлкен бар асылым.
Өскенбай әкең туған қызынан бір-
Жәкеңнің,білсең мені нағашыңмын.
Ал енды сөйле жиен өзің бастап,
Тұрғанда осындай бір кезіңде асқақ.
Отырған он екі Абақ Керейімнің,
Кетпейтін шығарсың сен сөзін тастап.
Құнанбай толғанып бір ұзағынан,
Сытылып шықты Шәудың дұзағынан.
Жол сізде жасың үлкен абыз қартсың,
Тар соқпақ таймай келген мұз ағыннан.
Дегенде Бейсенбі Би тұрды орнынан,
Көз алмай жатқан жалпақ қыр жонынан.
Кеңесті өзің баста Аға Сұлтан,
Қалама қара нардың жүк жолынан.
Іштегі айтты тастап бүккен сырын,
Қайсының дізем деді жіпке түрін.
Даулар көп ру ара шешілмеген,
Осыған қоясызғой нүкте бүгін.
Не екен?жұмысыңыз сіздың келген,
Білді жұрыт құдандалы қызын берген.
Көп боды Ақсаққиян өліп қалған,
Оны сіз таба алмайсыз біздің елден.
Жер емес жалғыз жүрып дара қонар,
Сізге сын алып кетсең дана болар.
Өлды деп берейік біз қолды қойып,
Торғайға бұтада бір пана болар.
Құнанбай ойға батты жарайды деп,
Өзіне қойсадағы қалай міндет.
Ап қалды Керей елі қос батырды,
Семірген бір теріде талай жүдеп.
Тон жауып ат мінгізді сиын беріп,
Қайтуға белды буды түйынделіп.
Құнанбай бастаған топ тоқтай қалды,
Алыстан Шәку байдың үйын көріп.
Алдында Шәку мырза тосып тұрған,
Саят қып бүркіт салған қосып қырдан.
Құшақтап төс соғысып амандасты,
Ата-салт ұстап дәстүр жосық қылған.
Ақ Орда он төрт қанат шағаладай,
Құятын ұміт отын санаға бай.
Он мың қой,бес мың жылқы дәулет біткен,
Қалама мырзалығы бағаланбай.
Үй анау сізды дәмге шақырамын,
Қасыңда жүрген шешен ,батырларың.
Түсіңдер барлықтарың аттан түгел,
Қабаның көріп сұлыу атырабын.
Қаз-қатар тігілген үй сегіз қанат,
Шәкумен ел жүр Шәуді егіз санап.
Ақ құлын байлап кілең тартып желі,
Алладан берген байлық негіз қалап.
Алтайым шұрайлы өлке жатқан мекен,
Аттамай ата дәстүр салыттан бөтен.
Құрметтеп Аға сұлтан Құнанбайдың,
Алдына «кежім табақ»тарытқан екен.
Мінгізіп жүйрік ,жорға қосарымен,
Деп Шәку білсең кіші осалың мен.
Қош айтты аман бол деп Құнанбайға,
Болады төс соғысқан дос арымен.
Шежіре дерек мынау емес жалған,
Тіресіп жаумен бабам теңесе алған.
Парақтап бетін ашып оқып білдім,
Тәрих деген абыз «кеңес шалдан».
соңы
2019 жыл Қараша
Талапбек Азанбай