Жаңалықтар

Мағаз Разданұлының асыл жары Шабетай анамызбен сұхбат. 

– Есенсіз бе Шабетай апа!  денсәулығыңыз қалай, хал-жайыңыз жақсы ма?  

– Шүкір, қарағым, қалт-құлт етіп жүріп жатырмын.

– Бүгін озыңызбен сұхбаттасып отырғаныма аса қуаныштымын, исі қазақтың маңғаз ұлы болған мағаз атаның өмірі мен жасампаздығы жайлы сыр-сұхбатта болсам, асқар тұлғаның ел естімеген өнегелі өмір кешірмелері, болса жазып, қалың қауымның назарына ұсынсам деп едім. Ең әуелі өзіңіз туралы, келіп шығуыңыз туралы тоқталсаңыз?

– Менің нақ атым Шаһизада Қажынаби қызы, тілге ауырлау болғаннан болса керек, шәбетәй деп атап кетіпті. 1927-жылы сәуір айында Алтай қаласы Алағақ ауылы Ертіс маңында туылыппын, руым керей, жантекей ішінде Қазыбек.

– Бұл күнде мақаңның өмірі мен жасампаздығы туралы айтылып та, жазылып та келеді, сонда да сіздің өз аузыңыздан естіп көрсек дейміз, мағаз ата туралы тоқталсаңыз? 

– Мақаң 1924-жылы буыршынның қазіргі Дулайты ауылында туылған екен. Әкесі, Яғни, біздің атамыз сол кездегі қазақ-қырғыз ұйымның торағасы, сол кездегі сот мекемесінің бастығы болған зиялы, тәрбиелі адам екен. 1948-жылы дүниеден өтті. Мақаң ұлдан үш ағайынды, інісі митхат және ағасы, ағасының атын немерем айтып берсін (ағасының аты мәсығұт) . Руы керей ішінде жәдік, жәдік ішінде байқара. Нағашысы арғын Ораз Қажы деген кісілер. Үш жұрты да текті, тәрбиелі, саналы кісілер болды. Ал өзі өздерің білетіндей 1998-жылы 5-айдың 3-күні дүниеден озды. Одан бері де аттай желіп 20 жыл өтті.

– Ол кісімен қалай танысЫңыз?  

– Буыршын ауданы мен Алтай ауданының жайлауы шегәралас, Мақаңдардың ауылы мен біздің ауыл қысы жазы жақын болатын, оның үстіне әкелеріміз таныс, жақын, сыйлас адамдар еді. Мақаң екеуміз өз қалауымызбен сөз байласқаннан кейін, құдалық айттырып, 1947-жылы үйлендік. 1950-жылы сол кездегі Алтай қаласындағы 1-толық бастауыш мектеп дейтін жалғыз мектеп болған сол мектепке мұғалым болып қызмет істедім. Одан бұрын мен 1938-жылы шәріпқан салдырған «Ертіс сентабр мектебінде» оқып, 1943-жылы тәмәмдәдім. Ал мақаң осы Буыршын ауданының «Жеміс мектебі» аталатын бастауыш мектепте оқып білім алыпты. Қатты тырысшаңдықпен үйренуін жалғастырған екен, кейін Алтай аймақтық пәрткөмнің орган газеті «Алтай газетынде» қызмет істеді. Одан кейін Үрімжіге қызмет алмастырып сонда барды да, бір жыл қызмет істеді, кейін сол замандағы солақай саясаттың соққысына ұшырады.

– Өзіңізді ол кісілерге мәңгі келін, төркініңізге мәңгі қыз деп санайтын өнегілі ісіңіздікөріп қатты әсерленіп отырмын. Әмәнда, барлық келіндер сіздей болғай. Отбасыңыз, ұрпақтарыңыз туралы тоқталсаңыз. 

– Төрт ұл, бір қызымыз бар, мүтән, ізнұрә, мопан, марыс, мөкен. Марыс деген баламыз 37 жасында жүрек ауыруынан қайтыс болды, қалғаны қоғамның әр саласында қызметте. Қазір кенже ұлым мөкеннің қолындамын. Қара шаңырақ осы.

– Бір әйгілі жазушы болып шығу тегіннен-тегін болмас, Мақаң қара сөз бен өлеңде тең табысқа жеткен қаламгер, ендеше алғашқы шығармашылығы қалай басталды немесе әдебиет әлеміне қалай келді?  

– «Мұнан да қызық болашақ» дейтін тырнақ алды туындысы өлең болды. 1947-1948-жылдары «Ерікті алтай» газетынде жарияланды.

Кей кезде көңіл елірер,

Дүниені бойлап қарасақ.

Сүйікті болып көрінер,

Қуаты күшті болашақ.

 

Қуаныш кіріп көңілге,

Талаптың атын жүйткітіп.

Қарайсың күліп өмірге,

Бір тілеуді көп тілеп.

 

Мұнан да қызық болашақ,

Деп телміріп қарайсың.

Кіршіксіз таза көңіл АҚ,

Өзңе бәрін санайсың.

Мақаңның әдебиетке келуіне меніңше, әсіресе әке тәрбиесі көп ықпал жасаған. Бала кезінен абай өлеңдеріне қанық болыпты, әкесінің ықпалында көшіріп жазып, жаттап алған. Нағашы жұртында да әңгімешіл, өлеңшіл кісілер болған.

 

– Естуымызше ол кісінің қолжазбаларын сіз көшіріп жазып шығады екенсіз, осы жайлы айтып берсеңіз?

– Бастысы мақаңның уақытын үнемдеу үшін, одан кейін бір себебі маған оқытып көрсететін, сен түсінсең, ұнатсаң ел түсінеді, қабылдайды дейтін, мен алғаш оқырманы болдым.

– «Табысқа жеткен азаматтың артында ақылды әйел тұрады» дейтін сөз бар, ендеше шығармашылық жолына жақыннан жәрдем беріп, қолдап-қуаттап, өмірдің ыстық-суығына бірге төселген сізге арнап жазған өлеңдері де көп болар?  

– Рахымет қарағым, «Көрмегелі көп заман» :

Көрмегелі көп заман,

Күйдім, жандым өртіңе.

Көрісуге жоқ шамам,

Көнемін де дертіңе.

 

Күнәм болса егер,

Өзің кешегор,

Не көрейін,

Не көнейін,

Сен аман бол не дейін!

Деп келетін жолдары бар.

Үрімжі түрмесінде жатқанда жазған «Ұмытқам жоқ мен сені» қатарлы бір талай өлеңдері бар.

Ұмытқам жоқ сені мен,

Қай мекенде жүрсем де.

Көз алдымда тұрдың сен,

Жыласам да, күлсем де.

 

Сен болмасаң тірлігім,

Болар еді болмаған.

Ұзақ жылдың бір күнін,

Көрісуге арнағам.

 

Құшағыңды аша бер,

Жылынайын отыңа.

Ренжітсем кешегор,

Ризамын сотыңа.

– 1959-жылы төменге түсті, 1960-жылы 2-айдың 28-күні Еңбекпен өзгертуге әкетті, 1979-жылы 4-айда келді.

Үнемі хат жазысып тұрдық, біз темекі, шай-шалаң, азық-түлік, киім-кешек салып тұрдық, балаларды көрсетіп барып тұрдым. Сол кездерде жазылған еді. Ағашты қалам қылып, құмды қағаз қылып жазып жаттап алады екен. Ел арасында мақаңды Тарымға апарылған дейтін қате түсінік бар екен, олай емес, ақ далада он жыл, одан кейін Үрімжі түрмесінде болды. Хаттарында өз жағыдайын көп баяндамайтын еді, қайта бізге ақыл айтып жазатын, партия сендерді қараусыз қалтырмайды, әйелдер мен балалардың жағыдайын сөзсіз ескереді, партиядан үміт үзбеңдер дейтін. Және Бір хаттарында:

Сабыр түбі-сары алтын,

Сарғайған жетер мұратқа.

Сабырсыздық сайтан ісі,

Қалтырады ұятқа. -деп өлең қосып жазған хаттары бар еді.

– Тарымда болды дегенді бізде естіген едік, мүмкін Тарымға да талай жазушы барғандықтан болса керек. Сізге шығармашылық туралы қандай сырларын айтатын, қандай ойларын бөлісетін?  

– Жазған шығармаларын маған оқып беретін, баға сұрайтын, мен ұнатсам, мен түсінсем, енді халық түсінеді деп қарайтын. Бір жолы бір өлеңін ықылас қойып тыңдай алмаппын, сосын сол сәтте-ақ жыртып тастады. Неге жырттыңыз десем:

– Сенің назарыңды бөле алмаған өлең егінші-малшы, қарапайым халықтың назарына да ілінбейді,-деді. Жыртылған қағазды қайта құрастырып бердім.

– Әдебиет әлемінен сырт қандай өнерге әуес еді?  

– Бәлендей үлкен әуестігі бар десек болмас, үйде отырғанда домбыраға салып абай әндерін айтатын, халық әндерін қатты ұнататын.

– Мақаңның шығарма жазу әдеті қандай еді?

– Көбінде түнде жазады, ешкім мазаламайды, келетін қонақ көп, қажетті болмаса қонақты сырттан кҰтып қоя береміз, күндіз аз жазады, кішкене жазушылық үйі бар, кейде жантайып жатып алдына қоятын кішкентәй үстелін қойып жазатын. Шаршаса аулаға жеңіл жұмыстар істеп, қан таратып, сосын демалатін.

– ұлы тұлғалардың кішкентәй істен тартып, үлкен кешірмелеріне дейін кейінгі ұрпақтың айтып жүрер аңызы, үлгі тұтар тұлғасына айналары анық, ендеше ақынның тұрмыс әдеті қандай еді?  

– Қарапайым, таза, ретті киінетін, жағасына шаң жұқтырмайтын. Одан кейін бір әдеті бір сағат уақытын бос жібермейтін, албаты қыдырмайтын, қолы босаса кітап-журнал көріп, радио тыңдайтын.

– Кеудесі кеніш ақын-жазушылардың жиған кітаптары аз болмайтыны анық, мағаз атаның қалтырған қанша кітабы бар?  

– Әуелі атамыз көп кітап оқыған, көп кітап-журнал жиған білімді кісі екен, араб, фарсы, тілдерін игерген. Білері мол, саналы адам болған. Мақаңа қалтырған кітабы да аз емес, мақаң да кітапты жанындай күтіп ұстап, сақтап, жинап қоятын, бірақ, аласапыранның алғашқы кезінде көп кітабы жоғалды. Өзі қарауға үлгірмеді, біз де төменге түсіп кеттік.

– Өзіңіз қалам тербейсіз бе?  

– Бізде ненің жазушылығы болсын, мақаң өткеннен кейін мақаның өмірі туралы деректер болсын деп «Ақынмен бірге өткен өмірім» дейтін шағын эссе жарық көрді.

– мақаңды «Маңғаз ата Мағазым» деп жырлап, әнге қосып, сабаз мінезін айтып та жазып жүрген аға буындар бар. Өз аузыңыздан естісек дейміз, мақаның мінездемесі қандай еді?  

– Маңғаз, ашуы жоқ, отбасының ұсақ-түсек істеріне араласпайтын, әдетте аз сөйлейді, қажетсіз сөзді мүлде сөйлемейді, салмақты, ойланып сөйлеп, ойланып істейтін. Ал, мен тез сөйлеймін, кейде бір сөзді бастап қойып ойланып тұрады, сосн мен тағатысызданып соңын өзімше жалғап айта саламын, сонда:

– Апырай, тұра тұрсаңшы,-деп маған жеңіл ғана кейіп қоятын. Қаламдас достары келгенде шешіліп сөйлеп жырғап қалады, түстік асып, кейде мал сойып, қонақтарын қошаметтеп күтіп жібереміз, сонда мақаң өзі де қатты разы болып қалады.

Бір жолы Үрімжіде Жиналыстан кейін жақып мырзақан:

– Баяғыда шәбетәйдің тартқан бір жамбасын жеп едім, дәмі аузымнан әлі кетпейді,-деп еді. Мақаң дереу:

– Бір қой алдырайын,-деп байек болды. Жақып әзіл екенін айтып әрең қойғызды.

Онан соң айлығының қайда кеткенін де сұрамайтын, тек қажетті нәрселері бар болса болдыЮ балаларға жетпей қалмасын деймін.

– қазірге дейін жарық көрген шығармалары туралы айтсаңыз.

– «Асулар толғауы»,  «Уақытқа жауап»,  «Ертең»,  «Босаға» өлең жинақтары, «Сары бел» өлең романы, өлеңнен бес кітабы, «Алтайдың ақиықтары» романы, «Ата заман сөйлейді» атты әңгіме, повест жинағы жарық көрді.

– «Алтайдың ақиықтары» романының әуелгі аты «Алтайдың ақ қапталдары» деген дерек бар, бұл қалай қойылды, қалай озгерді?

– Басында «Алтайдың ақ қапталдары» деген ат қойған кейін озгерді. Мүмкін сол дәуіріндегі ақ қаптал болған елі мен ерінің жағыдайын солай Жеткізбек болған болса керек. Кейін баспа саласында бұл атты озгертуді ұсыныс етіпті, мақаң Мақұлдығын берді.

– Аяқталмай қалған шығармалары болды ма, болса не туралы шығармалар еді?

«Өмір естелігі» дейтін өзінің ес білген балалық кезінен бастап басынан кешкен кешірмелерін, заманның талай ауқымын көрді ғой, соларды жазбақ болған. Бірде:-өмірім жетсе, денсәулығым бар болса «Өмір естелігі» үш том болады,-деді, бірақ, жазып аяқтатуға үлгіртпеді, денсәулығы жар бермеді. Онсыз да он бес жылдай уақытта жеті кітап жазды, қатты беріліп жазды, шаршап та кеткен болса керек. Кезіндегі бос кеткен уақытының орнын толтырып жазып тастағысы келген болар. Толық шығармаларын, мақаң туралы зерттеу мақалаларын жинақ етіп шығаруға аудан үкметі қаржылай көмектесті, алдағы күндерде шықпақ

– әйгілі романдар мен өлеңдер жазып, халық жүрегінен ойып орын алған адамда қандай арман болсын дейміз ғой, мақаның қандай армандары бар еді?

– Арман таусыла ма?  !  аяқталмаған шығармасы-жеткізбеген арман болып кетті, балалардың жақсы болуын, жақсы есеиюін айтатын, кейде өзі танымайтын балаларға да тәрбие айтатын, білім алыңдар, жақсы жүріңдер деп отыратын, мереке-мейрәмдә балалардың ұлттық киім киіп, дәстүрлі салтымызды жалғастырып жүруін тілейтін, ұрпағының жақсы болуын ең үлкен арман еткен шығар.

– Жалпы өмірі мен жасампаздығы турасында қандай өкініші бар еді?

– Көп шығарма жазатын Қайратты, жастық өмірінің зая кеткеніне өкінетін, бірақ, отанды, партияны, халықты жырлауды доғарған емес, туған жеріне қайта оралғанна кейін шабытты шақтарында отанды сүию тақырбындағы «Жасыл арша» өлеңін жазды:

Жасыл арша, жасыл арша,

Күнде жассың, жасың қанша?

Қараймын көп, арайлым деп,

Жан құмарым басылғанша.

 

Жасыл арша-жасыл арша,

Жанға жайлы жақын барса.

Туған отан дәл өзіңдей,

Бәрі өзіңдей жасылданса.

– Ол ксі туралы біле түсуге құмар екенімізді жасырмаймыз. Нелерге мұңаятын, нелерге қуанатын?

– қуанышы мен мұңын сұрап отырсың қарағым, қуанышы да, мұңы да көп болды, қайғы мен қуаныш ол кісіге әдеттегі адамнан артық тәсір қылатын болса керек. Жастардың арақ ішкенін көргенде мұңаятын, кітап оқымайды, білім үйренбейді, уақыттарын сырап қылып деп қатты кейійтін.

Әдетте бала-шағалары, немере, келін-кешектері келгенде қатты қуанатын, қаламдас достары келгенде бір жасап қалатын.

1994-жылы марыс дейтін төртінші баламыз ауырып қайтыс болғанда қатты қайғырды, марыстың артында үш баласы, әйелі қалды. Оңай соққы болмады, мен де қатты ауырып қалдым. Мақаңның денсәулығы содан кейін оңала алмады, жасампаздықпен шұғылдануға мүлде жар бермеді.

– Үйлеріңізге ақын-жазушы, өнер иелері, әйгілі адамдар көп келетін шығар?  мақаңның сырласы, сыйласы болып кімдер үнемі келетін еді?  

– Игі-жақсылардың бәрі келетін, қайсы бірін айтайын, ниғымет Мыңжани, күнгей Мұқажан, сәли сәдуақас, жақып мырзақан, Шәкен оңалбай, шамыс құмар, с. Найман, байтік дүйсебай, шамен иса, әбденбай бажай, жұмабай біләл, жұмажан Абылғазы, Құрманбек ақын, құбақан, асқар татанай, қапипа жапан, нұрила қызықан сияқты қаламгерлер амандасып, әңгімелесіп, әдебиет туралы ойларын ортаға салып, аунап-қунап қайтатын.

– Бүгінгі сұхбатымызды қабылдап, шешіле әңгімесіп, осышалық көп әңгімелерді ортақтасқаныңызға мың мәрте алғыс айтамыз. Соңында білейін дегенім өзіңіздің қандай арман-тілегіңіз бар?  

– Кәртейдік, ана арман, мына арман демейміз, денсәулығым бар, тоқсанның төріне жеткен жасым бар, ұрпақтарым алақанына салып мәпелеп отыр, болды, шүкірлік етем. Халық аман болсын, ел аман болсын!

– Жарайды ендеше, ардақты апа, әйгілі ақынның сүйеніші болған сіздей бақтты адам санаулы болар, сізбен сұхбатта болған біздей тәлейлі жан да аз шығар. Бұдан кейін де ұрпақтарыңыздың арасында ақылшысы болып, қызығын көріп отыра беріңіз, денсәулығыңыз, мықты, күндеріңіз көңілді болсын!  сау-саламат тұрыңыз!  

– Рахымет, қарағым!

 

Сұқпаттасқан: Буыршын аудандық толық орта мектебінің оқытушысы Айқын Қыдыкешұлы.

2018-жыл маусым.

 

Теги: , ,

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*