Мағаз Разданұлының туғанына 100 жыл (видео)
Мағаз Разданұлының туғанына 100 жыл толуына орай жазушының Қытайда өткен таңдамалы 3 томының тұсаукесері өтті
Мағаз Разданұлының туғанына 100 жыл толуына орай жазушының Қытайда өткен таңдамалы 3 томының тұсаукесері өтті
Мағаз Разданұлы (1924-1998) Қытай Шыңжаң өлкесі Алтай аймағы Буыршын ауданы Дулайты ауылында туған.
Жақында Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті қазақ жазушысы Мағаз Разданұлының туғанына 100 жыл толуына орай жазушының таңдамалы 3 томының тұсаукесері өтті…
Қай кезде де әдебиет адам жанына үңіледі. Оның көңіл түкпірінің қыртыс-қатпарын ашып, бүкпелі, көлеңкелі тұстарына барлау жасайды. Сөйтіп, адамды қоршаған ортаның, қоғамның қыр-сырын, сипат болмысын көрсетеді.
Бұл отырғандарды исі Жәнтекейдің игі жақсыларының түгел тобы деуге болмайтындай. Өйткені, мұнда тізгін ұстап тұрған мөр иелерінен бірде-біреуінің төбесі көрінбейді. Есінеу көп, ентігу аз. Тәрізі, әлжуаз топтың әлсіз жиыны болса керек. Қойдан қоңыр Жәдік нәсілі болса бір сәрі; аптығын қанжығасына байлана жүретін «Шақабай» ұрандыға мына момындық жараспай-ақ тұр.
– Есенсіз бе Шабетай апа! денсәулығыңыз қалай, хал-жайыңыз жақсы ма? – Шүкір, қарағым, қалт-құлт етіп жүріп жатырмын. – Бүгін озыңызбен сұхбаттасып отырғаныма аса қуаныштымын, исі қазақтың маңғаз ұлы болған мағаз атаның өмірі мен жасампаздығы жайлы сыр-сұхбатта болсам, асқар тұлғаның ел естімеген өнегелі өмір кешірмелері, болса жазып, қалың қауымның назарына ұсынсам […]
Мағаз Разданұлы Кебенек кигеннің тойы (Әңгіме) – Жасымды сұрамайсыздар ма?, – деп тамсанып алған Байдар, – былтыр «жүзден асып кеткенсің» деген әлгі Мекебек, биыл қайткенмен он беске шыққан шығармын, – деді именбестен. Сонан соң бірнеше рет жыпылықтап алды да: нақ жасымды өздеріңіз білмесеңіздер, мен қайдан білемін, Андағы кітаптарыңызда жазулы шығар, […]
Мағаз Разданұлы 1924-ші жылы ҚХР, СУАР, Алтай аймағының, Буыршын ауданындағы Дулайты ауылында дүниеге келген. 1940-1944-ші жылдары өз жері “Жеңісті” мектебінде оқытушы болған, 1947-1957-ші жылға дейін Қытай жазушылар қоғамы Шін Жаң бөлімшесінде істеген. Арада 20 жылдай Қытайдың солақай саясатының кесірінен соққыға ұшырайды. 1979-1981-ші жылдары Буыршын аудандық мәдениет мекемесінде жалғасты қызмет атқарады. […]
Мағаз Разданұлы 1924 жылы қазіргі Қытайдың Алтай аймағы Буыршын ауданында дүниеге келген. М.Разданұлы қытайдағы қазақ әдебиетінің өсуіне, өркендеуіне ұлан-қайыр үлес қосқан қабырқалы қаламгер, ақын, жазушы. “Алтайдың ақиықтары”, “Кебенек кигеннің тойы” сыныды туындылары халық арасына кеңінен таралған.
Соңғы пікірлер