Ер Жəнібек Бердəулетұлының өмірдерегін негіз еткен Шынжаңдағы алғашқы кітап – Шəміс Құмарұлы жазған «Ер Жəнібек» романы болса, Сұлтан Тəукейұлының «Ақыр Жəнібек» тарихи рома- ны Моңғолиядағы алғашқы еңбек еді. Ал батырдың тұлпарының тұяғының дүбірі қалған, ерлік іздеріне толы, бүгін де сүйегі жатқан қазақ топырағында бұл тақырып жайын- да арнайы кітап жарық көрмеген болатын. Осы бостықты толтырған «Ер Жəнібек» атты деректі зерт- теулер кітабы Жəди Шəкенұлының құрастыруымен, «Ер Жəнібек халықаралық қоғамдық қоры» жағынан 2008 жылы сəуірде Алматы қаласында жарық көрді. Кітаптың жарық көруіне ұлтжанды кəсіпкер азамат Болат Шəріпұлы демеушілік жасады. Осы жылдың 16 мамырында ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында аталған кітаптың салтанатты тұсау кесері өтті. Аталған шарада Мəмбет Қойкелді, Тұрсынбек Кəкішев, Нəбижан Мұхаметханұлы секілді ғалымдар құнды пікірлер білдіріп, Ер Жəнібектің бір рудың батыры емес, тұтас қазаққа ортақ тұлға екенін ел есіне салды. Серік Қапшықбай, Мақсұт Темірбаев, Зұфар Сейітжан, Мұртаза Бұлұтай, Мұхаметхан Омаров, Бейсенбек Құттыбек, Кеңесжан Шалқар, Ахмет Тоқтабай, Ердəулет Берлібаев, Сейілбек Сəкен, Уақит Қамитұлы, Ермұрат Зейіпхан, Бақытбек Бəмішұлы, Қайрат Құлмұхаметұлы, Арыстан Тосын, Жеңіс Түркия, Досымбек Қатыран, Ердəулет Тұрлыбаев, Тілеухан Мəжен, Мұқаш Таңғыт, Əлима Ысқақ, Сайламхан Мұстақи сынды көптеген қаламгерлер қауым өкілдері мен зиялылар қатысты. Халықаралық музей күніне орайластырған бұл шараның соңы көңілді кешке ұласты. «Ер Жəнібек» кітабы Алматы қаласындағы кітапханалар мен зи- ялы қауым өкілдеріне тегін таратылды. Əрі қор президентінің сапар сəті мен қор қонақтары арқылы Түркия, Қытай, Моңғолия еліндегі ағайындардың қолына да тиді. Қазақ халқының ерлік шежіресі осылайша тағы бір кітаппен толықты.
Жәди Шәкенұлы, “Жәнібек батыр” кітабы